І деңгей мұҒалімінің портфолио жасақтауына қойылатын талаптар



Дата11.07.2017
өлшемі98,63 Kb.
#21103
І ДЕҢГЕЙ МҰҒАЛІМІНІҢ

ПОРТФОЛИО ЖАСАҚТАУЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Портфолионың сыртқы бетіне мұғалім белгіленген бөлімдер бойынша өзі және өзінің кәсіби қызметі туралы қысқа, бірақ елеулі ақпараттар беруі тиіс. Олар:



  • мұғалімнің Т.А.Ә., оның мұғалім есебіндегі тәжірибесін қоса есептегендегі кәсіби тәжірибесі;

  • қазіргі таңдағы жұмыс істейтін мекемесі;

  • қазіргі лауазымы мен міндеттері.

Бірінші (ілгерілік) деңгей қызметінің тиімділік стандарттары мен критерийлеріне сәйкестігін дәлелдеу үшін мұғалім өзінің оқытудың «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде өткізген іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелері көрсетілген келесі алты бөлім бойынша портфолио дайындауы тиіс.




Құжат атауы


Көлемі

Формативтік бағалауға берілетін мерзім


Портфолионы бағалау критерийлері


1

1-бөлім. Неліктен маған және менің мектебіме өзгеріс қажет?

(Талданған теориялық материал мен оқытудың «Мектептегі тәжірибе» кезеңінің қорытындысы бойынша мектептің мәнмәтіні туралы ақпаратқа негізделеді.)

Мектеп тәжірибесін өзгерту (өзгеріс) қажеттілігі негізделген рефлексивті есеп.

Есеп әлемдік білім беру жүйесіндегі реформалау үдерістерінің талдауы мен негіздемесін және Қазақстанда, жекелей алғанда, мұғалім жұмыс істейтін мектепте, осы үдерістердің бейімделу мүмкіндігін дәлелді көрсетуі тиіс.

Есеп иегердің (автордың) әлем елдерінің білім беру жүйесі мен мектептердің озық тәжірибелері туралы терең білімін дәлелдеуі тиіс.


2000 сөз

2-аудиториялық оқыту кезеңінің

1-аптасының

2-3-күні


Есепте мына сұрақтарға жауап қамтыла ма?

  • Неліктен әлем елдері білім беру жүйесіне реформа жүргізіп жатыр?

  • Толықтай алғанда бұл реформалар Қазақстанға қандай дәрежеде өзекті және қолданбалы (жарамды)?

  • Неліктен осы секілді өзгерістер менің мектебіме қажет және қолданылуы мүмкін?



2

2-бөлім. Мектеп тәжірибесі өзгерістерін бастар алдындағы сәттегі оның жай-күйі.

Мектебім өзгерістерді неден бастауы тиіс?

(Мектеп туралы негізгі деректердің жинақтау /синтез/ нәтижелерінің болуы.

Қосымшаларда алғашқы деректер келтірілуі тиіс)


«Мектептегі тәжірибе» кезеңіне дейінгі және кейінгі кезеңдерде жиналған дәлелдемелері енгізілген, мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізгенге дейінгі оның жай-күйі туралы рефлексивті есеп.
Есеп нақты мектептің бастау мүмкіндіктерін, өзгерістер енгізу алдындағы мектептің бастапқы күйін адекваттық (дәл) рефлексивтік бағалауға жәрдем беру мақсатымен Бағдарлама бойынша оқуға дейінгі және кейінгі кезеңдерде жиналған мектеп туралы деректерді жүйелеу негізінде бастапқы ұстанымдар талдауын көрсетуі тиіс.


2000 сөз


2-аудиториялық оқыту кезеңінің

1-аптасының

3-4-күні



Есепте мына сұрақтарға жауап қамтыла ма?

  • Жиналған деректер мектептің даму фокусын анықтауға қалай көмектесті?

  • Мектеп жоспарында көрсетілген ұзақ мерзімді мақсаттар қандай?

  • Жұмыстың перспективалық бағыттарын анықтау туралы шешімдер қабылдауда басшылық, әкімшілік және мектептің бүкіл персоналы ынтымақтаса жұмыс істей ме?

  • Мектеп өз іс-тәжірибесіне ымырасыз (принципиалды) өзгерістер енгізу туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының пікірлері назарға ала ма?

Оқыту үдерісі мен оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалімдер оқыту үдерісі мәнін терең түсіну, түрлі стратегияларды, тәсілдер мен әдістерді интеграциялау қабілетіне ие ме?

  • Мұғалімдердің кәсіби даму үдерісі мектептегі олардың жұмыс мазмұнымен және сынып проблемаларымен негізделген бе?

  • Мұғалімдердің өз әріптестерімен оқыту ортасын бірлесе жасақтау, орындау, жүзеге асыру, басқару және жоспарлау мүмкіндігі бар ма?

  • Жетекші (озық) қызметтерді орындау үшін мектеп қызметкеріне мүмкіндік беріле ме?

3

3-бөлім. Өзім жұмыс істейтін мектептің өзгеруі үшін менің не істеуім керек?

(Мұғалім жасақтаған мектептің даму жоспары мен жұмыс жоспарының талдау нәтижелерінің болуы. Қосымшаларда егжей-тегжейлі жоспар берілуі тиіс).

Мектептің бастапқы мүмкіндіктерін зерттеу деректері негізінде мектепке өзгеріс қажеттілігі туралы рефлексивті есеп.

Есеп Қосымшасында көшбасшы мұғалімнің жұмыс жоспары болуы тиіс.

2000 сөз

2-аудиториялық оқыту кезеңінің

2-аптасының

5-күні



Есепте мына сұрақтарға жауап қамтыла ма?

  • Нақты мақсат қоюға не негіз болды? Осы мектепте нақты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажеттіліктер қалай анықталды?

  • Өзгерістерді енгізу үдерісін басқару бойынша өз қызметімді ұйымдастыруды қалай жоспарлаймын?

  • Өзгерістерді енгізу үдерісіне менің тарапымнан кім қатыстырылады? Мектепте және одан тыс жерлерде мен кімге сүйенемін?

4

4-бөлім. Мектеп өзгерісі үшін мен қандай әдістер мен тәсілдерді қолданамын.

(Мектептің даму жоспарын жүзеге асыру туралы жан-жақты (жете) рефлекциялық есеп енгізіледі, сол сияқты Қосымшада коучинг пен менторинг үдерістерін іске асыру жоспарлары, осы үдерістердің жүргізілу жоспарлары мысалдарымен болуы тиіс)






Мектептің даму жоспарының үдерісі туралы, мақсатты қоюды болжамдауы, күтілетін нәтижелерді анықтауы, жетістіктер критерийлерінің жүйесі көрсетілген, тиісті кестелердің (графиктер), диаграммалардың болуы ескерілген рефлексивті есеп.
Есеп мектептің өзгеруі үшін қажетті іс-әрекеттердің талдауын – мақсаты қойылған мектеп дамуының толық (жан-жақты) жоспарын, күтілетін нәтижелер мен жетістіктер критерийлерін, әдістер мен тәсілдерін, кестелер (графиктер) мен жұмыс тәртібін (регламент), т.б. көрсету тиіс.

Есеп Қосымшасында коучинг және менторинг жоспарлары болуы тиіс.

2000 сөз


2-аудиториялық оқыту кезеңінің

2-аптасының

2-3-күні



Есепте мына сұрақтарға жауап қамтыла ма?

  • Мектеп өзгерістері үшін мен қандай әдістер мен тәсілдерді қолдануды жоспарлаймын?

  • Мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жету менің тарапымнан қалай және қандай шаралар көмегімен жүзеге асыру жоспарланды?

  • Осы өзгерістерді енгізу үшін әріптестер қолдауы (коучинг пен менторинг) қалай ұйымдастырылды?

  • Белгіленген мақсаттарға жетуде Сіздің аралық нәтижелеріңіз қандай болуы тиіс?

5

5-бөлім. Мен енгізген өзгерістердің тиімді екенін қалай түсінемін?

(Осы үдерістің басталуы мен соңында, сол сияқты мектептің өзгеру үдерісі кезіндегі жиналған басқа да сапалы деректер негізінде өзгерістердің нақты деректерге негізделген оқушылардың оқуына және мұғалімдердің дамуына ықпалы толық жазылған аналитикалық есеп.



Мектеп тәжірибесін өзгерту (өзгеріс) қажеттілігі негізделген рефлексивті есеп.

Енгізілген өзгерістердің ықпалы дәлелдемелерін жинау бойынша зерттеуді жоспарлау туралы аналитикалық есеп.


Есеп Қосымшасында Сіз енгізген өзгерістердің нәтижелері туралы алғашқы деректер болуы тиіс.


2000 сөз

2-аудиториялық оқыту кезеңінің

2-аптасының

4-күні


Есепте мына сұрақтарға жауап қамтыла ма?

  • Болып жатқан өзгерістерге бақылауды жүзеге асыру қалай жоспарланады? мұғалімдер жұмысына, олардың оқушылармен қарым-қатынасына және оқыту үдерісінің нәтижесіне болып жатқан өзгерістер ықпалы қалай және ненің көмегімен анықталуы мүмкін

  • Қалай және неге негіздей енгізілген өзгерістер тиімді/жаратымды деп түсінуге болады?

  • Енгізілген өзгерістердің аралық нәтижелерін ескере осы жоспар қалай түзетілуі мүмкін?

6

6 бөлім. Мектепте болып жатқан өзгерістерді мектептегі және/немесе мектептердегі желілік қоғамдастықты дамыту арқылы қалай қолдауға болады?

(Мектептегі/мектептердегі желілік қоғамдастықты ұйымдастыру және дамыту негізінде Іс-әрекеттегі зерттеудің келесі циклының (топтамасының) жан-жақты жоспарының болуы)



Мектептердің желілік қоғамдастығын қалай ұйымдастыру, мониторингін қалай жүргізу және белсенді қызметін қалай сақтау сұрақтарының шешілу жоспары;
Жоспарыңыз Сіздің бойыңызда білім, білік және дағдылардың барлығын куәландыруы тиіс.

  • Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастық жағдайындағы оқуына басшылық және қолдау.

  • Мектеп қызметін жетілдіруге өз үлесін қосу үшін басқа мектептердің көшбасшы командаларымен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас жасауы, мектепте және мектептің желілік қоғамдастығында жаңа тәжірибені жасақтау, енгізу және бағалау үдерістерінде өзіне стратегиялық көшбасшы рөлін алуы;

  • Тәжірибені жетілдіру мақсатында мектептік желілер аясында тізбекті сабақтар топтамасын жоспарлау бойынша жұмысты ынталандыру және басшылық;

  • Білім беру жүйесінде зерттеулер жүргізу және әріптестерін мектептің/мектептердің желілік қоғамдастық жағдайларында зерттеулер жүргізуіне үйрету методологияларын білуі.



500 сөз түсінік-теме + жоспар

2-аудиториялық оқыту кезеңінің

3-аптасының

2-3-күні




Есепте мына сұрақтарға жауап қамтыла ма?

Сіздің жоспарыңыз:

• мақсат пен құндылықтардың үйлесімділігін (келісімділігін) көрсете ме?

• Сіздің даму тұжырымдамаңызды және күтілетін нәтижелеріңізді нақты көрсете ме?

• Сіздің ағымдағы басымдықтарыңыз (артықшылықтарыңыз) бен әдістеріңіз жетістіктерге жетудің жолын анықтай ма?

• барлық топ қатысушыларының (мектеп мұғалімдерінің, оқушыларының және ата-аналардың) қажеттіліктерін ескере ме?

• өзгерістердің орындалу жүрісін бағалау үшін басқару және пайдалы құрал;

• мектеп қызметінің тиімділігін басқаруға бағытталған міндеттерді директор мен мұғалімдер алдына қоюға мүмкіндік бере ме?

желілік қоғамдастық қатысушыларын, қатысушыларды үдеріске тарту амалдарын, әрекеттестік нәтижелерін, бақылауды жүзеге асыру және әрекеттестік нәтижелерін бағалау жолдарын, әрекеттестіктің уақыттық кезеңін көрсете ме?






Барлығы:

10500 сөз











Сұраққа жауап Портфолионың барлық құжаттарын бағалау үшін жалпы критерий болып саналады.

Ұсынылған құжат мектептегі нақты тәжірибе материалдары негізінде 1-деңгей мұғаліміне қойылатын талаптар мен бағалау критерийлерінің, мәнмәтіндегі Бағдарламаның түйінді идеяларының орындалған автордың (иегердің) түпнұсқа жұмысы ма?


Ескертпе: жиынтық (суммативтік) бағалау үшін ПШО сайтына портфолиоларды жүктеудің ақырғы мерзімі - 2-аудиториялық оқыту кезеңінің 3-аптасының 3-4-күні.


Каталог: public -> 091013
public -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
public -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
public -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
091013 -> 3-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау мұҒалім портфолиосының сыртқы беті
091013 -> Презентацияны бағалау критерийлері 1
091013 -> 1-деңгей тренері портфолиосын бағалау
091013 -> 2-деңгей тренері портфолиосын бағалау
091013 -> 2-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау портфолионың титулдық бетінде мұғалім туралы қысқаша, алайда маңызды
091013 -> 3-деңгей тренері портфолиосын бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет