Iii студенттік ғылыми-теориялық конференциясы баяндама



бет1/3
Дата28.11.2023
өлшемі22,33 Kb.
#194022
  1   2   3
Байланысты:
Баяндама Айда ССФ 23-02
Жеңіл атлетика оқ әдіс 3-курс

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МЕКТЕБІ


III СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ


Баяндама
Тақырыбы: Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды үйретудің маңыздылығы.
Баяндамашы: Калыбекова Аида ССФ 23-02 тобы
Жетекшісі: Жилисбаев Н.К


Түркістан-2023ж
БАЯНДАМА
Армысыздар құрметті «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» секциясының төрағасы және секция мүшелері мен қадірменді студенттер. Мен бүгінгі III Студенттік ғылыми-теориялық конференциясында «Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды үйретудің маңыздылығы» атты тақырыпта баяндама қорғаймын. Бастауға рұқсат етсеңіздер?
Қазіргі таңда, заманауи қоғам өмірінің барлық жақтарын сапалы түрде қайта өзгерту жағдайларында дені сау тұлғаны қалыптастыру үшін қажетті салауатты адамдарды физикалық даярлауға деген талаптар артуда. Дене шынықтыру қозғалысы, дене тәрбиесінің қазіргі заманға сай жүйесі салауатты өмір салтын жүргізуге, адамдар денсаулығын нығайтуға, олардың жұмыс қабілеттілігін, Отанды қорғауға дайындығын күшейтуге, жоғары өнегелі қасиеттерді, ұлттық рух сергектігін, күш-жігер мен төзімділікті қалыптастыруға, дені сау және жарқын жас ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндігінше жағдай жасауға үнделген. Бүгінгі жастар жан-жақты білімді ғана емес, сондай-ақ рухани сұлу, денсаулығы мықты, шыныққан болуы керек. Білім беру жүйесінің алдында осындай маңызды міндеттердің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру, жасөспірімдердің қимыл-қзғалыс дағдыларын дамыту мәселесі. Елімізде осындай мәселелерге байланысты көптеген құжаттарға қол қойылды, мәселен: Қазақстан Республикасының Президентінің 2021 ж 1 Қыркүйектегі жолдауында «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру» тақырыбын терең талқылады. Үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» мәселелерін атап өтті. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектеп оқушыларының қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту. Мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, олардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыру қажет.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, орта білім беру мекемелерінде дене жаттығулары арқылы мектеп оқушыларының қимыл-қозғалыс дағдыларын ұлттық ойындар арқылы сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда.
Қимыл-қозғалыс әрекетіндегі ұлттық ойындар жасөспірімдерді жан-жақты дамытып қана қоймай, ол ата-бабаларымыздың ұлттық психологиялық болмысы мен тәлім-тәрбиесін, рухани адамгершілік сипаттары мен мәдени құндылықтарын өзара ішкі бірлікте денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеген. Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың арәлуан ойын түрлері олардың қимыл-қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады. Жасөспірімдердің денесін шынықтыру мен ақыл-ойының жетілуіне әсер етеді. Сондай-ақ бала ойын барысында қатар құрбыларымен қарым-қатынас жасау нәтижесінде жеке басының қасиеттерін дамыту мүмкіндігіне ие болады.
Біз халқымыздың тарихи болмысы, өзге ұлттан ерекшелігі, ұлттық салт-дәстүрі, ұлттық мәдениетке бай халықпыз. Біз үшін осылардың ең қажеттісі, ардақтысы өзгелерден ерекше ұлттық ойындар. Кез келген ұлт мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде тән сұлулығы, дене тәрбиесі, спорттық ойындардың ерекше маңыз бар. Ұлттық ойындардың өзгелерден ерекшелігі, олар дүние жүзіндегі мәдениетке қосқан әр халықтың өзіндік үлесі деп айта аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет