Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жезқазған гуманитарлық колледжі
«Adobe PhotoShop графикалық редакторы».
Информатика пәнінің оқытушысы: М.Ж.Айтуарова
Жезқазған қаласы
Сабақтың тақырыбы: Adobe PhotoShop графикалық редакторы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Ақпаратты технологияны пайдалану арқылы компьютерлік графика ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін толық меңгеру, яғни векторлық пен растрлық графиканың айырмашылығын, Adobe PhotoShop бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін анықтау, іс жүзінде практикалық біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру.
ә) дамытушылық: Adobe PhotoShop бағдарламасында жұмыс орындауда шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби бағытқа даярлау. Шығармашылық жұмыстар орындауда фантазиялық ой-қабілеттерін арттыру. Топпен жұмыс арқылы олардың бойындағы ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Тәжрибе барысында компьютерде безендірулерді жасау арқылы эстетикалық тәрбиеге үйрету. Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Білімді бағалау және тексеру.
Сабақтың пәнаралық байланысы : сурет, дизайн, орыс тілі.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : Интеративті тақта, слайд шоу, ДК, деңгейлік тапсырмаларға арналған үлестірмелер.
Жабдықталған бағдарлама: Adobe PhotoShop бағдарламасы, Edupen Pro бағдарламасы, Аctive Inspaer бағдарламасы.
Сабақтың өту барысы: Кіріспе сөз.
1.Үй жұмысын қайталау. Растрлық, векторлық графикаға,
оқушылар яғни өз топтарына анықтама береді.
2. «Балалар бөлмесі» Adobe PhotoShop құрал-саймандарын заттардың арттарына
жасырып қойыпты.
3. «Асхана бөлмесі» Жасырынған құрал-саймандарды табу.
4. «Қонақ бөлмесі» Техникалық –диктант.
5. «Тапқыр достар» Шығармашылық жұмыстары.
6. «Кім жүйрік?» Тест жұмысын орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |