«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ


Ғарыштық (құдаи) көзқарас



бет17/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

Ғарыштық (құдаи) көзқарас бойынша сананы Құдай жаратқан, ғарыштан Жерге келген, біртұтас, бірегей «әлемдік сана» әрбір жеке адамға, тірі организмдерге дарыған, тараған. Осы көзқарасқа жақын өзге де теориялар кездеседі:
· монада теориясы – монадология – Лейбництің пікірінше дүниеде бөлінбейтін, мәңгілік, алғашқы рухани бөлшек – монадалар болады, оларда Әлем энергиясы сақталған және монадалар сана мен материяны туындатады;

  • П.Шарден теориясы бойынша сана – адамнан жоғары тұрған мәнділік, материяның «ішкі жағы», «миы»;

  • Рейзердің психосфералық теориясы бойынша Галактика – орасан зор парасат, ақыл, ол адам миымен түйісіп оны парасатпен «зарядтайды»;

  • гилозоизм теориясы бойынша барлық материя (тірі, өлі, алуан түрі) жанданған, жаны бар.

«Биологиялық» көзқараста сана – тірі табиғаттың жемісі және барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Инстинктер тек туа біте ғана пайда болмайды, сонымен бірге жүре біте пайда болады. Жануарларға өзіндік «мораль», тіршілік тәртібі, сапа және т.б. тән.
"Адами" көзқарас тұрғысынан алғанда сана - тек адам миының жемісі және адамға ғана тән құбылыс, ал жануарлар санаға емес, тек инстинктке ие. Бірақ қазіргі заман ғылыми зерттеулер жануарларда да сана элементтерінің болуын жоққа шығармайды.
Бұрынғы кеңестік, қазіргі ресейлік философияда сана мәселесін материалистік тұрғыдатүсіндіру бейнелеу теориясына сүйенеді. Бұл теорияның мәні: "Сана- объективтік шындықты бейнелейтін жоғары ұйымдасқан материя - адам миының функциясы, қасиеті. Ол - объективтік дүниені психикалық бейнелеудің ең жоғарғы формасы".
Бұл көзқарастың негізіне Ф. Энгельстің "Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің рөлі" деген шағын шығармасы арқау болды. Еңбек - адамның мақсатталған қызметі, адамды адам еткен еңбек. Ф. Энгельстің пікірінше сана генезисі, адам эволюциясы шамамен мына кезеңдерден өткен:
· онтогенездің филогенезді қайталауы. Тік жүру, аяққа тұру;
· отты пайдалану, тамақты сіңіру процесі;
· ет тағамы, витаминдер, фосфордың маңызы;
· хайуанаттарды қолға үйрету - дайын ет, сүт, жүн, киім -кешек;
· өсімдіктерді культивациялау;
· көру қабілетін (183°) жетілдіру, зейіннің шоғырлануы;
· қолдың рөлі, еңбек құралын жасау; Адам мыңдаған операция жасайды;
· еңбек процесі - миды дамытады, сөз бен тілді, сананы жетілдіреді.
4.Психоанализдің негізін салушы австрия психиатры З.Фрейд.Қазіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін, кең тараған теориялардың бірі – фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы-З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктілген бір қатар теориялар пайда болған. Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриердегі (Париж) атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында және Нансидегі Бернгеймнің клиникасында жұмыс жасай жүріп невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен ғасырдың 90-жûëäûң басында Й.Брейермен біріге гипноздық катарсис тәсілін пайдаланды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап түстерді жору интерпретациясын, еркін туыдайтын ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды зерттеуге көшкен. Осындай материалды талқылауды Фрейд психоанализ тәсілі деп атап, оны психотерапияның жаңа техникасына баламалаған.
Психоанализ тәсілін пайдаланғанда науқаспен ұзақ уақыт әңгемелесе отырып, оның ақыл-есіне ауырудың шынайы себебі туралы жеткізіледі, науқас бұрын ескермеген нәрселерді түсіне бастайды. Фрейдтің айтуынша катарсис болады. Кейін мұндай концепция дені сау адамның психикасына да таралған.
Мінез-құлық мәселесін қарастыра отырып Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын 2 қажеттілікті көрсетеді: либидо және агрессия. Қоршаған орта осы қажеттіліктерді қанағаттандыруға қарсылығын білдіріп, бөлектегеніне қарамастан ол екеуі сананың “цензурасынан” өтіп, символдар түрінде көрініс береді. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады: ид (“Ол”), эго (“Мен”) және супер-эго (“Жоғарғы-мен”). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған инстинкттердің алаңы болып табылады. Эго, біржағынан, бейсаналы инстинкттерге жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эго дегеніміз қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол “цензор” ролін атқарады. Сонымен, ид пен супер-эго талаптары үйлеспейтіндіктен эго үнемі конфликтіде, ол қорғаныс механизміне (ығыстыру, сублимация) жүгінуіне тура келеді. Ығыстыру санасыз түрде жасалады. Бейсаналық саласына “көшетін” мотивтер, күйзелулер “цензор” үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып, әсер ете береді.
Фрейдтің ойынша түрлі іс-әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің (сублимация, проекция, көшіру, ығыстыру, регрессия, т.б.) бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер либидо өзінің бір көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффекттіні тудыруы тиіс. Супер-эго осындай эффектілерді әлеуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды ете алмаса, онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт өршіп, жүйенің қалыпты қызметі бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары арқылы өзін байқатады.
Психологияның әртүрлі мектептерінде тұлға табиғаты әртүрлі түсініледі, оның себебі, оны психологияның пәні ретінде анықтаумен, психологиялық зерттеулерге деген қатынаспен, зерттеулерде қалыптасқан принциптермен байланысты болды. Сондықтанда фрейдизм аясында негізгі ұғым инстанциялар мен, өзбеттілі өмір сүретіндердің арасындағы конфликт ретінде қаралғандықтан, тұлға үнемі конфликт жағдайында қаралды.
Осы бағытқа негіздемені австриялық дәрігер, психиатр, психолог, философ, бейсаналық теориясын жасаушы З.Фрейд (1856-1939) берді.Психика оның пікірінше санадан тұрады, ол адамға оның басынан өткізгендері ретінде беріледі, сана алды күйі жеңіл ұғынылатын бірақ дәл сол уақытта анық ұғынылмайтын, бейсаналық басынан кешкендер болады деп түсінілді.
Психиканы динамикада қарастыра отырып, З.Фрейд сана, сана алды және бейсаналылықтың арасында үнемі қозғалыстар, өзара әрекеттер, конфликтілер болады деді. Санадан ыңғайсыз, қабылданбайтын тілектер, қабылданбайтын еске түсірулер ығыстырылады. Сана қоршағандар негативтің бағалаған ұмтылуларды басып тастайды, олар бейсаналыққа өтеді, санада көріну жағдайы туғанға дейін сонда өмір сүреді.
Сөйтіп бейсаналық ығыстырылған, сана үшін жарамайтын мазмұндарды (тілектер, ойлар т.б.), алғашқы инстинктерді «орналастырушы» ретінде түсінілді. Сана мен бейсаналықтың арақатынасы айсбергтің судың асты мен үстінің арақатынасы ретінде қаралды. Су асты бөлігі үлкен және көрінбейді.
Фрейдизм «адамның жаңа бейнесін», жаңа дүниетанымды жасауға тырысты.
Психиатрлар мен невропатологтардың көптеген бақылаулары адам ─ XIX ғасырдағы психология бейнелегендей, интеллектуалдандырылған тіршілік иесі емес екенін көрсетті. Олардың бақылаулары, адамның психикалық өмірі аффектілер мен эмоцияларға, қызығушылықтар мен құмарлықтарға, бір-біріне қарама-қайшы, кейде адамның қабылдауы мен ойлауын басқаша көрсететін, ұмтылыстар мен тілектерге толы екенін көрсетті. Адам көп жағдайда өз қылықтарының себептерін, мотивтерін білмейді және өзінің бойындағы кейбір ілімдерді, естеліктерді жоққа шығарады, бірақ оларды гипноз әсерінде көрсете алады. Осы бақылаулар психоаналитикалық фрейдистік теорияны жасаудың көзі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет