«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ



бет20/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

7-Дәріс
«Материя» ұғымы
Дәріс жоспары:
1.«Материя» ұғымы.Материалдық әлем болмысы. Қозғалыс, кеңістік, уақыт.
2.Философияның негізгі ұғымдары: дүние, заман, мән, құбылыс, мазмұн, форма, жалпы, жеке, бүтін, бөлік, сан, сапа, өлшем, терістеу, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мүмкіндік, шындық
3.Болмыс және Абсолют. Құдай-әлем қатынасы мәселесі. Абай дүниетанымындағы Құдай және адам мәселесі.
4. «Идея» ұғымы. Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі






5.Идея және рухани құндылықтар болмысы. Виртуалды шындықты философиялық зерделеу пәні ретінде талдау.

1. Материя ұғымы, материя өмір сүруінің атрибуттары


Материя ұғымы (лат. materia – зат) категориясы философияға объективтік реалдылықты, шындықты белгілеуге енгізілген.«Материя» категориясы – бұл абстракция. Жалпы адам, жалпы өсімдік, жалпы құс, жалпы оқу мекемесі және осы сияқты жоқ болғандай, жалпы материя деген де жоқ. Сонымен бірге материяны оның белгілі бір нақты түріне – заттардың бөлшектеріне, сезіммен қабылданатын денелерге т.б. теңемейді. Материя дегеніміз – кеңістік пен уақытта өмір сүріп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттері бар алуан түрлі объектілер мен жүйелердің (системалардың) сансыз көп жиынтығы. Біздің сезім мүшелеріміз барлық реалды материя формаларының ең болмашы бөлігін ғана қабылдай алады.Қазіргі кезде ғылымдардың жаңа жетістіктеріне байланысты материяның атрибутивтік түсінігі дамуда. Оның мағынасы барлық материалдық объектілерге (Күн жүйесі, жер қыртысы, әлеуметтік институттар және т.с.с.) тән «жалпылық» немесе «атрибутты» белгілеу. Материяның атрибуттық қасиеттері (белгілері).1)Қозғалыс-жалпы кез келген өзгеріс,қозғалыс абсолютті,тыныштық салыстырмалы (тыныштық моменті).2) Өзіндік ұйымдасу (самоорганизация)- материяның сыртқы күштердің қатысуынсыз өзін өзі жасауы,жетілдіруі,қайтадан өндіруі(синергетика).3) Кеңістік пен уақытта орналасуы-бар объектілердің орналасу тәртібі,олардың созымдылығы, бірін-бірі ауыстыратын құбылыстардың тізбектілігі және ұзақтығы. 4) Бейнелеуге қабілеттілік-Нәрселердің өз құрылымында («денесінде») басқа нәрселердің әсерін, ізін қалдыру, белгілеу(сыртқы әсерге жауабы). Бұл обьективті реалдықты білдіретін адам санасынан тәуелсіз тірішілік ететін материя- түйсіктер арқылы сезілетін обьективтілік. Материяда болмыс категориясы нақтыланады. Материя мәңгі шексіз жоғалмайды, күнделікті қозғалыста болады. Ол өзіне өзі себептеген материяның атрибуттарын білдіреді. Материяның атрибуттары материяның обьективтілігіне тән қасиет. Материяның негізіг формасы уақыт, қозғалыс. Бұл материя тіршілігі жалпы және обьективті формасы. Ол бір мезетте тіршілік ететін орын тәртібін білдіреді. Уақыт узактыгы бір олшемдігі қайта айналмауды және жалғастықты материя тіршілік обьективті түрі. Қозғалыс материяның тіршілік ету тәсілі демек ол материя сияқты мәңгі жоғалмайтын бір формада басқа формаға өту үшін жалпы және абсолютті.
МАТЕРИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІ .Материяның құрылымдық даму деңгейі
Табиғат Қоғам Неорганикалық табиғат: элементарлы бөлшектер, галактика
Органикалық табиғат ДНК, РНК, белок, атомдар, молекулалар, клетка, организм Адам, жанұя, әлеуметтік топ, этнос, халық
МАТЕРИЯНЫҢ ФОРМАЛАРЫ .Материя формалары ТүрлеріКеңістік Физикалық үш өлшемді кеңістік Трансфизикалық көп өлшемді кеңістік Уақыт Физикалық бір өлшемді уақыт Трансфизикалық көп өлшемді уақыт Заттар (вещество) Кварктер, протондар, нейтрондар, атомдар, молекулалар және т.б. Физикалық өріс Гравитациялық өріс Электромагниттік өріс Әлсіз ядролық өрі Күшті ядролық өріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет