I. Тақырыбы: Таңбалары қарама- қарсы сандарды қосу.
II. Мақсаты: Оқушыларға таңбалары қарама-қарсы сандарды қосуды үйрету
арқылы оларға суық пен жылыны , көп не азды т.с.с. қарама-
қарсы сандардың айрмасын ажырата білуін қалыптастыру.
III. Көрнекілігі: " Индексті табу " , карточка, үлестірмелі материалдар,
тақтаға плакатқа жазылған " қосу" , " таңбалары әртүрлі, бірдей
сандарды қосу" мысалдар.
IV. Жоспары: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Ауызша өткен тақырыпты қайталау
4. Жаңа сабақ түсіндіру
5. Оны бекіту: а) ережені қайталау
Б) үлестірмелі материалдар
В) " индексті табу"
Г) коррекция беру
6. Үйге тапсырма беру
7. Бағалау
1. Үй тапсырмасын сұрау.
Ауызша сұрақтар: а) санның модулі дегеніміз не? Оң санның , теріс санның
модулі неге тең?
Б) қарама- қарсы сандар деп қандай сандарды айтамыз?
Мысал келтір.
В) теріс сандардың қосындысы неге тең?
Г) сандарды салыстыру: 0 мен теріс сан, 0 мен оң сан,
теріс сан мен оң сан, теріс сандар.
Достарыңызбен бөлісу: |