«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» кеақ



бет15/44
Дата18.10.2022
өлшемі1,73 Mb.
#153560
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
Байланысты:
УМКД 2023 философия 2023

Экзистенциализм - ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән береді және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші орынға сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша уақытта сезіну орына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу, т. б. қойылады.
Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні. Адам «табиғи жаратылыстың дамуы» арқылы осы күнгі дәрежеге жетіп, күрделі феномен ретінде қалыптасты. Саналы адам (Home sapens) 50 мың жыл өмір сүріп келе жатқан болса, адамның жалпы тарихы шамамен 3-3,5 миллион жылдай болады.
Ақылды адамның пайда болу негізі неде? Адамның еңбегі арқылы пайда болған заттар (жасанды табиғаттың) мен тілдің пайда болуында. Еңбек, сана, ойлау және тіл - бір-бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Бұл жерде антропогенез (адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлігі), антропосоциогенез (әлеуметтік себептерді анықтау) деректері көп жәйді анықтайды. Мәдениет жоқ жерде - жетілген қоғам жоқ, қоғамсыз - жетілген адам жоқ.
Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде?
1. Еңбекке икемделген өзгеше денесі мен келбетi бар.
2. Санасы, ойлау мүмкіндігі бар.
3. Өзінің негізгі діні, сенімі бар.
4. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты қолдап, дамытады.
5. Өндірістің пайда болуына, өзгеруіне байланысты өзін-өзі қамтып, өзгере білуінде.
Сондықтан еңбек өндірісі қоғамның, оның дамуының негізі болып есептеледі. Адамның негізгі айырмашылығы – құрал-сайман жасай алатындығы. Артефакт (алғашқы қару) - немесе алғашқы зат. Тастан жасалған садақтың ұшынан бастап, ғарыш корабліне дейін қару мен заттардың бәрі де адам ойы мен еңбегінің нәтиже
Ең алғашқы құрал: аң аулау, өзін қорғау үшін қолға ұстаған тас, таяқ және басқа заттар. Лақтыруға, соғуға ыңғайлы болу үшін адамдар оны өңдеп икемдеген. Ондай қару кімге қажет болған? Икемсіз әлсіз не жүгіре алмайтын адамдар, күш иелеріне қарсы тұру үшін қолға қару ұстауды жөн көрген. Ф. Ницшенің пікірінше, «адам деградацияға ұшыраған хайуаннан шыққан».
Кейін қаруды басқаларды өзіне бағындыру үшін, үйірін қорғау үшін құрал-саймандарды еңбек ету тәсіліне айналдырады. Еңбек құралы, қару табиғаттан дайын түрде берілмейді, оларды жасау, қолдануды жас ұрпаққа үйрету үшін сөз керек, тілді дамыту қажеттілігі туады. Ал сөз абстракциялық ойлаудың көзі.
Адам – белгілі-бір дәрежеде биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі. Биологиялық - тірі адам, тірі организм, және оның әлеуметтік қоғамдық мәні бар. «Адам мәні – Маркс айтқандай, оның сақалы мен бойында емес, оның әлеуметтік орны мен атқаратын ісінде».
Адамның биологиялық сипаты неде? Ертедегі дүниеде адам өмірінің ұзақтығы 20-22 жас болды. Бірте-бірте адам өмірінің жақсаруына байланысты ұзара бастады. Медицина ғылымының дамуы, денсаулықтың жақсаруына алып келді. Ғылыми-техникалық революцияның жемістерінің арқасында жылы үйлер, азық-түлікпен қамтамасыз етудің ұтымды тәсілдері, адамның білімі мен тәрбиесінің жас кезінен жолға қойылуына жеттік.
Адам дамуына кедергі болатын жағдайлар: ауа райы, экология, жердің улануы, көлдердің, жануар, өсімдік түрлерінің жоғалуы, т. б. Алғашқы кезде адамдар хайуандар секілді үңгірде тұрған. Ол кезде жыныстық қатынастар реттелмеген болатын. Оны эндогамия (endog- іштей, games- жыныстық, некелік қатынас) деп атайды. Ол адамзаттың денсаулығына, тұқымның өсіп дамуына зиянын келтірді, түрлі жазылмайтын аурулар адамзаттың келешегіне қатер туғызды. Сондықтан адамдар жақындар арасындағы некелік қатынасқа ерте бастан тыйым салған. Экзогамия (гр. exo - сырттан) пайда болды. Үйленуге адамды тыс жерден, сырттан, басқа ру ішінен іздеу тәртібі қалыптасты. Бұл адамзаттың қоғамдық дәрежеде дамуының алғашқы қадамы болды.
1. Жеке адам - жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек.
2. Индивидуальность (ерекшелігі) - адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен. Адам – таза қағаз емес, онда мәдениет өзінің жазуларын түсірген: ол тіршілік иесі, күш-қуаты, ақыл-ойы, сезіну-күйінуі бар және сонымен бірге нақты ұйымдасқан, сыртқы жағдайларды өзіне сәйкес өзгерте білетін жан.
3. Тұлға, Кісі (личность) - ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің, қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - әртүрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі.
Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай болады. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болады. Әр адам ең алдымен бүкіл адамзат қауымының мүшесі. Яғни, онда шыққан нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті және тәрбиелі адамның барлығына ортақ қуану, қайғыру; балажандық, ананы сүю, махаббат, әділеттілікті ұнату сияқты адами қасиеттер болады. Адамның ақыл-ойы мен сезімі өте күрделі биологиялық, психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Күшті сезім, зерде, яғни интелекттің, еріктің араласқан түйіндері арқылы, әлеуметтік өлшем психологиялық қасиетке ұласады.
Тән мен жан бірлігі, адам жанының ерекшілігі – оны табиғат әлемінен бөліп тұр. Қазіргі заманда «жанның» орнына, синонимы ретінде «психика» деген сөз қолданылады. «Психика» дегеніміз – «адамның ішкі дүниесі», «адамның рухани әлемі». Адам ерекшілігінің негізінде рухани дүние жатыр. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланысын, бір-біріне тәуелділігін сөз еткенде, адамның хайуандық қалдықтардан бірте-бірте арылып, «әлеуметтену» (социализация) процесіне кіретінін ұмытпау керек.
Маркс: «Аштық қашанда аштық, бірақ пышақ пен шанышқының көмегімен піскен етті жеу арқылы жоюға болатын аштық бір бөлек те, қолдың, тырнақтың, тістің көмегімен жұлқылап, шикі ет арқылы жойылатын аштық бір бөлек», - деген.
Қазіргі замандағы антроптық принциптің фундаментальдық (негізгі) қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі, әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қарауды талап етеді. «Бірқалыпты адам», ерекше объект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әртүрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда (оның ішінде жаратылыстануда), адам қызметінде субъекті мен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді.
2. Абу-Али Ибн-Сина (980-1037жж.) Бұхара төңірегінде дүние келіп Хамаданда 1037 жылда қайтыс болды. Ұлты - тәжік. Еуропа халықтарына Авиценна деген атпен таныс. Негізгі еңбектерінің ішінде “Логика, “Риторика, “Поэтика, “Физика, “Жан жөнінде, “Метафизика т.с.с.
Авиценна дүниежүзілік аңғарған қауымға өзінің шығармашылығының екі жағымен таныс.
Біріншіден, Ибн-Сина үлкен ғалым-дәрігер болған адам. Ол өзінің артынан әртүрлі ауруларды жазатын шөптердің қосындыларынан жасалатын 1000 дәрінің рецептін қалдырған. Оның “ғылым тізбегі деген еңбегі Батыстағы Орта ғасырлық университеттерінде 400 жыл бойы негізгі оқулықтардың бірі болған.
Ал енді оның философиялық көзқарастарына келер болсақ, өзінің онтологиясында (Болмыс ілімінде) Ибн-Сина неоплатонизмнен қалған эманация идеясын кеңінен қолданып, Дүние Алланың - бірінші себептің (өзіне-өзі қажетті барлық) ағып-тасуынан пайда болды деген пікір айтады.
Сонымен, өзіне-өзі жеткілікті де сонымен қатар өзіне сыймай тасып аққан алғашқы себеп сатылы түрде орналасқан ақыл-ой, жан-дүние, аспан әлемдерін тудырады. Оқырманның байқағанындай Ибн-Синаның ілімі бұл жағынан алып қарағанда Аль-Фарабидің көз-қарасына өте жақын. Тек ай астындағы әлемді Аль-Фараби 11 сатыда орналастырса, Ибн-Сина 10 сатыда деп есептейді.
Ибн-Синаның Болмыс ілімінде “өмір сүру мен “мән-мағнаға көп көңіл бөлінген. Өмір сүру - нақтылы, мән-мағна - абстрактылы; Мысалы, нақтылы адам мен итті алсақ - олар өмір сүріп жатыр. Ал олардың мән-мағнасы – адамгершілік, жануарлық - ол абстрактылы, олар нақтылы адам мен иттің алдында өмір сүрген,- дейді ұлы ойшыл. Нақтылы адамдар, жануарлар т.с.с. Дүниеге келеді, кетеді, ал олардың мән-мағнасы - мәңгілік, өз-өзіне жеткілікті, болу я болмаумен, қажеттілік, я мүмкіндікпен байланысты емес.
Дүниеде нақтылы өмір сүріп жатқан нәрселерді біз болуы мүмкін дейміз, өйткені, олардың өз-өзіне негізделетін болмысы жоқ. Олар белгілі бір себеп, кездейсоқтықтың негізінде Дүниеге келеді, басқа жағдайда Дүниеге келмеуі де мүмкін еді. Ал қажетті барлықты алатын болсақ, ол бар және оның болмауы мүмкін емес, өйткені ол өзін негіздей растай алады. Ол, әрине Алла-тағала, ол бұл Дүниедегі болуы мүмкін және болып жатқан нәрселерден бөлек,- деген пікірге ұлы ойшыл келеді.
Ибн-Сина өзінің онтологиялық ілімінде діндегі Құдайдың “жоқтан барды тудырды деген пікіріне қарсы шығады. Егер Дүние жоқтан пайда болса, онда Дүниенің пайда болуының іс-әрекеттік себебі - Құдайдың жаратуға дейін іс-әрекеттік себебі болмаған екен ғой деген ойға әкеледі, онда Құдайдың ол қасиеті - қажетті емес, оның терең мән-мағнасынан шықпайды. Олай болса, ол өзгереді, ал оның өзі оның кемеліне келмеген, жетілмегендігінің көрінісі - Құдайдың абсолютті жетілген - алғашқы себептігіне қайшы келеді.
Ибн-Сина Құдайды діндегі сияқты табиғатқа оның жаратушысы ретінде қарсы қоймайды. Құдай Дүниедегі барлықтың алғашқы себебі болғаннан кейін, материалдың Дүние Құдайсыз, ал Құдай бұл Дүниесіз өмір сүре алмайды деген пікірге келеді. Сонымен, Ибн-Синаның болмыстық көзқарасы пантеизмге өте жақын болды.
Ибн-Синаның Дүние тану іліміне келер болсақ ол адамның жан-дүниесінде потенциалды ақыл-ой бар дейді. Яғни, адам өз алдында жатқан дүниенің мән-мағынасын аша алатын мүмкіндігі бар. Бірақ ол - өте күрделі. Таным түйсіктердің қабылдауы арқылы басталады - оны ол сезімдік тәжірибе дейді. Жалпылыққа адам заттардың қасиеттерін салыстыру арқылы жетеді.
Ақиқат дегеніміз - заттардың ішкі мән-мағнасы. Әр заттың ақиқаты оның өмір сүруінің ерекшелігінде, ал оның өзі сол заттың өзіндігін құрайды. Ақиқаттқа жетудің бірде-бір қажетті құралы - ол логика. Логика заңдары арқылы біз жалқылық пен жалпылықты ойлай аламыз. Жалпы жеке заттардың мән-мағнасын құрап жалқымен бірге өмір сүреді.
Ибн-Синаның әлеуметтік-саяси көзқарастарына келер болсақ, ол әділеттік мәселесіне көп көңіл бөліп - оны қайсыбір қоғамдағы тұрақтылықтың негізі деп есептеді. Егер қоғамды басқару әділетсіз жолымен жүріп жатса, онда халықтың оған қарсы қарулы көтерілісі заңды деген пікір айтады. Бүгінгі философияда Ибн-Сина Араб ілімін ислам қағидаларына қосып, оны христиан дініне жақындатқаны, оның негізгі өшпес еңбегі деп есептейтін көзқарас та бар.
1 Болмыстың екінші таңғажайып түрі – ол сана, рух, жалпы алғанда, адамның психикасы. Гносеологиялық (танымдық) тұрғыдан қарағанда, сана – Дүниені бейнелеудің ең биік, тек адамға ғана тән идеалдық формасы. Оны біз болашақ “танымға” арналған тарауда көлемді түрде талдаймыз.
Сана – материя емес, оны қолға ұстап сындырып, я болмаса, ауызға салып дәмін байқап, мұрынға жақындатып иісін анықтауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең түрде қарағанда, сана – адамның ішкі жан-дүниесі, адам белсенділігінің психикалық деңгейі. Ал оны нақтылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. Бірақ, ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық таным – сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер де біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен қатар бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі маңызы өте зор. Сонымен қатар, санаға тең емес адамның ырқы да (воля) бар. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф.Ницше уақытында айтқандай “нағыз адам” толқынмен бірге емес, оған қарсы жүзиді.
Адам Дүниені саналы түрде бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар, өз ішкі жан-дүниесіне сараптау жасайды – міне, осы сәтте оның рухы оянады. Рух категориясы біздің жақында өткен тарихымызда дінмен байланыстырылып, ал “кеңес тоталитаризмі” соңғыға қарсы болғаннан кейін, философиялық әдебиетте өте аз қолданды. Негізінен алғанда, рухқа ғылымдағы жетістіктер, қоғамдық сана формалары жатқызылды. Тек бүгінгі таңда ғана бұл категорияның маңызы өсуде ( рух жөнінде көлемді түрде қараңыз: “Мырзалы С.К. Модернизация общества: взаимосвязь политики и морали., Костанай, 1988, стр.220-264).
Жалпы алғанда, рух дегеніміз – адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне “сырттай қарап” баға беруі, өз өмірінің мән-мағнасы мен қатар, жалпы Дүние жөнінде ойлауы-толғауы, тебіренісі жатады. Бұл тек дамыған адамға ғана тән нәрсе. Қайсыбір жануарды алсақ, ол өз-өзін бұлдыр сезінеді, өзін жағалай ортадан бөлек алып, оған қарсы қойып қарай алмайды. Оған қабілетті – адам ғана.
Жеке адамның рухымен қатар, белгілі бір халықтың рухы жөнінде де айтуға болады. Мысалы, қазақ халқының руханияты, демек, оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтары. Оны әдебиетте “объективті рух” деген категория арқылы береді.
Сонымен қатар, рухтың жетістіктері ғылыми, көркем шығармалар арқылы өмір сүруі мүмкін. Оны “объективизацияланған рух” дейміз. Мысалы, қайсыбір ұлы суретшінің туындысын қабылдағанда, біздің рухани өміріміз үлкен тебіреністе болып, сан-алуан сезімдер мен ойлар жан-дүниемізге келеді. Әрбір адам өзінің рухани болмысына байланысты “Венера” мүсініне әр-түрлі қарайды. Біреуі оны “құдіретті теңдесі жоқ әсемдік” ретінде қабылдаса, тайыз надан адам оған “нәпсілік” тұрғыдан қарауы мүмкін. Симфония, я болмаса, басқа саз формаларын қабылдағанда да соған ұқсас тебіреністе боламыз, т.с.с.
Дегенмен де, рухтың “негізгі үйі” – нақтылы өмір сүріп жатқан тірі адамның ішінде. Оған ақыл-ой, парасат, борыш, ар-ұждан мен ұяттық аяныш, адалдық, махаббат пен сүйіспеншілік, ізгілік пен ақиқат, әсемдік, үміт пен сенім, еріктік пен әділеттілік т.с.с. жүздеген категориялар жатады. Мысалы, Н.А.Бердяевтің айтуына қарағанда, “рух дегеніміз ақиқат, ізгілік, әсемдік, еріктік пен мән-мағна…Рух дегеніміз – адам ішіндегі оның құдайлығы” (қараңыз: Н.А.Бердяев. Философия свободного духа., М.,Мысль, 1994). Расында да, “Сенің осы Құдайың бар ма?”,- деп ашына айтқанымызда – адам руханиятының тайыздығын көрсетпейміз бе? Олай болса, адам руханиятының өзегі неде?,- деген сұрақ пайда болады. Бұл талай ойшылдарды тебіренткен сұрақ болатын.
Орыстың ұлы ойшылы Ф.М.Достоевский “Дүниені сақтап қалатын Әсемдік қана”,- дейді. Әрине, көбісінде, әсемдікке ұмтылған адам зұлымдыққа бармайтыны хақ. Сонымен қатар, біз өмірде “салқын лебі” бар – адамды адамнан алшақтататын - әсемдікті көріп жүрген жоқпыз ба?
Рухты білім, ғылыммен де теңеуге болмайды. Ядролық физиканың жетістіктерін пайдалану жолында адамзат атомдық электр стансаларынан басқа неше-түрлі жан түршігерлік қару-жарақ жасаған жоқ па ? Қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрімнің ХХ ғ. басында-ақ ар-ұжданның бақылауынан шыққан ғылымның адам түршігерлік салдарларға әкелуі жөніндегі идеяларын еске алсақ-та болғаны.
Сондықтан, Шәкәрім рухтың өзегін ар-ұжданнан көрген болатын. Бұл пікірді ұстаған философия тарихындағы И.Кант, Абай, С.Л.Франк сияқты ойшылдарды келтіруге болады. ХХ ғ. экзистенциализмнің көрнекті өкілі В.Франкл “ар-ұждан – адамның ішкі Құдайы”,- деген болатын.
Біршама зиялылар рухтың өзегін махаббат, сүйіспеншіліктен көреді. Орта ғасырдағы Августиннің айтқанындай, “сүй, содан кейін не істесең де болады”. Тек қана сүю арқылы басқа адамның жан-дүниесін ақтара ашуға мүмкіндік аламыз. Нағыз махаббат сүйген адамның әлі де болса ашылмаған жақтарын сыртқа шығарып, оны гүлдетіп, шығармашылық жолға итереді. Дүниені тану – тек қана табиғаттың заңдылықтарын ашу ғана емес, сонымен бірге оны шын жүрегіңмен сүюге тең. Бұл танымның онтологиялық терең іргетасы. Тек қана сүю арқылы, өзіңді осы Дүние деген мұхиттың бір құрамдас тамшысы ретінде сезінгенде ғана зерттелетін заттың ішкі сырын ашуға мүмкіндік аласыз.
Оқырман өз дүниесезімінің ерекшеліктеріне байланысты өз руханиятының өзегін табар деген ойдамыз. Ал, қалам иесіне келер болсақ, рухтың өзегі ретінде ар-ұжданды қарайды. Бүгінгі қайшылыққа толы адамзат мәселелерін шешу тек саясаттың қолында емес, - ол әр адамның рухани-адамгершілік жетілуімен байланысты, - деген ойдамыз. “Мұндай қилы заманда тек ар-ұжданын басымқы қойған адамзат өз өмірін сақтап қалады”, - дер едік.
2. Сана мәселесі философиядағы ең күрделі, осы күнге дейінгі шешімін таба алмай келе жатқан мәселе. Философия сана туралы мына жәйтті айта алады:
· сана бар, ол шындық;
· сана ерекше, идеалды мәнге ие.
Сана мәселесін зерттеуде философияда мына әдістер бар:
· физикализм;
· солипсизм;
· объективтік идеализм;
· байсалды материализм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет