Кіріспе Құрметті ұстаз, құралдардың әдістеме арқылы айқындалатынын, яғни керісінше болмайтынын жадыңызда ұстаңыз. Құралдар оқу мақсаттарына қарай таңдалуытиіс! Қашықтан оқыту құралдарының ең аз жинағын қолданумен шектеліңіз: сізге де, оқушыларға да ыңғайлы болуы үшін бастапқыда бір- екеуі әбден жеткілікті. Бұл құралдардың неғұрлым қарапайым болғаны дажақсы. Белгілі бір құралды меңгеріп алғаннан кейін сізге және оқушыларыңызға онымен жұмыс істеу қаншалықтыыңғайлыекенінебағаберіңіз.Қалаған нәтижелеріңізге қол жеткізіп жүрсіз бе? Өзіңізге пайдалануға қолайсыз деп тапқан құралды алмастыруға дайынболыңыз. Егер сіз орта мектепте сабақ беретін болсаңыз, оқушыларға әрбір келесі сабақ сайын жаңа сервистермен жұмыс істеуге тура келмес үшін, мүмкіндігінше, бір параллельде жұмыс істейтін әріптестеріңізбен бірдей құралдардытаңдаңыз. Оқушылармен жұмыс істеуге пайдаланбас бұрын жаңа құралды міндетті түрде сынақтан өткізіп алыңыз.