Информатиканың іргелі негіздері



бет1/67
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116311
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
лекция ИТН


Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

пәні

«Информатиканың теориялық негіздері»



Курс – 1

Мамандықтар «5В011100– Информатика»

Оқу түрі – күндізгі/ қашықтан

Семестр – 1

2020-2021 оқу жылы

Құрастырған: п.ғ.к., доцент Кажиакпарова Жадыра Сериковна

«Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасы

Кредит саны – 5

Дәріс –30

Бақылау түрі –емтихан

Орал, 2020 ж.

Информатиканың іргелі негіздері.

Информатика ғылым және оқу пәні ретінде өткен ғасырдың екінші жартысында информатика ғылымының пайда болуына себепкер болған бірқатар маңызды оқиғалар: тұңғыш цифрлық ЭЕМ құрастыру, Н.Винер, К.Шеннон, фон Нейман іргелі еңбектерінің жарық көруі орын алды.«Кибернетика» термині, кейіннен көп ұзамай компьютерлер мен телекоммуникациялық жүйелер көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және жеткізу үрдістерін зерттейтін ғылыми және оқу пәнін атау үшін Америка Құрама Штаттары, Канада және тағы басқа елдерде кең тараған ағылшын тіліндегі «Computer Science» (компьютер ғылымы) термині, ғылыми қолданысқа енді.XX-шы ғасырдың 60-шы жылдарының соңы мен 70-ші жылдарының басында француз ғалымдары, бәлкім, француздың «informatione» (ақпарат) және «avtomatique» (автоматика) сөздерінің туындысы болып табылатын – «informatique» (информатика) терминін енгізді. Жаңа термин Кеңестер Одағы (кейіннен Ресей мен ТМД елдерінде) мен Батыс Еуропада кеңінен тарады.Орыс тілінде «информатика» терминінің қолданылуы (шамамен 1960-шы жж. ортасынан бастап) ғылыми-техникалық ақпаратпен, ктапханатану және құжаттаматанумен байланысты болды.Үлкен Кеңес Энциклопедиясында информатика «ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сондай-ақ, оның шығу, өзге түрге ауысу, жеткізу және адам әрекетінің түрлі саласында қолдану заңдылықтарын зерттейтін пән» ретінде қарастырылған.А.П. Ершовтың айтуы бойынша, 1970-ші жж. екінші жартысынан бастап орыс әдебиетінде «информатика» терминінің өзге түсіндірмесі кең қолданысқа ене бастады. Оның мәлімдеуінше, бұл термин орыс тіліне «... ақпаратты жеткізу және өңдеу үрдістерін зерттейтін іргелі жаратылыстану ғылымының аталуы ретінде»енгізіледі. «Информатика осындай түсіндірмеде философиялық және жалпы ғылыми категориялармен анағұрлым тығыз байланысқа ие болады, оның «дәстүрлі» академиялық ғылыми пәндер шеңберіндегі орны да айқындала түседі». Информатиканы іргелі ғылымдарға қосу – ақпарат түсінігінің жалпы ғылыми сипаты мен оны өңдеу үрдістерін көрсетеді.

Информатика – табиғаты әртүрлі жүйелерде ақпараттық үрдістердің өту заңдылықтарын, ақпараттық үрдістерді автоматтандыру әдістерін, құралдарын және технологияларын, ақпараттық жүйелерді құру және қызмет ету заңдылықтарынзерттейтін ғылым.Информатика нақтылы ақпараттық үрдістердің (технологиялардың) көптеген түрлеріне тән ортақ қасиеттерін зерттейді. Осы ақпараттық үрдістер мен технологиялар информатиканың нысаны болып табылады.Информатика пәні өз қосымшаларының көптүрлілігімен анықталады. Адамзаттың сан-алуан іс-әрекетінде (өндірістік үрдісті басқару, жобалау жүйелері, қаржылық операциялар және т.б.) қызмет етуші әртүрлі ақпараттық технологиялардың ортақ қасиеттері болғанымен, өзара айырмашылықтары да көп.

Информатиканың мүдделі аумағы – ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, сонымен қатар, адам тіршілігінің түрлі саласында ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және пайдалану үрдістерімен байланысты мәселелерді қамтиды. Ақпараттың орасан зор көлемі мен ағынын өңдеу автоматтандырусыз және коммуникация жүйесінсіз іске асыру мүмкін емес, сондықтан электронды есептеуіш машиналар мен заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатиканың іргелі негізі де, материалдық базасы да болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет