ПОӘК 042-18-7.1.33/03-2014
|
№1 басылым
«___»__________2014ж.
|
беттің беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3-деңгейдегі құжат
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-7.1.32/02 - 2014
|
«Шикізат, астық түйір және жарма өнімдерінің сапасын бақылау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым
«___»________2014 ж
|
«Шикізат, астық түйір және жарма өнімдерінің сапасын бақылау»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6М072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы үшін
ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2014
Мазмұны
1
2
|
Глоссарий
Дәріс сабақтарының материалдары
|
3
3
|
3
4
|
Тәжірибелік сабақтар
БАӨЖ тақырыптарының тізімі
|
75
89
|
ГЛОССАРИЙ
АМК – ақуыз май концентраттары
Сепарирлеу – астық түйір қоспаларын бөлу үрдісін айтады, бұл үшін сепарратор машинасын қолданады.
Микроортанизмдер – астық түйірінің қаша алмайтын серіктестігі, олар астық түйірінің сапасын төмендететін негізгі факторлар болып табылады.
Сорбция – қоршаған орта буларынан әртүрлі таздар мен заттарды сіңіру қабылетін айтады.
2 ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
Дәрістер негізгі мақсаты пән бойынша тақырыптарды теориялық негізде жеткізе білу болып табылады.
Модуль 1. Астық сапасының стандарты
Тақырып 1. Пәнге кысқаша түсініктеме
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Пәнге қысқаша түсініктеме
1. Кіріспе
Астық өндірісі – ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады және оны күрделі жем ретінде мал шаруашылығында да кеңінен пайдаланады.
Дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар және майлы тұқымды дақылдар өндірістің көптеген салаларында пайдаланылады. Олардан спирт, сыра, өсімдік майы, мақта, кендір, олифа, дәрі-дәрмектер және бұлардан басқа да, адамға керекті көптеген заттар алынады. Қорыта келгенде, көк өсімдіктер, әсіресе ауыл шаруашылық дақылдар, адам өмірінің өзегі деп есептеледі. Көк өсімдіктер болмаса тіршілік те болмаған болар еді.
Көк өсімдіктер жазда өзінің жасыл жапырақтарындағы хлорофилл ферменттері арқылы күн сәулесінің қуатын пайдаланып, су мен көміртегін органикалық сутекті заттарға айналдырады. Бұл процесте оттегі бөлініп шығады да ауаны тазартады, ал күн қуаты болса органикалық заттардың құрамына кіріп энергия қорына айналады. Астық піскен кезде дәннің құрамына кіріп сақталады. Міне, осыдан көк өсімдіктер нан және ет, сүт, май сияқты басқа да адамға өте керекті қоректік заттарға айналады да, денсаулық сақтау саласында баға жетпес маңызға ие болады, ал оттегі болса, адамның және басқа жануарлардың тыныс алуына жұмсалады.
Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, әр түрлі пішінді қамбаларға құюға және жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Міне осындай маңызды ерекшеліктеріне қарай дуние жүзінің көптеген елдерінде егін шаруашылығын дамытуға, сапалы астықты мол өндіруге үлкен мән беріледі.
2. Пәнге қысқаша түсініктеме
Қазақстан мемлекеті астық өнімдерін өндіруде, оны сақтап өндірісі дүние жүзі елдерінің ішінде басты орын алада.
Қазақстанда астықты сақтау және өңдеу жұмыстарының жоғары қарқынымен дамуы элеваторлар ұн мен жарнама құрама жем өнеркәсіпорнының құрылуына басты себеп болды.
Дән дақылдарының тұқымдарын дайындау өнеркәсіптің жолға койылды. Бидай, арпа, сұлы, тары, күріш, т.б. дақылдардың тұқымын дайындау үшін астық кәсіпорындарында тұрақты технологиялық тізбектер және жекеленген зауыттар іске қосылды.
Сонымен, бұл аталған өнеркәсіптерде астықты сақтау және одан өнімдерді алу үшін күрделі технологиялық жұмыстар жүргізіледі. Технологиялық процестерді ұйымдастыруда, оны дұрыс тәртіппен жүргізуде технохимиялық бақылаудың атқаратын қызметі өте жоғары болып саналады.
Өнім сапасын бақылау және сапаны сараптауды жүргізудің негіздерін меңгеру стратегиялық маңызы бар мәселе болып табылады. Осы бағыттағы міндеттері шешуге өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және сауда саласында тұтыну тауарларын өндіру мен өткізу аумағында қызмет атқаратын барлық мекемелер тікелей қатысуы қажет.
Алға қойған мақсатты орындаудың тиімді құралы ретінде тауардың сапасын сараптау болып табылады. Мұндай сараптаудың мақсаты – тауардың сапасын талдау негізінде олардың тұтынушылық құндылығын, яғни әлеуметтік тиімділігін, пайдалылығын, қолдану қолайлығын және эстетикалық жетілгендігін анықтау.
Сараптау нәтижелерін жобалаушылар мен конструкторлар тұтынушылар талаптары, болашақ бұйымдардың және олардың диалогтарын пайдалану ережелері, бәсекелестік қабілетке жету жолдары жөнінде қажетті ақпарат ала отырып жаңа тауарлар шығару үшін қолданады.
Тақырып 2. Астықтың сапасын стандарттау
Жоспар:
1. Астықтың сапасын стандарттау ніктеме
2. Өнім сапасы және оған әсер ететін факторлар
1. Астықтың сапасын стандарттау
Ауыл шаруашылығында көптеген дақылдар егіледі. Олар көптеген түрлерге, кіші түрлерге, сорттарға бөлінеді. Олардын әрқайсысының өзіне меншікті ерекшеліктері бар, технологиялық қасиеттері және оларды анықтау тәсілдері де өзгеше.
Ауыл шаруашылық дақылдарынан алынатын өнімдер де өте кеп. Сондықтан олардың, сапасын стандарттау, ол стандарттардың толық орындалуын бақылау өте күрделі, көп салалы жұмыс және бұл салада істейтін мамандардан іс тетігін білуді талап етеді. Осыған сай лаборатория қызметкерлері өте күрделі жұмыстар аткарады. Ол жұмыстардың бәрі астықгы үнемдеп, одан алынатын өнімдердің және тағамдардың сапасын арттыруға арналған. Ауыл шаруашылық дақылдары көптеген а/ш мекемелерінде өсіріліп, астық қабылдау мекемелеріне тапсырылады. Олар оны тазалап, кептіріп, сақтап, ұн тарту, жарма, май құрама жем жасау т.б, шикі зат шығаратын заводтарға, комбинаттарға береді. Олар шикі зат немесе дайын тағамдар шығарады. Ал ұн, жарма сияқты шикі заттарды алатын болсақ, олардан нан заводтарында пісірілген нан баска да түрлі түсті тағамдар шығарады. Қыскаша айтқанда, астықты өсіріп, одан дайын тағамдар алу процестерінде бірнеше сатылар, бірнеше мекемелер катынасады. Осылардың, бәрі бір орталыққа стандарт арқылы бағындырылады.
Ауыл шаруашылық дақылдардың, олардан алынатын өнімдердің өте көп болуына байланысты, стандарттардың да саны өте көп. Егер ауыл шаруашылық дақылдарының әр қайсысына бір стандарттан жасалған болса, олардан алынатын ұн, жарма, жасанды кеспе, құрама жемдерге де
Квпеген I тандарттар жасалған. Олардың саны да бірнеше жүзге жетеді жзне олардың әр қайсысы бес жылда бір өзгеріп тұрады.
Сондықтан студенттерге дәнді, бұршақ тұқымдас және майлы тұқымды дақылдар, "Құрама жедер" /үш том/ және ұн, жармалары жазылған стандарттармен танысуды нұсқаймыз.
ТМД-да стандарттар 4 категорияға бөлінген: МЕСТ1 - мемлекеттік стандарттар; - өндіріс саласының стандарттары; РСГ республикалық стандарттар; ӨСТ4 - өнеркәсіп стандарттары.
Мемлекеттік стандарттау комитеті бекітеді. Стандарттар бекітілген соң оларға категориялық индекс, тіркеу реті, шыққан жылының кейінгі екі саны белгіленеді. Бұл сандардан басқа тіркеу ретінен кейін нүкте қойылып, баска сандар жалғануы мүмкін. Номер ол сан "1" болса, онда бұл стандарт мемлекеттік стандарт жүйелерінің анықтамасына жатады, "2" - конструкторлық документтер жүйесіне /ЕСКД/ "3" - мекемелерді технологиялық дайындау жүйесіне /ЕСТПЙ/'1 "10" - мемлекетке шығарылатын өніндерге қойылған сапа көрсеткіштср жүйесіне т.т. жатады.
Мемлекеттік стандарттар мемлекеттік стандарттау комитетінің өндіріс стандарттары - өндіріс салалық министрлігінде бекітілген соп мемлекеттік стандарттарды топтастырғыш мекемелерде тіркеп топтастырады. Ол топтастырғыш 19 бөлімнен тұрады. Олар өзара кластарға және топтарға бөлінген. Астық «С» - ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы класына, С - 12 - астық тобына жатады. 1>үл стандарттардың индексіне "Е" немесе "Э"7 әріптері косылып жазылуы да мүмкін. Онда "Е" - егер өнім дүние жүзілік стандартқа сәйкес келсе; "Э" -шет елге шығарылатын өнімдерге қойылады.
1 - мемлекеттік стандарттар;
2 - өндіріс саласының стандарттары;
3 республикалық стандарттар;
4 - өнеркәсіп стандарттары
- БСКД ор, Единая система конструкторской документации
' - орысша "экспорт" деген сөздің, бас әрпі.
2.Өнім сапасы және оған әсер ететін факторлар.
Қазіргі кездегі сапа мәселесі біріншілік мәнге ие болып отыр.Өнімнің сапа стандартына сәйкес – өнім құрамы қажеттілікті қанағаттандыруға жарамды және тағайындалуына сай болуы керек. «Сапа» түсінігінің өзі абсолютті емес, керісінше қатысты мағына білдіреді. Тағайындалуына сәйкес бір өнім бірнеше сапаға ие бола алады.
Өнімнің тазалығы мен рафинациясы деңгейінің жоғары болуы, оның адамзатқа пайдалылығымен қарама – қарсылықта болады.Тазалық денгейі жоғары өнімдер экстра кластағы өнімдер қатарына жатады, бірақ биологиялық тұрғыдан алғанда бұл өнімдер тазалығы бойынша төмен өнімдерден пайдасыз болып есептеледі.
Тұтынушы объектісі сапасы – бұл өнім құрамының сипаттамасы,оның көмегімен адамзат қажеттілігі қанағаттандырылады.
Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі қазіргі таңда әмбебап сипаттамаға ие.
Сапа және бәсекеге қабілеттілік – бұл кез-келген өндіруші мен кез-келген мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді көрсетуге және шығаруға мүмкіншілігінің біріктірілген ұғымы. Бәсекеге қабілеттіліктің факторы мәжбүрлік сипаттамаға ие, ол өндірушіні сапа мәселесімен айналысуға мәжбүрлейді.
Бәсекеге қабілеттілік – көп аспектілі түсінік,оған тауардың нарық, баға, қызмет көрсету, жарнама, сапа және т.б.шарттарына сәйкес белгілері жатады. Сапа бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды көрсеткіші.
Сапаға әсер ететін факторлар.
Азық – түлік сапасына әртүрлі факторлар әсер етеді. Олардың аса көп маңыздыларына:шикізаттың сыртқы түрі мен сапасы, өндіру әдісі мен шарттары, буып-түю, тасмалдау мен сақтау жатады. Өнім сапасы оның құрамы мен технологиялық қасиеттеріне қарай анықталады.
Шикізат сапасының негізгі көрсеткіштері болып ондағы тағамдық заттардың көп болуы жатады. Олардың мөлшері мен сапасы сәйкес стандарттармен көрсетіледі.
Азық – түлік тағамдарының өндірісі шикізатқа түрлі технологиялық әдістермен әсер етуге байланысты.
Дайын өнімді сақтау шарттары және режимдері оның сапасына тікелей әсер етеді.Көпшілік жағдайларда сақтау кезінде өнімді сан және сапа жағынан сақтаудың комплексті тапсырмалары шешіледі. Сақтаудың режимдері мен шарттарын дұрыс орындамау өнімнің сапасын және санын жоғалтуға әкеп соқтырады.
Тақырып 3. Бидайдың сапасын стандартау
Жоспар:
1. Сертификаттаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары
2.Сертификаттаудың құқықтық негіздері
1.Сертификаттаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары
Стандарт – нормативті техникалық құжат, ереженің, қағидның орнатылған жиынтығы, стандарт объектісі және жетік мүшелерімен бекітілген. Материалдық заттардан басқа жалпы техникалық және үйымдастырмалы әдістемелі сипаттағы объектілерге қойылатын талаптар мен заңдар нормалары стандарт бола алады.
Стандарттың қызметі өнім сапасының өте жоғары болуымен күресуі. Қазіргі уақытқа дейін өндірістің стандартизациясы бұйымдардың қарапайым номенклатурасын қысқартуы және бөлшектерге стандарт пен жобалық элементтерді жетілдіру арқылы жүргізілген. Қазіргі уақытта өндірісті басқаруда жобалауды және өндірісті регламенттайтын нормативті-техникалық құжаттар кешені кеңінен қолданылады. Бұл кешенге: конструкторлық бірлік жүйе, өндіріс технологиясын дамытудың бірлік жүйесі, жаңа бұйымдарды өндірісіне орнатудың және өңдеуге қойылатын талаптардың стандарттар кешені.
Стандартты халықаралық, аудандық, мемлекеттік, республикалық, салалық және стандартты кәсіпорын деп айыруға болады. Негізінде бұларды жіктеу стандарттары ұлттық немесе халықаралық деңгейде өндіріледі.
Экономикалық қарым-қатынастың стандартизациясына зор көңіл бөлінеді. Стандарттар СЭВ аудандық стандарттауға үлгі болады.
Сертификаттау саласындағы терминдер мен анықтамалар: «Техникалық реттеу туралы» заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Сәйкестік шкаласы. Өндірушінің және тұтынушының тәуекелдері. Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттары: Сәйкестікті растау ұғымы. Қазақстанда және шетелде сертификаттауды дамытудың тарихы және қазіргі даму бағыттары. Сәйкестікті растаудың салалық ерекшеліктері.
2.Сертификаттаудың құқықтық негіздері
Сертификаттау саласындағы ҚР заңдарының құрылымы және негізгі ережелері: ҚР сертификаттау нормативтік негізі. «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару. Өнімнің, процестердің, жұмыстар мен қызметтердің сәйкестігін растау бойынша органдар. Өнімнің, процестердің, жұмыстар мен қызметтердің сәйкестігін растау түрлері. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамсыз ететін талаптар. Сәйкестікті растау бойынша нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар. Сәйкестікті растау саласындағы мемлекеттік бақылау және сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау. Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды қаржыландыру. Сәйкестікті растау туралы заңды бұзғаны үшін жауаптылық.
ҚР сәйкестікті растау жүйесі туралы ереже: Сәйкестікті растау жүйелері. ҚР мемлекеттік сәйкестікті растау жүйесі (МСЖ). Жалпы ережелер. Сәйкестікті растау бойынша жүйенің ұйымдастырушылық құрылымы және сәйкестікті растау жұмыстарын ұйымдастыру. Сәйкестікті растау бойынша органдарға және сынау зертханаларына қойылатын талаптар. ҚР әкелінетін тауарларды сертификаттау. Сәйкестікті растауға сынау: сынау түрлері, олардың өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудағы ролі, сәйкестікті растауға сынауды метрологиялық қамтамасыз ету.
Міндетті және ерікті сертификаттау
Сертификаттаудың қолданылу салалары: Міндетті сертификаттау объектілері. Ерікті сертификаттау объектілері. Сәйкестікті растау сұлбалары: Өнімнің сәйкестігін растау сұлбалары. Қызметтердің сәйкестігін растау сұлбалары. Қолданылатын сұлба туралы шешімді қабылдау критерийлері. Сәйкестікті растау: Өнімнің, процестердің, қызметтер мен сапа жүйелерінің сәйкестігіне растау жүргізу тәртібі.
«Стандарттау»
Мемлекеттік (ұлттық) стандарттау жүйесі. Қазақстан Республикасының «техникалық реттеу туралы» Заңы. Негізгі ережелері мен баптары. Өнім, процестер мен қызметтердің қауіпсіздігі және сапасын қамтамасыз етуде стандарттаудың атқаратын ролі. Тұтынушылар құқытарын қорғау қызметіндегі стандарттау. Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қоғау туралы» Заңы. Жалпы техникалық және ұйымдастырушы-әдістемелік стандарттардың салааралық кешендері. Құрылымы және тағайындалуы. Стандарттаудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Стандарттау әдістері. Өнім сапасының көрсеткіштерін және оның элементтерін стандарттау. Әр түрлі салаларды стандарттау. Стандарттаудың экономикалық тиімділігі.
Тақырып 4. Бидайдың сапасын стандарттаудың техникалық шарттары
Жоспары:
1. Бидайдың сапасын стандарттаудың техникалық шарттары
2. Типтер және оның тармақтары
1. Бидайдың сапасын стандарттаудың техникалық шарттары
ТМД МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ ГОСТ 9333-85
Техникалық шарттар
1985 жылы сәуірде жарық керген техникалық шарттар ТМД мемлекеттері үшін стандарт ретінде бекітілген.
Бұл шарттардың орындалуы заң жүзінде қаралады. Бұл стандарт мемлекетке тапсырылатын тамақ өнеркәсібінде, мал жемі және күрделі жемдері жасауға пайдаланатын бидайға арналған.
Бидайды оның ботаникалық және биологиялық ерекшеліктеріне, түрі мен түсіне, шынылығына қарай типтер мен подтиптерге бөледі.
Осы типтерге жатқызуға келмейтін бидайды "типтер қоспасы" деп
атап, ондағы қосымша типтердің процентін көрсетіп жазады.
I және IV типтердің 1,2,3 және 4 подтиптерін шынылығы бойынша оң подтипіне жатса, ал түсі оған келмесе, онда оны сол подтипке жатқызып, "түсі келіспейді" атап жазып кояды.
Орақ немесе сақтау кезінде өзінің табиғи түсін жоғалтқан бидайдың подтіпін көрсетпей "қарайған" немесе "өз түсін жоғалтқан" деп, оның қаншалық дәрежеде өзгергенін көрсетіп жатады. I дәреже - тек түсі өзгере бастаған, жотасының түсі өзгеріп, жылтарлығы төмендеген; 2 дәреже -жылтырлығы томен, аркасы мен бүйірлерінің түсі өзгерген. Бұл көп суланғандығының белгісі; 3 дәреже - дәннің түсі түгелдей өзгеріп кеткен дән жатады.
Түсі өзгерген қатты бидайдың, онда ұнтүстес және жартылай ұнтүстес дәндер пайда болған болса, онда подтиптін нөмірін көрсетпей-ақ "түсі бойынша осы типке жатпайды" деп белгілейді.
2. Типтер және оның тармақтары
1.Типтер және оның тармақтары
Бидайды оның ботаникалық және биологиялық ерекшеліктеріне, түрі мен түсіне, шынылығына қарай типтер мен тармақтарға бөледі.
Осы типтерге жатқызуға болмайтын бидайды «типтер қоспасы» деп атап, ондағы қосымша типтердің процентін көрсетеді.
Бір және төртінші типтердің 1, 2, 3 және 4 тармақтарын шынылығы өз тармағына жатса ал түсі келмесе, оны сол тармаққа жатқызып «түсі келіспейді» деп жазып қойяды.
Орақ немесе астықты сақтау кезінде өзінің табиғи түсін жоғалтқан бидайдың тармағын көрсетпей «қарайған» немесе өз түсін жоғалтқан деп оның қаншалықты дәрежеді өзгергенін көрсетіп жазады.
1-ші дәреже - тек түсі өзгере бастаған, жотасының түсі өзгеріп жылтырлығы төмендеген;
2-ші дәреже - жылтырлығы төмен, арқасы мен бүйірлерінің түсі өзгерген. Бұл көп суланудың белгісі;
3-ші дәреже - дәннің түсі түгел өзгеріп кеткен.
Түсі өзгерген қатты бидайдың , онда ұн тәрізді және жартылай ұн тәрізді дәндері пайда болса онда тармағының номерін көрсетпей «түсі бойынша осы типке жатпайды» деп белгілейді.
Типтің номері мен аты
|
Оған жататын сорттар
|
Араласқан басқа типтер процент, дейін
|
Тармақтар сипаттамасы
|
Шынылығы, процент
|
барлығы
|
Оның ішінде
|
Номері мен аты
|
Түрі-түсі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.Жұмсақ қызыл бидай
ІІ.Жаздық
ІІІ.Жаздық ақ бидай
ІV.Күздік қызыл дәнді
V.Күздік
бидай
VІ.Күздік қатты
|
Саратовская 29
Саратовская 36,
Безенчукская 98,
Скала,Целинная20
Омская 9 т.б.
Харьковская 46,
Меланопус 26,
Красноутка 6,
Накат,Алмаз, Безенчук 139 т.б.
Альбидум 43,
Новосиб. 67.
Саратов 42, және т.б.
Безостая 1, Миронов 803,
Одесская 5,
Северодонск.,
Ильичевка, Донецкая 74,
Краснодар 39,
Ахтырчанка, Прибой, Донская қылтықты т.б.
Альбидум 114,
Ироды 1006,
Альбидум 11 т.б.
Шарк, Мугань, Джефари, Коралл, Парус, Кристалл, Новинка 2 т.б.
|
10
15
10
10
5
15
|
Қатты және ақ бид 7, оның ішінде қаттысы – 5
Ақ дән
Қатты және ақ дән – 5 оның ішінде қатты-3
-
-
|
1.Қоңыр қызыл шыны
2.Қызыл
3.Ақшыл қызыл
4.Сары қызыл
5.Сары
1.Қоңыр янтарлы
2.Ашық янтарь түсті
1.Ақ дәнді шыны
2.Ақ дәнді
1.Қоңыр қызыл шыны
2.Қызыл
3.Ашыл қызыл
4.Сарықызыл алапес
5.Сары
Бөлінбейді
Бөлінбейді
|
Қоңыр қызыл, сары және сары бүйірлі, түсін жоғалтқан қарайған дәндер оның жалпы түсін бұзбаса;
Қызғылт- сары, сары бүйірлі , түсін жоғалтпаған қарайған дән оның жалпы түсін бұлдірмесе;
Ақшыл қызыл. Сары, сары бүйірлі, түсін жоғалтқан, қарайған дән оның жалпы түсін бұзбаса;
Сары қызыл. Сары бүйірлі және сары дән жалпы түсін бұзбаса;
Сары және сары бүйірлі дәні көп , сондықтан барлық партиядағы дән сарғайып көрінеді;
Қоңыр янтарь түсті;
Ашық янтарь түсті. Ағарған қоңырқайланған, түсін жоғалтқан ұнтәріздес дәнінің саны жалпы түсін бұзбаса;
-
-
Қоңыр қызыл. Сары және сары сары бүйірлі түсін жоғалтқан ұн тәріздес дәннің саны жалпы түсін бұзбаса;
Қызыл.
Ақшыл қызыл
Сарықызыл
Сары, сары бүйірлі дән көп. Сондықтан партия түгел сарғайып көрінеді.
-
-
|
75-тен кем емес
60-тан кем емес
40-тан кем емес
40-тан кем емес
40-тан кем
-
-
60-тан жоғары
60-тан төмен
75-тен жоғары
60-тан жоғары
40-тан жоғары
40-тан жоғары
60-тан төмен
Нормаланбаған
Нормаланбаған
|
ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР
2.1. Мемлекетке тапсырылған бидай мына төменгі тұрақты шектерге сәйкес анықталады:
Мемлекетке бидай тапсырудың төменгі тұрақты шегі
Сапалық көрсеткіш
|
норма
|
Көлемдік өлшем, г\л: жаздық және күздік жұмсақ бидай үшін
қатты бидай үшін
Ылғалдылығы, процент: оңтүстік Қазақстан үшін
солтүстік Қазақстан үшін
Шөп-шалаң қосындылар, процент.
Дәнді қосындылар, процент күздік жұмсақ бидай үшін
басқа бидайлар үшін
Зиянды жәндіктер
|
750
760
14,0
15,0
1,0
30,
2,0
болмау керек
|
2.2. Шектік нормалар - бидайды қабылдауға болатын ең төменгі сапа нормаларының шегі
Бидайды қабылдауға болатын ең төменгі сапа нормаларының шегі
Сапалық көрсеткіш
|
норма
|
Ылғалдылығы, процент, жоғары емес:
оңтүстік Қазақстан үшін
солтүстік Қазақстан үшін
Шөп-шалаң қосындылар, проценттен жоғары емес
соның ішінде: тас
барлық зиянды қалдықтар
оның ішінде: қастауыш
у кекіре мия ,таспа шөп
вязель көптүсті
сүйел жазар
триходесма
Қара күйе (былғанған, көкшіл) бидай,
проценті жоғары емес
Дәнді қосындылар проценті көп емес
оның ішінде өнген дән
Зиянды жәндіктер
|
17,0
19,0
5,0
1,0
0,5
0,1
0,1
0,1
0,1
болмайды
10,0
15,0
5,0
кенеден басқасы болмайды
|
2.3. Мына кестеге сәйкес жұмсақ бидайды 4, қатты бидайды 3 класқа бөледі:
Жұмсақ, қатты бидайды класқа бөлу
Сапа көрсеткіштері
|
Жұмсақ бидайдың кластары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Типтері
|
I, IV типтердің 1, 2, 3, тармақтары, ІІІ типтің тармағы және күшті бидай тобына жататын сорттары
|
I, ІІІ, IV, V типтердің күшті және бағалы сорттары
|
I, ІІІ, IV, V типтердің барлық тармақтары және типтер қосындылары
|
Сақталу күйі
Иісі
|
Қызбаған, жақсы сақталған
Бидайдың өзіне тән иісті, сасық уыттық, көгерген т.б.иіс болмау керек
Бидайдың өзәне тән иісті бүлінбеген
|
Түсі-түгі
|
І-ші дәрежелі түсінің ақшыл тартуы
|
Ақшыл дән
|
Ақшыл және қарайған дән
|
Шынылығы проц.төмен емес
Клейковина: мөлшері, проц. Сапасы, топ
|
60
32,0
І
|
60
28,0
І
|
Шек қойылмайды
23,0
ІІ
|
Шек қойылмаған
Шек қойылмаған
|
Көлемдік масса, г/л базистік норма сатысына сай
|
|
|
Шек қойылмайды
|
|
Бөліп алуы қиын (қара сулы, татар қарақұмығы) проц.
|
2,0
|
2,0
|
Шектік нормалы шөп-шалаң қалдықтарының ішінде
|
Өнген дән, процент, дәнді қосындылардың ішінде
|
1,0
|
1,0
|
3,0
|
5,0
|
Достарыңызбен бөлісу: |