Индивид (жеке адам)



Дата19.02.2023
өлшемі15,76 Kb.
#169365
Байланысты:
Лекция 5


Тұлғаның психологиялық құрлымы. Қабілет, нышан.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. 
Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Қабілет – іс-әркеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.
Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.
Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық - физиологиялық ерекшелік.
Адам қабілеттері тумадан берілмейді.
Алайда, кейінгі өмір барысында дамуына арқау болар белгілі табиғи алғы шарт - нышан оның гендік тұғырында бекіген.
Адамның кейбір өзгешеліктері ана күрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кейбір анализаторлардың ерекшеліктері туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді.
Нышанның соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетіле дамуы музыкалық қабілет ушін, анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол — адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды.
Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. 
Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің турін дарындылық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, жүйке процестерінің қозғалғыштығы, динамикалық стереотиптердің шапшаң жасалып, оңай өзгеруі т. б.) байланысты болып келеді.
Тарихи-әлеуметтік маңызы бар шығармашылықты беретін қабілеттіліктің ең жоғарғы түрі данышпандық деп аталады. 
Күрделі қабілеттер – оқуда, бақылау, шығармашылық істерінде көрініп, ақыл-ес дамуының жоғары деңгейін танытады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет