Қылмыс құқығы Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар
жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң
нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың
тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық
болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары:
заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны,
әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқық қоғамдағы
конституциялық, азаматтық,еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен
реттелетін қатынастарды қорғайды.
Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп,
қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық,
тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады.
Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады.
Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады:
қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны
жазалауға құқылы
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.
Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін. ҚР Қылмыстық құқық-ында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады. Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі — 1997 ж. қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституц. Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.
Қылмыстық құқық принциптері
Жаңа қылмыстық заңнамада өзінің қолданысын тауып, құқықты қолдану практикасында жүзеге асуға тиіс Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының принциптері.
Ең бірінші кезекте, бұл — заңдылық принципі.
Қылмыстық құқықтың келесі принципі азаматтардың заң мен соттың алдындағы теңдік принципі болып табылады.
Қылмыстық, құқықтың барынша маңызды принципі кінәлі жауапкершілік принципі болып табылады.
Кінәлі жауапкершілік принципінен жеке жауапкершілік принципі тікелей пайда болады.
Қылмыстық құқықтың негіз салушы принциптерінің бірі сапасында әділеттілік припципі бөлініп шығады.
Конституциядан қылмыстық құқық. принциптерінің тағы біреуі тікелей бөлініп шығады. Бұл — гуманизм принципі.
Гуманизм принципіне барынша тығыз жанасқанымен, бірақ онымен толық қамтылмайтыны қылмыстық жазалауды үнемдеу принципі.
Қылмыстық жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы туралы қылмыстық құқық принципі жеке назар салуға тұрарлық.
Қылмыстық – атқару жүйесі дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ (Үкіметтің 2012 жылғы 8 маусымдағы №775 қаулысымен бекітілген) Сотталғандарды жасақтық ұстаудан камера бойынша ұстауға ауысу, сондай-ақ Қылмыстық атқару кодексінің негізгі ережелерін, атап айтқанда бас бостандығынан айыруға балама жазалау түрлерін кеңінен қолдану бөлігін түпкілікті өзгерту бойынша Заң тұжырымдамасын әзірлеу
ҚАЖ-нің медициналық қызметін Денсаулық сақтау министрігінің қарамағына беру. Инновациялық технологияларды ендіру, сотталған-дарға қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану
Ішкі әскерлер құрылымында бақылау қызметі құрылды
Назарларыңызға рахмет!