Химиялық кеш. Тақырыбы: А. М. Бутлеров – оқымысты ғалым



Дата04.07.2018
өлшемі60,5 Kb.
#46328
Химиялық кеш.
Тақырыбы: А.М.Бутлеров – оқымысты ғалым.
Мақсаты: Химиялық құрылыс теориясының авторы - А.М.Бутлеровтың өмірбаяны, шығармашылық еңбегі туралы білімдерін толықтырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Оқушыларды адамгершілікке, эстетика мен этикаға, шеберлікке, жинақылыққа, сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.


Көрнекілігі: А.М.Бутлеровтың портреті, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, шығармашылық жұмыстар, слаидтар.
Жүргізуші: Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде-бір кеме суда жүзе алмаған болар еді. Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті тұрмыс бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінекей, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары» деп өте орынды айтылған.

Көруге химия кешін жиналғандар,

Бутлеровке құдайындай сиынғандар.

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпқа,

Тамашалау бақыты бұйырғандар.

Жаратылыстану пәні онкүндігі жоспары бойынша «А.М.Бутлеров оқымысты ғалым» атты химия кешін ашуға рұқсат етіңіздер! (слаид №1 А.М.Бутлеровтың суреті)




  1. бөлім.

Сахнада бір топ студенттер жиналып, бір нәрсені талдау үстінде (олардың міндеті – А.М.Бутлеровтың өмірі мен еңбегін қатысушыларға таныстыру). Залға Қожанасыр кіріп, не болып жатқанын және неліктен осыншама көп балалардың жиналғанын сұрайды. Студенттер орыс ғалымы туралы айта бастайды.


А.М.Бутлеровтың балалық шағы мен жастық шағы.

Фариза: А.М.Бутлеров Қазан губерниясының Чистополе қаласында бай-манап, 1812 жылғы Отан соғысыа қатысқан, отставкадағы офицердің жанұясында 1828 ж. 6-қыркүйекте дүниеге келеді. Оның дүниеге келгеніне бар болғаны 11 күн өткенде аяқ астынан анасы қайтыс болады.

Кішкене Сашаны әкесі мен әпкелері тәрбиелеп өсірді. Ол әкесімен бірге орманды аралағанды ұнататын, аң аулауды ерте жасынан бастады, түнде алау жаққанды, таңертеңгі құстардың әндерін ұнататын. 8 жасында оны Қазандағы пансионға береді, кейіннен бірінші Қазан гимназиясына ауыстырады. Сол жерде Бутлеровтың химияға қызығушылығы арта бастады, бір нәрсені қыздырып, айдап, өткір иісі бар ақшыл буды, бұрқылдаған түсті сұйықтықты көріп, рахаттанатын.(слаид №2 А.М.Бутлеровтың тұрған үйі)

Химия ғылымы құызықты әрі сиқырлы болатын. Ол өзін тек тірі табиғат – зоология, ботаника, энтомология ғана қызықтыра алатынын білді.

1844 жылы Бутлеров 16 жасқа толғанда, ол Қазан университетінің «Жаратылыстану ғылымы санатына» оқуға түсті, студент кезінің өзінде ол химиялық лабораторияда емес, қырғыз даласындағы энтомологиялық, ботаникалық экспедицияда өздігінен жұмыс істей бастады. Сол жерде ол іш сүзегі ауруымен ауырды7 Оны әкесінің бұйыруымен шала-жансар күйінде Симбирскіге әкелді. Әкесі ұлына келіп жүріп, өзі ауруды жұқтырып, қайтыс болады. Бұл Александр үшін ауыр соққы болды. Оның жан дүниесі күйзелді.


Әлі ұлы ғалым емес, бірақ ботаник және энтомолог та емес.
Сырым: 1849 жылы Бутлеров университеттегі курсты аяқтап химик болған жоқ, оның диссертациясы Волга мен Оралдағы көбелектер жайында болды. Оның химияға деген құмарлығы осы ғылымнан есі кеткен жас Лавуазьенің құмарта ұнатқанындай емес еді. Бутлеровтың бұл пәнге деген қызығушылығын оятқан Н.Н.Зинин болды. Бутлеров оны өмір бойы өзінің ұстазы ретінде санады. Зининнің қолдауымен ол химиямен тек университетте ғана айналысып қоймай, ол өзінің үйіндегі лабораторияда күрделі препараттарды, мысалы: кофеин, изотин т.б. дайындады. (слаид №3 лабораториясы ) Профессор химик Карл Клаус 22 жастағы Бутлеровты университеттің химия кафедрасында қалдыруды ұсынды. Ол жаратылыстану және математика бөліміндегі 1 курс студенттеріне бейорганикалық химиядан сабақ берді.
Эльмира: 1854 жылы Бутлеров Москва университетіндегі химия докторы дәрежесіне емтиханды ойдағыдай тапсырып, «Эфир майлары» туралы диссертациясын қорғады да Қазан университетінің профессоры болып тағайындалды. Докторлық диссертациясын қорғап болған соң ол өзінің ұстазы Н.н.Зининге жолығу үшін Москвадан Петербургке келді. Бұл кездесу ол үшін маңызды қадам болды. (слаид №4 А.М.Бутлеровтың суреті)

Қазанға қайтып оралған Бутлеров өзінің ғылыми көзқарасын кеңейте түсті.1857 жылы ол ең жақсы Европа лабораториясында болып, белгілі ғалымдардың лекцияларын тыңдады, химия ғылымының Батыс Европадағы көрнекті ғалымдарымен кездесті. Францияда әйгілі химик А.Вюрц лабораториясында жұмыс істеді, Германияда жас А.Кекулемен танысты.



А.М.Бутлеров-тәжірибешіл теоретик.
Арай: Қазанға қайтып келген ғалым аз уақыт ішінде лабораториясын құрып, зерттеу жұмыстарын бастады. 1861 жылы ол алғаш рет синтездеу арқылы қант тәріздес зат алды, оны «метиленитана» деп атады. 1861 жылы қыркүйек айында Германияда Шпейер қаласында өткен неміс дәрігерлері мен натуралистерінің сьезінде Бутлеров «Заттың химиялық құрылысы туралы» деген өзінің әйгілі баяндамасын жасады. Шетелден қайтып келген Бутлеров жаңа ғылым салаларын дамытқан бірнеше мақалалар жазды. Осылайша органикалық химия, биохимия, химиялық физиканың негізін қалаған органикалық заттың құрылысы туралы теориясы құрылды. Ол «біртегіс» химияны «көлемді химияға» айналдырды, кеше ғана түсіндіре алмаған нәрсені түсіндіруге болатынын көрсететін бірнеше химиялық өлшемдер жасады. Изомерлер туралы бұрыннан белгілі болатын. 1830 жылы швед химигі Берцелиус бұл құбылысты «изомер» деп атауды ұсынды. (слаид №5 А.М.Бутлеров жолдастарымен)

Жаңа химиялық құрылыс теориясы изомерияны ғылыми тұрғыдан түсіндірді. А.М.Бутлеров қаныққан көмірсутектер қатарының изомерленуін алғаш рет тәжірибе жүзінде дәлелдеді.


Камила: 1868 жылы май айында А.М.Бутлеров Петербург университетінің химия кафедрасына профессор ретінде алынуын Д.И.Менделеев ұсынды. Ұсынысының бір үзіндісі мынандай еді: «А.М.Бутлеров ұлы орыс ғалымдарының бірі. Әйгілі академик Н.Н.Зининнің оқушысы. (слаид №6 Н.Н.Зининнің суреті) Ол шет өлкеде емес, химия мектебінің дамуын жалғастыратын Қазанда химик болып қалды. Химияда «Бутлеров мектебі», «Бутлеров бағыты» жүзеге асады.

1869 жылдың басында Бутлеров Петербургке келді. Орыстың физико- химиялық қоғамында жұмыс істеді, ал 1872-1882 ж. оның президенті болды. Әсемгүл: Бос уақытында А.М.Бутлеров ауыл шаруашылығын, бақша шаруашылығын, ара шаруашылығына баруды ұнататын. Ол ара шаруашылығының күшті білгірі болды. Егер «Ара шаруашылығының тарихы» туралы кітап жазылса, онда Бутлеров туралы көп жазылған болар еді. Бутлеровтың еңбегі кез-келген ұлы ғалымдардікі тәрізді бүкіл әлемге тиесілі болды. Бутлеров орыс химиктерінің мектебінің бастамасын жасаған, Д.И.Менделеев анықтаған «бутлеров мектебі» - ұрпақтан-ұрпаққа жинақталған таланттардан тұрған ерекше тізбектелген реакцияға соққы берген, Н.Н.Зининнен эстафетаны қабылдаған бірінші адам еді.(3 слаид №7 ескерткіштері)


2-бөлім
Жүргізуші: Әділқазылар алқасына оқушылардың дайындаған шығармашылық жұмыстарын тапсырып, әділ бағаларын сұрайық.

Алдын-ала жюри оқушылардың жасаған шығармашылық жұмыстарымен танысады. Бұл - А.М.Бутлеров туралы альбомдар, оның өмірбаяны, еңбектері туралы рефераттар, тест нұсқалары, сөзтізбектері, қабырға газеттері.



3-бөлім
Мерекелік кеш викториналық сұрақтармен аяқталады. Оған қатысушылар 2 қатарға бөлініп тұрады. Викторинаға 5 адамнан 2 команда қатысады: «Изомерлер» тобы және «Гомологтар» тобы.
Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Біреуінің қатты істейтін миы бар.


Құрметті қонақтар мен оқушылар! Алдарыңызда 2 топ тұр: олар: «Гомологтар» және «Изомерлер» тобы. Әрбір топ осы сайыста өз білімдерін көрсетеді. Әуелі әр топ өздерін таныстырып өтсін.(2 топ өздерін таныстырады).
Жүргізуші: Топ басшылары ортаға келіп, зырылдауықты айналдыра отырып, өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

Сайысқа түсуші 2 топқа сабырлылық пен жеңіс тілейміз!


Топ басшылары кезектесіп, ойын үстеліндегі зырылдауықты айналдырады. Жүргізуші сұрақтар жазылған конвертті топ басшысына береді.
Викториналық сұрақтар:
1. Қандай элементтер ғалымдардың құрметіне қойылған (Кюри (Мария-Складовская-Кюри), Эйнштейний (Альберт Эйнштейн), Менделеевий (Д.И.Менделеев), Фермий (Энрико Фермий), Курчатовий (И.Курчатов).

2. Қандай химиялық элемент грекше «тас» деп аталады? (литий-литос грекше «тас» деген сөз).

3. Қандай элементтің аты қазақ тіліне аударғанда «сасық» деп аталады?(бром-бромос «сасық» деген сөз)

4. Планетаның атымен қандай элементтер аталады? (Нептуний, Плутоний, Уран)

5. Қай химиялық элементті миллионер деп атайды? (көміртегі)
6. 19 ғасырдың ортасында көшелерді жарықтандыру үшін қандай газ пайдаланылған? (ацетилен)

7. Ең алғаш белгілі болған элемент? (алтын)

8. Шаттандырғыш газ деп қандай газды атайды? (азоттың (I) оксиді)
Жүргізуші: қосымша толықтырусыз толық жауапқа 3 балл, толықтырылған жауапқа 2 балл, толықтыруға 1 балл қойылады.
(Берілген сұрақтарға топ мүшелері жауап бере бастайды).
Жүргізуші: келесі сайыс топ басшыларының арасында өтпек, ортаға топ басшыларын шақырайық!
Топ басшыларына берілетін сұрақ:
1. Биология. Ертедегі қазақтардың тамағы нан мен ет қана болған. Сонда да авитаминоз ауруына шалдықпаған. Мұның себебі не? (су, ауа, топырақ таза болған).
2. Химия. Қандай «ұн» астықтың өнімін арттырады, бірақ одан нан пісіруге болмайды? (фосфор ұны).
Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! «А.М.Бутлеров-ұлы ғалым» атты химиялық кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер! Кешімізді көріп, тамашалағандарыңыз үшін үлкен рахметімізді айтамыз.

Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ

Экономикалық колледж

Жаратылыстану ғылымдары онкүндігінде өткізілген химиялық кеш

«А.М.Бутлеров-ұлы ғалым»


Оқытушылар: Тлеуова Ғ.М.

Тәлен А.И.

Алматы, 2010
1

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет