Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттері мен шандырлары



Дата09.02.2022
өлшемі52,5 Kb.
#131143
Байланысты:
Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттері мен шандырлары


Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттері мен шандырлары
Иық белдеуінің бұлшық еттері иық буынының айналасын қоршап,оны түрлі қимылға келтіреді.Бұлшық еттер иық белдеуінің сүйектерінен басталып кар сүйегіне жабысады.
1)Дельта тәрізді бұлшық ет( дельтовидная мышца,m.delteideus)Бұғана сүйегінің латераль бөлігінен,акрамионнан және жауырынның қырынан басталады.Барлық бумалары бірігіп қар сүйегінің дельта тәрізді бұдырына келіп бірігеді.
Атқаратын қызметі:алдыңғы бөлігі иықты бүгеді,ортадағы бөлігі иықты горизонталь деңгейде ұстайды,артқысы иықты жазады.
2)Қыр үсті бұлшық еті(надостная мышца,m.supraspinatus)-жауырынның қыр үсті шұңқырынан басталып,қар сүйегінің үлкен томпағына бірігеді.
Атқаратын қызметі:иықты денеден алып қашады,орталық бөлігінің синергисті.
3)Қасты бұлшық еті(подостная мышца,m.infraspinatus)-жауырынның қыр асты шұңқырынан басталып,қар сүйегінің үлкен томпағына бірігеді.
Атқаратын қызметі:иықты сыртқа айналдырады.
4)Кіші домалақ бұлшық ет(малая круглая мышца,m.teres minor)-жауырынның латераль шетінен басталады,қар сүйегінің үлкен томпағына жабысады.Иықты сыртқа айналдырады.
5)Үлкен домалақ бұлшық ет(большая круглая мышца,m.teres major)-жауырынның латераль шетінен басталып қар сүйегінің кіші томпағына бірігеді.Иықты ішке айналдырып,төменге және арқаға тартады.
6)Жауырын асты бұлшық ет(подлопатная мышца,m.subcapularis).Жауырынның қабырға бетінің шұңқырынан басталады,қар сүйегінің кіші томпағына жабысады.Иықты ішке бұрады,оны денеге жақындатады,иық буынын соғылудан қорғап,кері тартып тұрады.
Қолдың еркін қимылдайтын сүйектерінің бұлшық еттері:тоқпан жіліктің,білектің,қолбасы сүйектерінің бұлшық еттері болып үшке бөлінеді.
Тоқпан жіліктің бұлшық еттері екі үлкен топқа бөлінеді:
-алдыңғы топтағы бұлшық еттері қызметі жағынан қолды бүгушілер;
-артқы топтағылары-жазушылар.
Алдыңғы топтағы бұлшық еттеріне:
Екі басты бұлшық ет( двуглавая мышца,m.biceps brachii).Оның ұзын басы жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталады.Екі басы бірігіп,қар сүйегінің бұдырына жабысады.Бұлшық ет қарды және білекті шынтақ буынында бүгеді,білекті сыртқы қарай айналдырады.
Құстұмсық-иық бұлшық еті( клювоплечевая мышца m.coracobrachialis) жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталып,білек сүйегінің ортасына жабысады.Бұлшық ет жиырылғанда иық көтеріледі,ішке қарай айналады,иық денеге жақындайды.
Иық бұлшық еті( плечевая машца,m.brachialis)қар сүйегінің төменгі 1/3-нен басталып,білектің шыбығының адырлы томпағына жабысады.Қар бұлшық еті шынтақ буынының қапшығымен бірігеді.Бұлшық ет жиырылғанда білек шынтақта бүгіледі.
Артқы топтағы бұлшық еттері:
Үш басты бұлшық ет( трехлавая мышца плеча,m.triceps brachii)ұзын басы жауырынның буын шұңқырының төменінен,сыртқы және ішкі бастары қар сүйегінің артқы бетінен басталып,шынтақ сүйегінің өсіндісіне барып бірігеді.Бұлшық ет жиырылғанда білек жазылады.
Білектің шыбығының бұлшық еті( локтевая мышца,m.anconeus)қар сүйегінің латераль айдаршығынан басталып,шынтақтың шыбығына жабысады.Бұлшық ет қолдың жазылуына қатынасады.
Білектің бұлшық еттері.
Топографиялық орналасуына байланысты білектің бұлшық еттері алдыңғы және артқы топтағы болып бөлінеді.
Білектің алдыңғы топтағы бұлшық еттері төрт қабат болып орналасқан.
Тоқпан жілік-шыбық жілік бұлшық еті( плечелучевая мышца,m.brachioradilis).Қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен,иық шандыры бұлшық ет аралығының латераль бөлігінен басталып,шынтақ шыбығының дисталь ұшына жабысады.
Атқаратын қызметі:білекті бүгеді,қол басын супинация мен пронация аралығында ұстайды.
Дөңгелек пронатор( круглый пронатор,m.pronator teres)-қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен,иық шандырынан,бұлшық ет аралық медиаль бөлігінен,шынтақ сүйегінің тәждік өсіндісінен басталып,шынтақ шыбығының орта бөлігіне бірігеді.Атқаратын қызметі:білекті бүгеді және ішке қарай айналдырады.
Шыбықтың білезікті бүгетін бұлшық еті( лучевой сгибатель запястья,m.flexor carpi radialis) қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен,білек шандырынан басталады,алақанның II сүйегінің негізіне бірігеді.
Атқаратын қызметі:қолдың басын бүгеді,оны аз ғана ішке айналдырады.
Алақанның бұлшық еті( длинная ладонная мышца,m.palmaris longus) қар сүйегінің медиаль айдаршық үсті мен білек шандырынан басталып,алақанның шандырына(апоневроз) бірігеді.
Атқаратын қызметі:алақанның бүгуіне қатынасады,алақан шандырын қатайтады.
Шынтақ білезікті бүгетін бұлшық еті( локтевой сгибатель запястья,m.flexor carpi ulnaris)екі басты бұлшық ет қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен және шынтақ сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінен басталады,білектің орта тұсына келгенде екі басы қосылып білезіктің бұршақ,қармақ тәрізді сүйектеріне және V алақан сүйегіне жабысады.
Атқаратын қызметі:қол басын бүгеді,оның денеге жақындауына қатынасады.
Саусақтарды бүгуші беткейдегі бұлшық ет( поверхностный сгибатель пальцев,m.flexor digitorum superficialis) жалпақ, алдыңғы бұлшық еттердің астында жатады.Қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен,шынтақ сүйегінің проксималь шетінен басталады,бұлшық еттің барлық талшықтары-төрт шандыр болып тарамдалады.II-IV саусақтың ортадағы сүйегіне келіп бірігеді.
Білектің тереңдегі бұлшық еттері:
1)Бас бармақты бүгуші ұзын бұлшық еті( длинный сгибатель большого пальца,m.flexor pollicus longus) шынтақ шыбығының алдыңғы бетінен басталып,бас бармақтың дисталь сүйегіне келіп бірігеді.
Атқаратын қызметі:бас бармақтың дисталь сүйегін бүгеді,алақанның бүгілуіне қатынасады.
2)Шаршы пронатор бұлшық еті( квадратный пронатор,m.pronator guadratus) шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінің төменгі үштен бір бөлігінен басталып,шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінің дисталь ұшына бірігеді.
Атқаратын қызметі:білекті ішке айналдырады.
3)Бармақтарды бүгуші тереңдегі бұлшық ет( глубокий сгибатель пальцев,m.flexor digitorum profundus)шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен басталып,II-V саусақтардың дисталь ұшына жабысады.
Атқаратын қызметі:II-V саусақтарды бүгеді.
Білектің артқы топтағы бұлшық еттері.Олар негізінен бүгілген білекті,қолды жазады.Топографиялық орналасуына негізделіп беткейдегі және тереңдегі болып екі топқа бөлінеді.
Білектің артқы топтағы беткейдегі орналасқан бұлшық еттері.
Білезікті жазатын шыбықтың ұзын бұлшық еті( длинный лучевой разгибатель запястья,m.extensores carpi radialis longus) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен,иық шандырының бұлшық ет аралық латераль бөлігінен басталып II алақан сүйегінің сыртына жабысады.
Атқаратын қызметі:Білекті азғана бүгіп,қолдың басын жазады және денеден алыстатады.
Білезікті жазатын шыбықтың қысқа бұлшық еті(короткий лучевой разгибатель запястья, m.extensores carpi radialis brevis) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен,білек шандырынан басталады.Бұлшық еттің шандыры төртке тарамдалып қолдың сыртында ортаңғы саусақ сүйектеріне,ал II-V саусақ сүйектерінің дисталь ұшының бүйіріне жабысады.
Атқаратын қызметі:саусақтарды,қол-басын жазады.
Шынашақты жазатын бұлшық ет(разгибатель мизинца,m.extensor digiti mini) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен басталып V саусақтың ортадағы және дисталь сүйектеріне жабысады.
Атқаратын қызметі:шынашақты жазады.
Білезікті шынтақтан жазатын бұлшық ет( локтевой разгибатель запястья, m.extensores carpi ulnaris) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен және білек шандырынан басталады.V алақан сүйегіне жабысады.
Атқаратын қызметі:қолды жазады,денеге жақындатады.
Супинатор(супинатор,m.supinator) беткейдегі бұлшық еттердің астында орналасқан.Қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен шынтақ буынының қапшығынан,шынтақ сүйегінің қырынан басталып,шыбық сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігінің алдына,артына,латераль бетіне жабысады.
Атқаратын қызметі:білекті сыртқа айналдырады.
Бас бармақты алып қашушы ұзын бұлшық ет(длинная мышца отводящая большой палец кисти,m.abductor longus) шынтақ және шыбық сүйектерінің дорсаль беттерінен,сүйек аралық қабыршақтан басталып,1 алақан сүйегінің негізіне бірігеді.
Атқаратын қызметі:қол басын,үлкен саусақты басқа саусақтардан алыстатады.
Бас бармақты жазушы қысқа бұлшық ет(короткий разгибатель большого пальца кисти, m.extensor pollicis brevis) шыбық сүйегінің артқы бетінен,сүйек аралық қабыршақтан басталып,үлкен саусақтың проксималь сүйегіне жабысады.
Атқаратын қызметі:үлкен саусақты жазады,аздап алып қашады.
Сұқ саусақты жазушы бұлшық ет(разгибатель указательного пальца, m.extensor idicis) шынтақ сүйегінің артқы бетінен,білек сүйектерінің аралық қабыршағынан басталып,сұқ саусақтың проксималь сүйегінің сыртқы бетіне жабысады.
Атқаратын қызметі:сұқ саусақты жазады.
Қол басы бұлшық еттері:
Олар негізінен қолдың алақан бетінде орналасқан.
Топографиялық орналасуына негізделіп үш топқа бөлінеді:латераль(бас бармақ бұлшық еті),медиаль(шынашақ бұлшық еттері) және ортаңғы бұлшық еттер.
Алақанның латераль топтағы бұлшық еттері:
Бас бармақты алып қашушы қысқа бұлшық ет(короткая мышца отводящая большой палец кисти,m.abductor pollicis brevis) білектің қайық,трапеция сияқты сүйектерінен басталып,үлкен бармақтың проксималь сүйегіне жабысады.
Атқаратын қызметі:бас бармақты басқа бармақтардан алыстатады.
Бас бармақты бүгуші қысқа бұлшық ет(короткий сгибатель большого пальца,m.flexor pollicis brevis) екі басты бұлшық ет.II алақан және трапеция сияқты сүйектен басталып бас бармақтың проксималь ұшына бекиді.
Атқаратын қызметі:бас бармақты бүгеді.
Бас бармақты қарсы қоюшы бұлшық ет(мышца противопоставляющая большой палец кисти,m.oppenens pollicis) трапеция сияқты сүйек томпағынан басталып,1 алақан сүйегінің латераль және алдыңғы бетіне жабысады.
Атқаратын қызметі:бас бармақты саусақтарға қарсы қояды.
Бас бармақты жақындатушы бұлшық ет(мышца приводящая большой палец кисти,m.colductor pollicis) екі басты бұлшық ет.Олар II-III алақан сүйегінен басталып,бас бармақтың проксималь сүйегіне жабысады.
Атқаратын қызметі:бас бармақты сұқ саусаққа жақындатады.
Қол басының медиаль топтағы бұлшық еттері:
Алақанның қысқа бұлшық еттері(короткая ладонная мышца,m.palmaris brevis) алақанның сіңірін тартып шынашақтың томпағында шұңқыр пайда болады.
Шынашақты алып қашушы бұлшық ет(мышца отводящая мизиниц,m.abductor digiti minimi) білезіктің бұршақ тәріздес сүйегінен басталып шынашақтың проксималь сүйегіне бекиді.
Атқаратын қызметі:шынашақты басқа саусақтардан алыстатады.
Шынашақты бүгуші қысқа бұлшық ет(короткий сгибатель мизинца,m.flexor digiti minimi brevis) қармақ тәрізді сүйектің өсіндісінен басталып,V саусақтың проксималь сүйегіне бекиді.
Бұлшық ет жиырылғанда шынашақты бүгеді.
Шынашақты қарсы қоюшы бұлшық ет(мышца противопоставляющая мизинец,m.oppentus digiti minimi) Қармақ тәрізді сүйектен басталып,V алақан сүйегінің шынтақ бетіне бекиді.Бұлшық ет жиырылғанда шынашақты бас бармаққа қарсы қояды.
Қол басының орта топтағы бұлшық еттері:
Құртқа ұқсаған бұлшық ет(червеобразные мышцы,m.m.lumbricales) кішкене саусақтардың тереңдегі бүгушілердің сіңірінен басталып,II-V саусақтың проксималь сүйегіне келіп бекиді.
Алақанның сүйек аралық бұлшық еті(ладонные межкостные мышцы,mm.interossei palmares)II-V алақан сүйектерінің арасындағы үш бұшық ет.Олар II-V саусақтардың проксималь сүйектеріне бекиді.Бұлшық еттер жиырылғанда II-IV-V саусақтар III саусаққа жақындайды.
Сүйектер аралық сыртқы бұлшық еттер(тыльные межкостные мышцы,mm.interossed dorsalis) сүйектердің бір-біріне қараған бетінен басталып,II-IV саусақтарға бекиді.Бұлшық ет жиырылғанда I-II саусақтарды II-ден алыстатады.
Иық пен қолдың шандырлары тері асты және меншікті(собственная,fascia propria) шандырларға бөлінеді.Қолдың тері асты шандырының практикалық маңызы жоқ.Иық-қол меншікті шандыры бұлшық еттер мен сіңірлерді көптеген қапшықтар арқылы қоршап тұрады.Иық белдеуінің шандырлары:
-дельта тәрізді;
-қыр үсті;
-қыр асты;
-жауырын асты;
Бұлардың барлығы өздері аттас бұлшық еттерді қоршап тұрады.
Иықтың меншікті шандыры(собственная фасйия плеча,fascia brachialis) қардың алдыңғы және артқы топтағы бұлшық еттерін бөліп тұрады.Ол білектің шандырына жалғасады.Білектің шандыры бұлшық еттерді қоршап бір-бірінен бөліп,білезік буынында қалыңдап,дөңгелек жалғама пайда болады.Дөңгелек жалғама басып өтетін бұлшық еттерде білек тәрізді орам болады.
Қолдың сыртындағы жалғаманың астында жазушы бұлшық еттердің алты қынабы пайда болады.Олардағы синовиал сұйықтар үйкелісті кемітіп,сіңірлердің жылжуын күшейтеді.Домалақ жалғаманың алақан бөлігінде екі синовиал қынап бар.Олардың біріншісінде қолдың беткейдегі және тереңдегі бұлшық еттерінің сіңірі,екіншісінде бас бармақтың ұзын бұлшық етінің сіңірі орналасқан.Қол басының шандыры білек шандырының жалғасы болып саналады.Қолдың сыртындағы шандыр екіге тарамдалады:
Беткейдегісі-қолды жазушы бұлшық еттердің сіңірі.Тереңдегісі сүйек аралық бұлшық еттерді қаптап тұрады.Қолдың алақан бетіндегі шандыр беткейдегі және тереңдегі болып екі топқа бөлінеді.Беткейдегі шандырлар бас бармақ пен шынышақтың бұлшық еттерін жауып,алақанның ортасында алақан апоневрозы пайда болады.Тереңдегі шандыр сүйек аралық бұлшық еттерді қаптайды.
Қолды көтергенде қолтық асты шұңқыры көрінеді,ал қар сүйегімен білек сүйектерінің арасында шынтақ шұңқыры бар.Бұл шұңқырлардың іс жүзінде маңызы зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет