Қабылдаған: Муратханова Меруерт Бейсеновна Тақырыбы: ҚР және шет елдердің жаза жүйесіне салыстырмалы талдау



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі22,63 Kb.
#86206
  1   2
Байланысты:
Ахилбаев Асхат қылмыстық құқық сро


Білім және ғылым министрлігі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Заң факультеті
Халықаралық құқық кафедрасы

СРО

Орындаған: Ахилбаев Асхат Серикович
Қабылдаған: Муратханова Меруерт Бейсеновна
Тақырыбы: ҚР және шет елдердің жаза жүйесіне салыстырмалы талдау


Нұр-Сұлтан 2020


Жоспары:

  1. ҚР дағы жаза жүйесі

  2. ҚР дағы жаза түрлері

  3. РФ дағы жаза жүйесі

  4. РФ дағы жаза түрлері

ҚР дағы жаза жүйесі жүйесі және түрлері
Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
a) Айыппұл салу;
b) Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір – қызметпен айналасу құқығынан айыру;
c) Қоғамдық жұмыстарға тарту;
d) Түзеу жұмыстары;
e) Әскери қызмет бойынша шектеу;
f) Бас бостандығына шектеу;
g) Қамау;
h) Тәртіптілік әскери бөлімде ұстау;
i) Бас бостандығынан айыру;
j) Өлім жазасы қолданылуы мүмкін;

Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдану» 24 маусым 1993 жылғы №3 қаулысының 16 – тармағында «Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне бас назар аударғаны жөн. Өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі», – делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстың заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке – дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар:
a) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, биліктік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
b) мүлкін тәлкілеу қолданылуы мүмкін (39-бап , 2 -бөлігі)
Үшінші топқа негізгі де, қосымшада жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады.
Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әртүрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану – қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шартты болып табылады.
Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама берейік.
Айыппұл
Айыппұл қылмыттық кодексте көзделген шекте сотпен белгіленіп тағайындалатын ақша сомасын өндіріп алу. Айыппұл жазаның негізгі де, қосымша да түрі бола алады. Белгілі бір лауазымнан немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру. Белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру немесе белгілі бір лауазымды құқығынан айыру мемлекеттік қызметте жергілікті өзін – өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруына белгілі бір кәсіптік немесе өзгеде қызметпен айналасуына тиым салу. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейін, ал қосымша ретінде алты айдан үш жылға дейін белгіленеді.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкцияда ол туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодестің 55-бабының тараптарына жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.
Түзету жұмыстары.
Түзеу жұмыстары 2 – айдан 2 жылға дейінгі мерзімге дейін белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның сот үкімімен белгіленген 5% -тен 20%- ке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі . Түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды, еңбекке жарамсыз адамдарға, тұрақты жұмысы жоқ адамдарға, оқу орындарында, өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкін. Егер аталған мән – жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
Бас бостандығынан шектеу.
Бас бостандығынан шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге оны қадағаулауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстарған жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде жеке – дара ретінде тағайындалады. Бас бостандығынан шектеу негізгі жазаға балама ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің көптеген баптарының санкцияларында арнайы көрсетілген. Мысалы, 108 – баптағы денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру, 101 – баптағы абайсызда кісі өлтіру, 102 – баптағы өзін – өзі өлтіруге дейін жеткізу, т.б. құрамдар. Бас бостандығынан шектеуге сотталғандар арнаулы мекемелерде – қоныс колонияларында Республика көлемінде өтейді. Жергілікті өкімет және басқару органдары осы жазаны өтеуге жіберілгендерді еңбекке орналастыруға міндетті. Бас бостандығынан шектеу мерзімі заңда 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзім деп белгіленген.
Қамау
Қамау сотталған адамға тағайындалған жазаның бүкіл мерзімін қоғамның қатаң оқшаулау жағдайында тағайындалады. Қамау 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде белгіленеді. Қамау 16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған адамдарға және жүкті әйелдерге қолданылмайды. Әскери қызметшілер қамауды гаупвахтада өтейді. Қылмыстық атқару құқығы бойынша қамауды өтейтін орын – арнаулы қамау үйлері болып табылады. Осы жазаға сотталғандар жазасын осы мекемеде өтейді. Қамау жазасын өтейтіндер қоғамнан қатаң түрде оқшауланып, қамаудағы басқа адамдардан бөлек ұсталады. Осы жазаны өтеудің нақты тәртібі қылмыстық атқару заңдарымен реттеледі. Сот үкімі бойынша қамау жазасы тағайындалғандар сотталғандық атақ алады. Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде қамау жаза түрі ретінде қарастырылмаған еді. Жазаның бұл түрі тұңғыш рет Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодекстің 46 – бабы 1 – бөліміне сәйкес қамау дегеніміз соталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.
Бас бостандығынан айыру
Бас бостандығынан айыру – дегеніміз сотталға адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге асыру болып табылады. Бас бостандығынан айыру жазаның ең ауыр түрінің бірі болып табылады. Бас бостандығынан айырылғанда сотталған адамның құқылық жағдайы елеулі шектеуге түседі, ол қоғамнан оқшауланады , өз қалауы бойынша еңбек қызметін атқаруға шек қойылады, уақыт мөлшері өз бетімен пайдалануға тежеу салынады, т.б. Бас бостандығынан айыру жазасы тек негізгі жаза ретінде 6 айдан 15 жылға, ал Қылмыстық кодекстің 49 – бабының 1 – бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін 20 жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру 10 жылдан аспауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет