Реферат Тақырыбы: «Бейімдік дене шынықтырудың Қазақстандағы даму тенденциясы»



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі163,11 Kb.
#85453
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Бейімдік дене шынықтырудың Қазақстандағы даму тенденциясы




1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ


Реферат
Тақырыбы: «Бейімдік дене шынықтырудың Қазақстандағы даму тенденциясы»

Орындаған: Қият Н. М.
Тобы: 31 «Б»
Тексерген: Жеңісбек А. Ж.

Алматы, 2020
Жоспары

  1. Кіріспе бөлім

  2. Негізгі бөлім

    1. Бейімдік дене шынықтыру

    2. Бейімдік дене шынықтырудың Қазақстандағы даму тенденциясы

  3. Қорытынды




  1. Кіріспе бөлім

Ерекше балалардың мүм­кін­діктерін дамытуда абили­тацияның маңызы зор. Абили­тацияның бір түрі – бейімдік дене шынықтыру және спорт. Бұл бағытта Қазақ­станда «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бейімдік дене шынықтыру мен спорт әдістерін пайдалана отырып, мүгедектердің дене бітімін оңалту және әлеуметтік бейімдеу спорт клубтарында, мүгедектер мектептері мен секцияларында, дене шынықтыру-спорт ұйымдарында жүзеге асырылады. Мүгедектерге арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу процесі, даярлық кезеңдерінің мазмұны тиісті паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін спорт түрлері бойынша бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады. Мүгедектердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын ұйымдастыру, кадрлар даярлау, мүгедектердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын әдістемелік, медициналық қамтамасыз ету және дәрігерлік бақылау білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледі. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектер арасында спортты дамытуды, арнайы спорттық құрал-жабдық беруді қамтамасыз етеді және мүгедектердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына спорт құрылыстарының қолжетімді болуы үшін жағдай жасайды. Мүгедектігінің санатына қарай, санамаланған көрсетілетін қызметтер бюджет қаражаты есебінен және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын, сондай-ақ мүгедектерді республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет