3. Ислам философиясы және фәлсафа
Араб философиясы — орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер (“ерекшеленушілер”) қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина — оқулықтарда “араб философтары” болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда “араб философиясы” деуден гөрі “араб тіліндегі философия” деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. “Таза ағайындар” ілімі — оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім — Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі — әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда “фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі — ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи маңызы — Ф.Бэконнон (1561 — 1626) Спинозаға (1632 — 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (қ. Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.А. ф-ның тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты 10-11 ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадон, Отырар сияқты қ-ларда ғылым, білім өріс алды. А.ф-ның 3-орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай А.ф-сы тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 — 1406) есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Ясауи ілімі бүкіл түркӘдеб.: Избр. произв. мыслителей стран Ближнего и Среднего Востока 9-14 вв. М., 1961; Григорян С.Н., Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока, М., 1966; Соколов В.В., Средневековая философия, М., 1979; Койре А., Очерки истории философской мысли, М., 1985.і халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті. Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “араб-мұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді:
Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар);
кейінгі (15 – 19 ғасырлар)
қазіргі заман (19 ғасыр – 20 ғасырлардың 2-жартысы).
Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және т.б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т.б. қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Олардың кейбірі (мысалы, исмаилшылдық пен сопылық) өз ықпалын күні бүгінге дейін жойған жоқ. Енді біреулері (мысалы, кәлам) ислам әлемінің әр түкпірінде қазір де өзінің гүлдену дәуіріндегіден аз ықпал етпейді, үшіншілері белгілі бір даму сатыларынан өте келе, қазіргі заманның діни-идеол. жүйелерінің құрамына енді, я болмаса сопылық идеялармен ұштаса отырып, қазіргі заманғы көрнекті ислам ғалымдарының ой-пікірлерінен орын алып келеді. Ислам философиясы. дін (ислам), құқық (фикї) және теориялық ғылымдармен тығыз байланыста қалыптасып, дамыды. Олардың құрамына жаратылыстану, медицина, математика, филология (грамматикадан бастап риторика мен поэтикаға дейін қамтитын тіл туралы ғыл. білімдер жинағы), практикалық ғылымдар (этика, саясат) енеді. Ислам философиясының айрықша ерекшелігі – оның пікірталастық сипаты. Әуел бастан сұхбаттық филос. дискурсқа баруына, оның жалпыға бірдей міндетті қағидадан азаттығы түрткі болды. Идеол. және таза ұйымдық шектеулердің жоқтығы көптеген бағыттардың пайда болуына мүмкіндік туғызды және діни-филос. ой-пікірдің еркін дамуына жол ашты. Христиандық діни ой-пікірден айырмашылығы, бұл бағыттарды сектанттық-еретиктік деп атауға болмайды. Ислам философиясы-ндағы елеулі айырмашылықтар (хариджиттер, сунниттер, шииттер) билік мәселесін шешумен байланысты. Ислам мемлекеттері мен олардың идеологиясының дамуы ислам қоғамында метафизика мәселелеріне қызығушылық туғызды. Ол Ислам философиясының дамуына жаңа дем берді. Мәселен, сенім мәселесін шешудегі пікір алшақтығымен – Ислам философиясының хариджиттер, мурджиттер, мутазилиттер және т.б. ағымдар; Алланың мәні мен сипаттары мәселесін шешудегі алшақтықтармен – сифатиттер, джахмиттер, хашвиттер, сопылар және т.б.; қоғамды құқықтық реттеу мәселелеріндегі алшақтықтармен ханафиттер, ханбалиттер, шафииттер, маликиттер көзге түседі. Идеялық алшақтықтар салдары 8 ғасырлардың өзінде-ақ кем дегенде бес ағымның пайда болуына әкеп соқтырды (сунниттер, шииттер, хариджийалар, мутазилалар, муржиалар). Олардың барлығы өз сенімінің дұрыстығын дәлелдей отырып, бірін-бірі “бұрмалаушылар” немесе “адасушылар” деп айыптап, бір-бірінің көзқарасына күмән келтірді. Сондықтан “дұрыс сенім” мен “адасу” мәселесі Ислам философиясында басты орын алды. Бұл 10 – 11 ғасырлар тоғысында “дұрыс сенім” ретінде “сенімнің кадириттік белгісінің” жариялануына әкеліп соғып, одан ауытқу сенімсіздік ретінде қарастырылды. Алайда, бұл шара “бастапқы исламға” оралып, бірлікті нығайту талабын қайта жаңғыртқанымен, діндарлар таласындағы алауыздыққа шек қоя алмады. Ислам өркениетінің тарихында 19 ғасырлардың басы – 20 ғасырлардың ортасы – нарық қатынастарының дамуына, ұлттық буржуазияның қалыптасуына, ұлт-азаттық қозғалыстарға байланысты күрделі де қайшылыққа толы “реформалар” кезеңі. Ғасырлар бойғы оқшаулықтан арылу мен техногенді өркениет жетістіктеріне, дүниежүз. мәдениетке қосылу процесі Ислам философиясы-нда дәстүрлі қағидаларды жаңаша ой елегінен өткізу қажеттігін тудырды. Дәстүрлі филос. ой-пікірдің іргесі шайқалып, зайырлы білімге, ғылым мен техникаға қызығушылық оянды. Бұл процесс Батыс идеяларының ықпалымен жүргізілді, сондықтан “Шығыс – Батыс” мәселесі бүкіл философияның мәселесі ішіндегі ең өзектісі болып саналды. Егер 19 ғасырлардың басында Ислам философиясында дін мәселесі басты үстемдікке ие болса, 19 ғасырлардың 2-жартысынан бастап конституционализм, парламентаризм, бостандық, ұлт, т.б. мәселелер қозғалды. 20 ғасыр қарсаңында Ислам философиясы., әсіресе, Египет пен Сирияда, еур. филос. ой мен мәдениетке қызығушылықтың оянуынан, Батысты мадақтаудан отаршылдыққа қарсы күрес пен еур. өркениетті сынауға қарай ойысты. Әлеум.-саяси мәселелерді шешудегі ағартушылық көзқарас жаңа заманғы Ислам философиясының айрықша белгісіне айналды. Басты назар қоғамға пайдалы тұлға ретінде адам мәселесіне, адамгершілік мәселелеріне аударылды. Алайда, бұл Ислам философиясы. дәстүрлі құндылықтарды мүлдем ұмытты деген сөз емес. Ол Батыстың филос. идеяларын ислам өркениеті негіздері тұрғысынан, дәстүрлі ислам дүниетанымы тұрғысында қарастырды. Әлеум.-саяси және мәдени жағдайлардың өзгеруі барысында ынтымақтастық мәселесі жаңаша қарастырылды. 20 ғасырлардың 2-жартысы Ислам философиясының алдына мүлдем жаңа – демократия, филос.-теологиялық және әлеум. ойды нарықтық өзгерістер мен индивидуализм тұрғысынан дамыту мәселелерін қойды. Олар ең алдымен, әлеум.-саяси дамудың социализмнен де, капитализмнен де өзгеше “үшінші жолын” іздестірумен сипатталды. Соның негізінде “ислам мемлекеті”, “ислам экономикасы” және т.б. тұжырымдамалар жасалынды. Партикулярлық ұлтшылдық пен панарабшылдық түріндегі ұлтшылдық әлеум.-филос. ойдың үстем формасына айналды. Батысқа қатысты екіжақты ұстаным қалыптасты: прогрессивті даму мақсатында Батыстың оңды жетістіктерін пайдалануға ұмтылыс арта отырып, сонымен бірге батыстық өмір салтына сенімсіздік көрсету, оны қабылдамау күшейе түсті. Саяси және әлеум. тұрғыдан алғанда, ислам дербестіктің, филос.-этик. тұрғыдан – рухани және адамгершілік құндылықтардың символы болып қала берді. Батыстық рационализм мен прагматизмді сынай отырып, Ислам философиясының өкілдері батыстың филос. ой-пікірлеріне де жол беріп, әдістерін қолданды. 20 ғасырлардағы Ислам философиясының дамуы ұлттық егемендікке жету, ислам әлемі елдерінің экон. және саяси тәуелсіздігін нығайту үрдісін қалыптастырумен сипатталады. Бұл ислам өркениеті мен Ислам философиясының қарқынды дамуын білдіреді.
Дәстүрлі Ислам философиясы-нда Әбу Наср әл-Фараби идеяларының рөлі мен маңызы ерекше. Еуропаға табынушылық бағыттағы көзқарастар, әдетте, орта ғасырлардағы ислам философтарының, соның ішінде әл-Фарабидің де еңбегі мен жетістігі, көбінесе, тек қана гректер мұрасын жеткізуінде деп қате тұжырым жасайды. Анығында, оның еңбегінің мәнін пайғамбардан кейінгі кезеңнен бастап өз дәуіріне дейінгі тарихи тұрғыдан жаңа, рухани шындықты ұғынуынан, адам өмірінің шынайы ақиқатын түсінуге ұмтылуынан іздеген жөн. Мұны философия тілінде жүзеге асыруға мүмкіндік берген әдіс – Платонның, Аристотельдің және олардың ізбасарларының ізденістеріндегі ойлар мен дәлелдер жүйесін түсіндіру еді. Қазақстанда Ислам философиясының қалыптасуы мен дамуына түркі сопылығының ұлы өкілі Қожа Ахмет Ясауидің рухани қызметі үлкен әсер етті. Ислам философиясының айрықша “мәртебесі” мен дүниетанымының ерекшелігін айқындаған филос. және қоғамдық ойдың дамуына Ясауидің қосқан үлесі сопылық – исламдық Алла тұжырымдамасын қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымына енгізу болып табылады. Исламның дүниетанымдық, әсіресе, имандылық пен адамгершілік аясындағы сипаттары қазақ ойшылдарының филос. ізденістерінен де көрініс тапты. Мысалы, Абай философиясының дүниетанымдық мәселелерін Ислам философиясы. арқылы қарастыруға болады.Абайдың“Отыз сегізінші қара сөзінде” Жаратушы мен ол жаратқан дүниенің тұтастығы принципін сатылап көрсететін оның діни-филос. тұжырымдамасының түйіні тарқатылады. Абай тұжырымдамасындағы Жаратушыға көзқарас пен оған қызмет етудің екі қырын, бағытын нақты және анық бөліп қарау қажет: біріншісі – сана күшіне сүйене отырып, сенімнің не үшін қажеттігін анық түсініп, оның принциптерін ұстанып, исламды қабылдау, екіншісі – исламды соқыр сенімге сүйеніп қабылдау. Абай әрбір адам үшін ең бастысы сенімнің күштілігіне сену және сенімді ұғынуға ұмтылу деп біледі. Қазақ ойшылының айтуынша, адамға Алла берген сана оны Құдаймен жақындатады. Ислам философиясы. идеяларын Шәкәрім Құдайбердіұлы өз шығарм-нда жалғастырып, одан әрі дамытты. Шәкерім үшін ақиқатты іздеу – дүниетанымдық позиция үлгісін таңдап алумен тең. Шәкәрім жақсы меңгерген және өзінің “Үш анығында” көрсетіп берген филос. зерттеу методологиясы Ислам философиясын зерттеушілердің назарын аудартады. Философиядағы материалистік бағыт позициясын талдап, сынай отырып, Шәкәрім Ислам философиясының негізгі ережелерін қорғап, жария етті:дүниедегі нәрсенің себепті негіздері – танымның өлшеусіздігінде, Жаратушының құдіреттілігі мен шеберлігінде;жан мәңгі және бастапқы кезден-ақ өмір сүреді және айналымның әрбір кезекті процесінде ол жаңа сапалы биіктікке көтеріледі; жанның ажырамас қасиеті – ар-ождан. Осының бәрін жинақтағанда, бұл үш ережені қадағалау – адамның жоғары дәрежеге көтерілуінің шынайы ақиқат жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |