ІІ. «Қашан? Қайда? Қандай оқиға болды?»
Қашан?
|
Қайда?
|
Қандай оқиға болды?
|
1868 жылы 6 мамыр
|
|
Қазақтар Фон Штемпельдің ротасына шабуыл жасады
|
|
Маңғыстау
|
Иса мен Досан батырлар бастаған көтеріліс
|
1870 жылы сәуір
|
Александровск форты, Николаев станицасы
|
|
Қашан?
|
Қайда?
|
Қандай оқиға болды?
|
1869 жылдың аяғына қарай
|
Хиуа шекарасына
|
Қазақтар Фон Штемпельдің ротасына шабуыл жасады
|
1873 жылы
|
|
Кезекті адайлар көтеріліс басталды
|
|
Маңғыстау
|
Көтеріліс басшылары, ағайын туыстары, жақтастарымен Хиуа жағына өтіп кетті
|
Қашан?
|
Қайда?
|
Қандай оқиға болды?
|
1869 жылы наурыз
|
|
Би, сұлтан, болстар мен старшындардың ауылдарына 40-тан астам шабуыл жасалды
|
1869 жылы қаңтар
|
Хиуаға
|
|
|
Шошқакөл
|
Хиуалықтардың 6 мың сарбазы, 4 зеңбірегі келді
|
ІІІ. Семантикалық карта «Көтерілістер тарихы»
|
1836-38 жж.
|
1837-47 жж.
|
1783-97 жж.
|
1868-69 жж.
|
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі
|
|
|
|
|
М. Өтемісұлы, И. Тайманұлы бастаған көтеріліс
|
|
|
|
|
К. Қасымұлы бастаған көтеріліс
|
|
|
|
|
Орал мен торғай облыстарындағы көтеріліс
|
|
|
|
|
|
1822-25 жж.
|
1856-57 жж.
|
1870 ж.
|
1773-75 жж.
|
Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
|
|
|
|
|
Ж. Тіленшіұлы бастаған көтеріліс
|
|
|
|
|
Ж. Нұрмұхамедұлының патша үкіметіне қарсы күресі
|
|
|
|
|
Маңғыстаудағы көтеріліс
|
|
|
|
|
Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.[1]
Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.
Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:
алғашқы қауымдық,
құл иеленушілік,
феодалдық,
капиталистік және
коммунистік формациялардан тұрады.
Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.
Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:
В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.
Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.
Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды.[2][3]
Батыс Еуропа мәдениетіндегі романтизм
Сыншыл реализм жүйесі
19 ғ. мәдениетіндегі индивидуализм
19 ғасырдағы орыс мәдениеті
19 ғасырдағы қазақ мәдениеті
· 19 ғасыр басқа ғасырларға қарағанда саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірдегі түрлі құбылыстарға толы.
· Гуманизмге негізделген жеке тұлғаның абсолютті еркіндігі мен шексіз прогреске деген сенім терең дағдарысқұа айналып кетті.
· либерализм - тұлғаның саяси және жеке еркіндігі
· Либерализм ар-намыс, ойлау, ғылыми зерттеу, сөз, баспасөз еркіндігі үшін күресті.
· 19 ғ. басында интеллектуалдық өмір орталығы Германияға ауысты, мұнда жаңа дәуірдің идеялық дем берушісі Георг Вильгельм Фридрих Гегель болды.
· Гегель болмысты жалпы талқылау жүйесін құрды («Рух феноменологиясы», Қисын ғылымы», «Табиғат философиясы»).
· 19 ғасыр – адамзаттың «алтын ғасыры».
Романтизмның идеялық негіздері.
· Романтизм – 19 ғ. мәдениетінің ең жарқын бағыттарының бірі.
· Романтизм – бұл ең алдымен, өмірді ерекше сезіну; бұл –әлеуметтік нақтылық адамды қызықтырмайтын бағыт, адам өзінің нақтылығын өзі құрады: фантастикалық, мистикалық, рухани, әсем нақтылық.
· Романтизм өнері – нақтылықты құра білу өнері.
· Романтиктер үшін басты проблема – тұлға проблемасы; әлемді тану – бұл өзін-өзі тану.
· Романтиктер өзінің назарын адам болмысының басты фактілеріне аударды: олар – махаббат, шығармашылық, қайғы, қуаныш, өлім.
Романтизм әдебиеті.
· Романтиктер индивидуализмі әртүрлі көрініс тапты: арманшыл, қайғышыл, өнер мен қиялға шолушы (Гофман), белсенді сотқар (Байрон), халық игілігі үшін қызмет ететін кейіпкер (Мицкевич), қайырымды бұзақылар, төменнен шыққан адамдар (Гюго).
· Романтиктер жаңа жанрларды ойлап тапты: психологиялық повесть, лирикалық поэма, баллада, лирикалық өлеңдер.
· Романтиктер үшін халық шығармашылығы тән болды, олар халық әндеріне және жырларына тән тілдерді, тақырыптар мен бейнелерді қолданды.
· Еуропалық фольклористиканың дамуы ағайынды Якоб және Вильгельм Грим есімдерімен тығыз байланысты.
· Ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсен «Корольдің жаңа көйлегі», «Дюймовочка», «Көлеңке» ертегілерінің авторы.
· Романтиктер ортағасырлар мен сол дәуірдің мәдениетін армандады, сол жайында тарихи шығармалар жазды (В.Скот, Ф.Купер).
· Тұтастай ұлттың жандарына ие болған романтик-ақын Джордж Гордон Байрон.
· Адамның қайғылы дүниесін шебер бейнелеген француз ақыны және жазушысы Виктор Гюго – «Собор Парижской Богоматери», «Күлетін адам» («Человек, который смеется»), «Отверженные».
19 ғ. басының сәулет және мүсін өнері.
· 19 ғ. бірінші ширегінде сәулет өнерінде антикалық ескерткіштердің қарапайымдылығына ұмтылған «ампир» (империя) стилі үстемдік етті.
· Көптеген декоративті элементтер (трофейлер, каскалар, тулар) қолданылды, ал Наполеонның Египетке жорығынан кейін орнаменттер сфинкстерге, жолбарыстарға, химераларға толы болды.
· Сәулет өнері гигантоманияға ұмтылды (Парижде Жұлдық алаңындағы Триумфтік арка).
· 1791 жылы Лувр сарайы мұражайға айналдырылды.
Романтизм көркемсуреті.
· «Романтизм» термині Теодор Жерико шығармашылығына қатысты бірінші рет қолданылған – «Шабуыл алдындағы атты атқыштар офицері», «Майданнан кетіп бара жатқан жаралы кирасир», т.б.
· Көркемсуреттегі басты романтизм қолзғалысының көсемі ретінде Эжен Делакруа есептеледі – «Хиостағы қырғын», «Сарданапал», «Ревеканың ұрлануы», «Халықты жетелейтін еркіндік».
· Делакруа көркемсуретінде бояулар тәуелсіз мәнге ие болды, композициялық өзгерістер байқалды.
· Делакруа көркемсуретінің соншалықты ерекше болуы академиялық ортада шу туғызды, бірақ ол өлгеннен кейін оның суреттері болашақ суретшілер үшін үлгі болды.
Романтизм музыка өнері.
· Романтизм эстетикасында музыка ерекше орын алды.
· Романтиктер санаған емес, музыка арқыла сезімге ықпал еткісі келді.
· Композитор-романтиктердің шығармашылығы жаңа идеялық-көркемдік концепциялармен толықтырылды (Берлиоз, Лист, Вагнер).
· Музыкант-романтиктердің ең жоғарғы жетістігі инструменталды музыканың жасалуы болып табылады (Шуберт, Шуман, Мендельсон, Брамс).
· Адамның жаңа өмірі туралы арман неміс композиторы Рихард Вагнер шығармашылығында көрініс тапты («Нибелунгтер сақинасы», «Лоэнгрин», «Тангейзер»).
· 19 ғ. ортасында ойын-сауық би музыкасының шырқау шегі болды (Иоганн Штраус-әке, Иоганн Штраус-кіші).
РОМАНТИЗМ Рухани мәдениеттегі негізгі жанрлар
|
Көркемсурет
|
Әдебиет
|
Музыка
|
Театр
|
Э.Делакруа К.Вебер Ф.Рунге К.Фридрих Д.Констебл У.Тернер
|
Ж.П.Новалис Э.Т.А. Гофман В.Скотт Д.Байрон А.Мицкевич Г.Мелвилл
|
Ф.Шуберт Р.Шуман Р.Вагнер Г.Берлиоз Н.Паганини Ф.Лист Ф.Шопен
|
Э.Кин Л.Лавриент М.Дорваль А.Леметр Г.Эгрешши
|
2. Сыншыл реализ жүйесі.
Романтизм ұзақ уақыт бойы сыншыл реализммен қатар өмір сүрді.
Реалистер романтиктерге қарағанда ойдан шығарған өмірге шомылған жоқ, айналадағы қоршаған ортаны сынға алды.
Сыншыл реализмнің идеологиясы – позитивизм. Позитивизм – бұл нақты берілген, тұрақты деген мағынаны білдіретін ғылымдағы және философиядағы ағым.
Позитивизм табиғатты зерттеуге, адамды эксплуатациядан босатуға шақырды.
Позитивизмнің негізін салушы француз философы Огюст Конт.
Сыншыл реализм әдебиеті.
Реалистер түсінігішне адам мінезін қоғамдық орта͵ өмірдің материалдық шарттары қалыптастырады.
Реалистер өмірді шынайы бейнеледі.
Француз жазушысы Оноре де Бальзак өнер өмір энциклопедиясына айналуы тиіс деп есептеді («Адам комедиясы» эпопеясы 90 романдар мен әңгімелерден тұрады).
Ағылшын жазушысы Чарльз Диккенс әлеуметтік зұлымдық пен әділетсіздікке назар аудартқысы келді («Оливер Твисттің оқиғалары», «Дэвид Копперфилд», «Суық үй»).
Француз жазушысы Густав Флобер қоғамдық күресті нәтижесіз деп есептеп, өнер нақтылықты бейнелеуі тиіс, бірақ өмірге араласпауы тиіс деп есептеді («Бавари ханым», «Сезімдерді тәрбиелеу»).
Әдебиетте қалыптасқан натурализм стилі өнердің өмірді немқұрайлы зерттеуіне ұмтылды (ағайынды Гонкур, Эмиль Золя).
Итальян операсындағы реалистік бағыт.
Композитор-реалистер өз операларының кейіпкерлері ретінде шаруаларды, кедейлер, балаган комедианттарын суреттеді.
|
П.Масканьи
|
«Ауыл намысы», «Ирис», «Нерон»
|
Р.Леонкавалло
|
«Паяцтер», «Богема», «Чаттерон»
|
Д.Пуччини
|
«Тоска», «Чио-чио-сан»
|
Итальян операсының «алтын ғасыры»
19 ғасыр итальян операсының ең гүлденген шағы
|
Д.Россини
|
«Севилья цирюльнигі», «Алжирдегі итальяндық қыз», Вилгельм Телль»
|
В.Беллини
|
«Норма», «Пуритандар»
|
Г.Доницетти
|
«Махаббат сусыны», «Дон Паскуале»
|
Д.Верди
|
«Риголетто», «Травиата», Трубадур», «Аида»
|
19 ғасыр мәдениетіндегі индивидуализм
· 19 ғ. индивидуализмі бәрінен бұрын өнер мен философияда көрініс тапты: А.Шопенгауэрден бастап импрессионистерге дейін.
· Артур Шопенгауэр неміс филосфы, волюнтаризмнің негізін салушы.
· Оның пессимистік көңіл күйі келесіде көрініс тапты: адам қоршаған орта алдында қарусыз; адам өмірі қайғы мен іш пісудің алмасуы, тек өнер мен философиядағы әсемдікті тамашалау ғана осындай өмір сүруді тоқтата алады.
· Волюнтаризмнің ірі өкілі неміс философы Фридрих Ницше болды.
· Ницше индивидуализмі - өмір сүру мен үстемдік етуді қамтыған культ («Заратустра солай атқайн», «Мейірімділік пен зұлымдықтың арғы бетінде»», «Антихристианин»).
· Оның философиясында дәстүрлі мәдени құндылықтардан бас тарту идеясы көрініс тапты, ал оның «құндылықтарды қайта бағалау» ұмтылысы өнер мен философияға үлкен ықпал жасады.
· Ницше – бірінші декадент, ақын, көріпкел-философ, өзінің дарындылығымен ұйықтап жатқан еуропалық мәдениетті оятушы.
Индивидуализм әдебиеті.
· 19 ғ. аяғында пайда болған әдебиетті символизм ағымы субъективті көзқараспен байланысты. Ол француз поэзиясында пайда болды.
· Символизмнің теоретигі болған француз ақыны Стефан Малларме.
· Символистер өнерді интеллектілік мазмұннан босатқысы келді, яғни ақыл-оймен емес, сезіммен тануға шақырды (П.Варлен, А.Ренье, А.Рембо, М.Матерлинк, Э.Верхарн).
· Олар оқырманның ақылына емес, интуициясына әсер етіп, оның көңіл-күйіне ықпал жасағысы келді.
Индивидуализм көркемсурет өнері.
· Көркемсуретте индивидуализм идеялары импрессионизм арқылы көрініс тапты (Маненің «Әсер» картинасының атымен аталған).
· Көркемсуреттегі жаңа ағым импрессионистерден (Мане, Дега, Моне, Ренуар, Сислей, Писсаро) басталды. Олардың пікірінше картинаның сюжеті мен тақырыбы көргеннен нәрседен алған әсер ғана бола алады.
· Салтанатты салондық көркемсуретке үйреніп, әдеттеніп қалған көрермендер бұл суретшілердің сюжеттерін, сурет салу мәнерін қабылдамады. Олардың сурет салу білмейтіндіге айыптады.
· Импрессионистерге түсіністікпен қарау тек ондаған жылдардан кейін ғана басталды. Бұл өз кезегінде постимпрессионизмнің пайда болуына алып келді.
· Барлық постимпрессионистер (Сезанн, Ван Гог, Гоген, Синьяк, Сера) – жарқын индивидуалистер, олар өнердегі символистік бастауларға деген қызығушылықты арттырды.
Мүсін өнері мен музыкадағы сәулет өнері.
· Мүсін өнеріндегі импрессионизм тамаша мүсінші Огюст Роденнің шығармашылығында көрініс тапты («Ойшыл», «Кале азаматтары», «Собор»).
· Роден пластикалық форманы психикалық толғауға бағындыра алды, ол мүсінді әдеттегі жылтыр бетінен айырды.
· Музыкада импрессионизм Дебюсси, Равель, Шабрие, Шарпантье шығармашылығында бейнеленді. Оларға жаңа әсерлер, жаңа тембрлер ізденісі, инструменттерді түрліше үйлестіру тән болды.
1. Импрессионизмнің негізгі өкілдері
Импрессионизм – 19 ғ. 60-80 жж. Францияда пайда болып, гүлденген көркемсуреттегі ағым.
|
Эдгар Дега (1834-1917)
|
«Ат жарыстары», «Келісім алаңы», «Биші фотографта»
|
Эдуард Мане (1832-1883)
|
«Испан гитаристі», «Даладағы таңғы ас»
|
Клод Моне (1840-1926)
|
«Әсер, күннің шығуы», «Бақтағы әйелдер»
|
Камиль Писсаро (1830-1903)
|
«Қызыл төбелер»
|
Пьер Огюст Ренуар (1841-1919)
|
«Үлкен жүзушілер»
|
Альфред Сислей (1839-1899)
|
«Марлидегі су тасқыны»
|
2. Постимпрессионизмнің негізгі өкілдері
Постимпрессионизм – импрессионизмге реакция ретінде пайда болған көркемсуреттегі ағым; оның өкілдері әлемнің шартты және жалпы үлгісін жасауға тырысты.
|
В. Ван Гог (1853-1890)
|
«Түнгі кафе», «Жауыннан кейінгі Овердегі пейзаж»
|
П.Гоген (1848-1903)
|
«Өткел», «Біз қайданбыз? Біз кімбіз? Қайда бара жатырмыз?»
|
А.Тулуз-Лотрек
|
«Кафеде», «Мулен-Руждегі» би»
|
П.Синьяк (1863-1935)
|
«Теңізді құмды жағалауы»
|
Поль Сезанн (1839-1906)
|
«Суда жүзушілер»
|
19 ғ. орыс мәдениеті
19 ғ. бірінші жартысындағы орыс ғылымы
19 ғасырдың бірінші жартысында елдің ірі ғылыми орталықтары Петербург, Мәскеу, Қазан қалалары болды.
Орыс ғалымы Н.И. Лобачевский эвклидтік емес геометрия туралы ғылымды жасады.
Математиктер П.Л. Чебышев пен М.В. Остроградскийдің еңбектері әлемдік тануға ие болды.
Н.Н. Зиминнің еңбектері органикалық химияның ілгері дамуына ықпал етті.
Б.С. Якоби электромашиналар, телеграф, миналық техника жасаумен айналысты. Ол гальванопластика әдісін ашты.
Дәрігер-хирург Н.И.Пирогов орыс медицинасының дамуына үлесін қосты.
Орыс саяхатшылары маңызды географиялық ашулар жасады: 1803-1806 жж. Ю.Ф.Лисянский мен И.Ф.Крузенштерн басшылығындағы экспедиция бүкіл әлемдік саяхат жасап, нәтижесінде «Оңтүстік теңіз атласы» жасалды. 1820 ж. орыс теңіз жүзушілері М.П.Лазарев пен Ф.Ф.Беллинсгаузен Антарктиданы ашты.
1845 ж. Орыс Географиялық қоғамының негізі қаланды.
19 ғ. І жартысындағы орыс әдебиеті.
19 ғ. І жартысында Н.М. Карамзиннің сентиментализмі мен В.А.Жуковскийдің романтизмі орнына жаңа бағыт – реализм келді.
Орыс әдебиетіндегі реализмнің негізін қалаушылар А.С.Грибоедов пен И.А.Крылов болды.
Орыс әдебиетінде ерекше орынды А.С.Пушкин алады; ол тек ұлы ақын ғана емес, ол күллі орыс әдебиетінің символы.
Ақынның тамаша әдеби мұрасының ішінде ерекше орын алатыны «Евгений Онегин» романы, «Кішкентай трагедиялар», «Полтава» поэмасы, «Кавказский пленник», «Руслан мен Людмила», «Борис Годунов» трагедиясы.
Пушкиннің қайғылы өлімі келесі орыс ақыны М.Ю.Лермонтовтың шарықтауымен тұспа тұс келді («Мцыри», «Демон», «Маскарад» драмасы, «Біздің дәуіріміздің кейіпкері»).
Орыс әдебиетіндегі дарынды сатирик ретінде Н.В.Гоголь есептеледі. Оның шығармашылығының ең шырқауы «Өлі жандар» прозалық поэмасы болып табылады. Шығарма орыс тәртіптерін қатаң сынады.
19 ғ. І жартысындағы орыс өнері.
19 ғ. І жартысында сәулет өнері, көркемсурет және музыка күшті дамыды.
Петербургте А.Н.Воронихин Қазан соборын, А.Д. Захаров Адмиралтейлік ғимаратын, К.И.Росси Михайлов сарайы мен Бас Штабтыжасады.
Осы туындыларда орыс классицизмі көрініс берді.
Көркемсуретте прогрессивті идеяларды білдіргендер: А.Г. Венецианов, О.А.Кипренский, К.П.Брюллов, А.А.Иванов, П.А.Федотов.
19 ғ. І жартысындағы музыка өнері келесі есімдермен байланысты: А.А.Алябьев, А.Н.Верстовский, А.Е.Варламов, А.С.Даргомыжский.
Реформа дәуіріндегі ғылымның дамуы.
19 ғ. ІІ жартысында орыс ғалымдары ғылымның барлық салаларында үлкен жетістіктерге жетті.
Жаратылыстануда И.М.Сеченов пен И.И.Мечниковтың ашулары әлемдік маңызға ие болды («Бас миының рефлекстері», «Нерв жүйесінің физиологиясы»). Олар иммунитет теориясын жасағаны үшін Нобель сыйлығына ие болды.
Әлемдік ғылымның дамуына Д.И.Менделеев (химиялық элементтердің периодтық заңы) пен А.М.Бутлеровтың (химиялық құрылыс заңы) ашулары көп әсер етті.
Ғалым-физик А.Г.Столетов фотоэффектінің бірінші заңын ашты, газ разрядының теориясын зерттеуге үлкен үлесін қосты.
Орыс ғалымы А.С.Попов әлемде тұңғыш болып радиоқабылдағышты жасады, А.Ф.Можайский самолеттің конструкциясын жасап, патенттеді, К.Э.Циолковский дирижабль туралы бірінші жазба материалын басып шығарды.
География ғылымының дамуы келесі есімдермен байланысты: П.П:Семенов-Тян-Шаньский, Н.П.Пржевальский, Н.Н.Миклухо-Маклай.
19 ғ. ІІ жартысындағы әдебиет.
Бұл дәуірде үстемдік еткен әдеби ағым сыншыл реализм болды.
Басыбайлық құқықтың кертартпалығын, оның өмірдегі кері әсерлерін, жаңа буржуазиялық қоғамның жағымсыздығын бейнелеген орыс жазушылары Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский, И.С.Тургенев, М.Е.Салтыков-Щедрин, А.П.Чехов.
Ф.М.Достоевский орыс әдебиетіндегі философиялық романның негізін салушы. Өзінің шығармаларында ол орыс интеллигенциясына психологиялық және философиялық анализ жасады («Жындар», «Ағайынды Карамазовтар», «Идиот»).
Л.Н.Толстой – әлемдік тарихтағы ұлы романистердің бірі («Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина», «Қайта тірілу»). Ол өзінің шығармашылығын адам жүріс-тұрысының этикалық жағын зерттеуге арнады. Соның нәтижесінде ол өзінің философиялық жүйесін қалыптастырды, оның мәні «зұлымдыққа зұлымдықпен жауап бермеу».
И.С.Тургенев жұмсақ либерализммен ерекшеленді, Батысқа еліктеді («Әкелер мен балалар»).
А.П.Чехов жүздеген юмористік және қайғылы орта тап өмірі туралы шығармалардың авторы.
19 ғасырдың 90 жылдарынан 1917 жылға дейінгі кезеңі орыс әдебиетінде «күміс ғасыр» деген атпен белгілі (Бальмонт, Брюсов, Гиппиус, Белый, Блок).
19 ғ. ІІ жартысындағы орыс көркемсуреті.
1870 жылы Петербургте Жылжымалы көркемусурет көрмелерінің серіктестігі («жылжымалылар», «передвижники»). Оның негізін салған құрылтайшылар Г.Г. Мясоедов,И.Н.Крамской, В.Г.Перов, Н.Н.Ге.
Әр кездері серіктестікке енгендер: И.Е.Репин, В.И.Суриков, В.Е.Маковский, А.К.Саврасов, А.М. және В.М. Васнецовтар, В.Д.Поленов, И.И.Шишкин, В.А.Серов, И.И. Левитан.
19 ғ. ІІ жартысындағы музыка.
19 ғ. ІІ жартысындағы орыс музыкалық мектебінің дәстүрлерін «Үлкен топ» («Могучая кучка») композиторлары дамытты (М.А.Балакирев, Ц.А.Кьюи, М.П.Мусоргский, А.П.Бородин, Н.А.Римский-Корсаков).
Орыс классикалық музыкасының ұлы туындыларының авторы болып П.И.Чайковский есептеледі – «Евгений Онегин», «Пиковая дама», «Чародейка» опералары, «Лебединое озеро», «Щелкунчик», «Спящая красавица» балеттері.
19 ғ. соңы А.К.Глазунов, А.Н.Скрябин, С.В.Рахманинов, И.Ф.Стравинский сияқты композиторлар шығармашылығымен байланысты.
Орыс театр өнері.
19 ғ. ІІ жартысы орыс театры үшін өтпелі болды. Тұңғыш рет орыс театрларының сахналарында отандық авторлар қойылымдары орындалды: А.Н.Островский, А.В.Сухово-Кобылин.
1898 жылы К.С.Станиславский және В.И.Немирович-Данченко Мәскеу көркем театрының негізін қалады. Театрда А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің пьесалары қойылды.
19 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
19 ғасырдағы халық ағарту ісі.
Қазақстандағы бірінші зайырлы мектеп 1841 жылы Бөкей ордасында ашылды.
1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанында қазақ балалары үшін жетіжылдық мектеп ашылды. 19 жыл қызметі барысында 48 түлекті оқытып шығарды.
Қазақстанда 19 ғ. 60 жж. бастауыш мектептердің Ы.Алтынсаринның есімімен байланысты.
1867-1868 жж. реформалардан кейін мұндай мектептер бүкіл Қазақстанда қызмет ете бастады.
Ұлттық қазақ мектептерінің болмауы себептерінен қазақтардың көпшілігі өз балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүр болды.
Қазақстандағы ағарту қозғалыстары.
19 ғ. қазақ мәдениетінде ағарту ғасыры деген атпен қалды.
Қазақстанға ғалымдар, географтар, саяхатшылар, шығыстанушылар, тарихшылар ағылып келе бастады.
· Өлкені ғылыми зерттеуге үлкен қосқандар П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов.
· Қазақстан Орыс Географиялық қоғамының зерттеу объектісіне айналды. Мұнда мәдени-ағарту мекемелері, статистикалық комитеттер қызмет етті, өлкетанулық мұражайлар ашылды, көне ескерткіштер зерттелді, халық ауыз шығармашылығы, қазақтардың жай құқығы зерттелді, кітапханалар ашылды.
Шоқан Уәлиханов.
· Ш.Ш.Уәлиханов 1835 жылы Қосмұрын елді мекенінде дүниеге келді.
· 12 жасына дейін жеке мектепте оқыды; 1847 жылы Омбы кадет корпусына Сібірдің ең үздік оқу мекемесіне оқуға түсті.
· Кадет корпусында болашақ белгілі ғалым Г.Н.Потанинмен танысты.
· Омбыда Ш.Уәлиханов орыстың ұлы жазушысы Ф.М.Достоевскиймен кездесті, кейін хат жазысып тұрды.
· 1853 жылы кадет корпусын аяқтағаннан кейін Сібір казак әскеріне қызметке тұрады; 1854 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың адьютанты қызметіне орнатылады.
· 1855 ж. Уәлиханов Гасфортпен Омбыдан Іле Алатауына дейін сапарға аттанады. Осы сапарында ол халық аңыздарын, әндерін жинайды.
· 1856 ж. ол орыс ғалымы П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен танысады; екі экспедицияға қатысады. Алакөлден Ыстықкөлге дейін және Құлжаға.
· 1857 жылы Уәлиханов алатау қырғыздарына саяхаты кезінде қырғыз эпосы «Манасты» жазып алады.
· Оның саяхаттарының нәтижесі келесі тарихи-этнографиялық шығармалары болып табылады: «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар».
· 1857 жылы Уәлиханов Орыс Географиялық қоғамынының мүшелігіне енді.
· 1858 жылы ол құпия түрде Қашғарияға саяхат жасап (Марко Поло мен Геостан кейін), келесі еңбегін жазды «Алтыншар жағдайы туралы немесе Нан-Лу Қытай провинциясының алты шығыс қаласы».
· Оның еңбегі Ресейдің шығыстанушыларымен жоғары бағаланып, ағылшын тіліне аударылып басылды.
· 1860 жылы Әскери министр шақыруымен Уәлиханов Петербургке келіп, үлкен құрметке бөленеді.
· 1864 жылы Уәлиханов Черняев экспедициясына қатысады (Оңтүстік Қазақстанды қосу).
· 1865 жылы Алтынемел тауының етегінде Тезеке ауылында туберкулезден қайтыс болады.
Абай Құнанбаев (1845-1804)
· Абай Құнанбаев 1845 жылы Шыңғыс таулары маңында дүниеге келді.
· Алғашқы білімін үйде алды, кейін Семейдегі имам Ахмет-Ризамедресесінде білімін жалғастырды. Білімін аяқтамай, ауылға қайтуға мәжбүр болды.
· 1886 жылы 40 жасында «Жас» өлеңін жазды және оның қалған өмірінің барплығы терең мазмұнды шығармашылықта өтті («Ескендір» поэмасы, «Масғұд», «Әзім туралы аңыз»).
· Абай өзін қоршаған ортадан анағұрлым жоғары тұрды. Ол қоғамды тек жақсы жағынан көруге тырысты.
19 ғ. ақындары.
· Махамбет Өтемісұлы – «Соғыс», «Менің тарланым» т.б.
· Шернияз Жарылғасұлы халық көтерілісі тақырыбын жалғастырды.
· Кенесары Қасымұлы көтерілісіне қатысушы ақын Нысанбай Жаманқұлұлы «Наурызбай-Қаншайым» поэмасының авторы.
· Айтыскер ақындар Шөже Қаржаубайұлы мен Жанақ Сағындықұлы, Сүйінбай Аронұлы.
· Дулат Бабатайұлының өлеңдерінде қарапайым адамдардың ауыр тұрмысы бейнеленді.
· Қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзгерістер Шортанбай Қанайұлының шығармашылығында көрініс тапты.
19 ғ. қазақтардың музыка өнері.
· Қазақ музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығы үлкен үлесін қосты. Оның 60-қа жуық күйлері сақталған.
· Ең танымал композиторлардың бірі Дәулеткерей Шығайұлы, оның 40-қа жуық күйлері сақталған.
· Аспапты музыканың дамуына көп үлесін қосқан Тәттімбет Қазанғапұлы.
· Дарынды композитор және қобызшы Ықылас Дүкенұлы, сыбызғышы Сарымалай.
· Ән мәдениеті Біржан-сал Қожағұлұлы, Мұхит Мералыұлы, Ақан-сері Қосамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлының шығармашылығынан көрініс табады.
Модернизмнің негізгі бағыттары
20 ғасырдың күрделі қарама-қайшы мәдениеті модернизм өнері деп аталады.
Модернизм – бұл біртұтас көркем құбылыс емес, өздерінің мақсаттары және құралдары бір-біріне қарама-қарсы тәуелсіз ағымдар жиынтығы.
Модернизм өнері ескі, үйреншікті дәстүрлерден бас тартып, сөйтіп көп даулар мен шу туғызды.
Модернизм көркемсуреті.
20 ғасырда модернизмнің бірінші ағымы фовизм болды.
1901 жылы Парижде Винсент Ван Гог көрмесі өтті. Ван Гогтың жарқын бояулармен салынған туындылары француз өнерінді жаңа ағымның тууына әсерін тигізді. Анри Матисс бастаған жас суретшілер тобы таза, әсерлі түстерді қолданып, стильді, өз заманы үшін батыл суреттер салды. Мұндай суреттер халық үшін үйреншікті болмай, бұл топтың суретшілерін «фовистер» деп атады (француздың «жыртқыш» сөзін білдірген). Фовистер өз алдына табиғатты дәл бейнелеу мақсатын қоймады. Олар көзге көрінбейтін заттарды, табиғатты көргендегі әсіресе сезімдерді бейнеледі. Олардың басты құралы түс болды (Анри Матисс, Морис де Вламинк, Рауль Дюфи, Альбер Марке, Жорж Руо).
Пайда болған сәтінде фовизмді қоғам салқын қарсы алды. Кейін бірнеше онжылдықтардан соң адамдар олардың суреттерінен өзіндік әсемдік, қуаныш, ләззат ала бастады.
Түс арқылы бейнелеуді ХХ ғасыр басында Германияда пайда болған экспрессионизм («сезімді білдіру») ағымының жақтаушылары да қолданды. Өнердің бұл бағытының мақсаты суретшінің ішкі жан сезімін, толғанысын, көңіл-күйін суреттер арқылы бейнелеу, жеткізу. Бұл ағым Франциядағы фовизммен бір уақытта пайда болды. Бірақ фовистерден ерекшелігі неміс экспрессионистері сұлулыққа ұмтылған жоқ, шығарманың сыртқы сұлулығына аз қызуғышылық танытты. Олар көрерменді таң қалдырғысы келді, оның сезімдерін оятқысы келді.
20 ғ. басында неміс экспрессионистері бірнеше бірлестіктер құрды: «Көпір», «Көк салт атты», «Дауыл» журналы жанындағы бірлестік.
Бұл ағымның ірі өкілдері: Эрнст Людвиг Кирхнер, Эмиль Нольде, Оскар Кокоша, Отто Дикс.
20 ғасырдың бірінші онжылдығында модернизмнің өзіндік ерекшелігі бар тағы бір ағымы – кубизм пайда болды. Ол ағым үшін деформациялық бейнелер, өмірден алшақтық тән болды. Кубистер заттарды қарапайым геометриялық формалар шар, цилиндр, призма, куб түрінде бейнелеуді үлгі етті. Кубистер күңгірт, қоңыр бояулар қолданып, оларға жасыл және және көкшіл түстерді қосты.
Бұл бағыттың негізін қалаушылар испандық суретші Пабло Пикассо және француз Жорж Брак болды. Олардың пікірінше суретші көзге көрінетін нақтылыққа ілеспеуі керек, ол өзі нақтылықты тудыруы қажет. Олар өмірді бөліктерге бөлген тәрізді болды және кейін оны өз бетінше жинады, сөйтіп бір затты жан-жақты көрсетуге тырысты.
Олардың шығармашылығына негрлік мүсіндер ықпал етті. Сондай-ақ постимпрессионист Поль Сезанн шығамашылығы ықпал етті. Сезаннан кубистер заттарды қарапайым геометриялық формалар шар, цилиндр, призма, куб түрінде бейнелеуді үлгі етті.
Кубизмге мәні жағынан жақын ағым футуризм («болашақ») болды. Ол Италияда қалыптасты (Джакомо Балла, Джино Северини). Жас суретшілер тобы өткен дәуірге бас июден бас тартып, «болашақтың жаңа өнерін» туғызуға тырысты. Оларды темір жолдар, таңғажайып ұшу аппараттары, болат көпірлер, автомобильдерге толы үлкен қалалар қызықтырды. Футуристер өз шығармаларында өмірдің жылдам әрі қарқынды дамуын бейнеледі.
1920 жылдары сюрреализм ағымы пайда болды. Сюрреализм сөзі француздың шындықтан тыс, таңғажайып деген мағынасын білдіреді. Мұнда шын заттар мен нәрселер фантастикалық құбылыстар немесе түс ретінде көрінеді. Сюрреалистер өз шығармаларына инстинктерді, түстерді, галлюцинацияларды арқау етті.
Бұл ағымның ең жарқын өкілі Сальвадор Дали болды.
Модернизм өнеріндегі ең күрделі және даулы бағыт болып абстракционизм есептеледі. Бұл бағыттың «атасы» орыс суретшісі Василий Кандинский.
1910 жылы Кандинский ешқандай нақты заттарды бейнелемейтін, тек түрлі-түсті бояулардан ғана тұратын суреттерін жазды. Абстракционизмде нақты заттар, адамдар, пейзаждар қолданылмай, олардың бейнелеу үшін нүктелер, линиялар, жазықтықтар, түс қолданылады.
Абстракционаизмдегі өзіндік қалыптасқан бағыт супрематизм (геометриялық фигураларды бейленеу) деп аталады. Бұл ағымның пайда болуын Казимир Малевичтің есімімен байланыстырады.
20 ғ. 50-жж. поп-арт ағымы пайда болды. Поп-арт суретшілері жұмысында көркемсурет пен мүсін арасында шекара болған жоқ, олардың шығармалары үш өлшемді болуы мүмкін. Поп-арт суретшілері фотосуреттерді, коллаждарды, дайын заттардың комбинацияларын жиі қолданады. Картиналарда консерв банкаларын, «Кока-кола» бутылкаларын, жарнама плакаттарын, ұлғайтылған комикс суреттері бейнеленді. Поп-арт өкілдері көбінесе американдықтар.
Поп-арт классиктері Роберт Раушенберг, Рой Лихтенштейн, Энди Уорхол, Клас Ольденбург, Джордж Сигел.
20 ғ. көркемсуретінде уникалды ағым примитивизм мен наивизм қалыптасты. Бұл ағымның суретшілері балалар суреттеріне ұқсас суреттер салды (Анри Руссо, Николо Пиросманашвили).
20 ғасырдағы Батыс мәдениеті
20 ғ. әдебиеті
Достарыңызбен бөлісу: |