Инжиниринг және ақпаратттық технологиялар факультеті



Дата20.10.2022
өлшемі120,63 Kb.
#154049
Байланысты:
ТИТУЛКА
сож 1



АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА КАФЕДРАСЫ



СӨЖ 3
Тақырыбы : ҚР-да ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Орындаған: Насырхан Дана
Тексерген: Батырбаева Н.

Алматы 2022
Жоспар:
1. Ғылымның сатылары
2. Ғылыми зерттеу түрлері
3. Ғылым салалары

Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі - елдің барлық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне қоғамдық және жаратылыс ғылымы салалары бойынша ғылыми жұмыстарды іске асыратын ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы болып табылады.


ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы тікелей ҚР Үкіметіне бағынышты. Академия мүшелерінің жалпы жиналысы олардың жоғарғы органдары болып табылады. Төрт жылда бір рет жалпы жиналыс академия жұмысынажетекшілік жасайтын Президентті, Президиумды тағайындайды.
Осы мақсатқа сәйкес Президиумда барлық ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ететін ұйымдар құрылған. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына өндіріс салаларының ғылыми-техникалық прогресстік жағдайына тікелей әсер ететін, ғылымның маңызды бағыттарын зерттеуді орындап отыратын бірқатар ғылыми-зерттеу институттары бағынады.
Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.
Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.
Ғылым түрлерінің проблемасы – бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи тұрғыдан қарастыру керек.
XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес, зерттеу бағытына қарай ерекшелінеді.
Мысалы, атом – физиканың да, химияның да объектісі қызметін атқарады, сол сияқты молекула – химияның да, физиканың да заты бола алады. Тірі организм биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың да заты бола алады. 
Техникалық ғылымдар техникалық объектідегі табиғи дене мен құбылысының бағытталған өзгерісі туралы, құрастырушы-техникалық сала әдістері туралы, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі техникалық объект функциялау әдістері туралы білімнің ерекше жүйесі.
Ғылыми зерттеу институттары жүйесінде, жоғарғы оқу орындарында, кітапханада және т.б. құрылуына байланысты ғылым әр түрлі түрлерге жіктеледі.


Ғылым салалары
Физико-математикалық ғылым
Химиялық ғылым
Биологиялық ғылым
Техникалық ғылым
Ауылшаруашылық ғылым
Экономикалық ғылым
Философиялық ғылым
Заңды ғылым
Педогогикалық ғылым
Медициналық ғылым
Фармацевттік ғылым
Ветеринарлық ғылым
Өнертану 

Архитектура
Психологиялық ғылым
Социологиялық ғылым
Саяси ғылым
Мәдениеттану
Жер туралы ғылым (геология, мұнай және газ кен орындарын іздеу және барлау, ұңғыманы бұрғылау мен игеру технологиясы, мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану, қазба байлықтардың теңіз кеніштерінде игеру технологисы, мұнай газ құбырының пайдалануы мен құрылысы, т.б.)



Ғылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі:
1) қоғамдық өндіріске байланысы жағынан
2) қаржыландыру көздеріне байланысты
3) мақсатына байланысты
4) халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты
5) зерттеу ұзақтығына байланысты
Қоғамдық өндіріске байланысы жағынан ғылыми жұмыстар мына жұмыстарға жіктеледі: жаңа технологиялық үрдістер, машиналар, құрылыстар, өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек шартының жақсаруы, жеке адамның тұлға болып дамуы және т. б. 

Қаржыландыру көздеріне байланысты ғылыми зерттеулер:
- мемлекеттік бюджетті
- өндірісті-келісімдік
- қаржыландырылмайтын
Мемлекеттік бюджетті ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылады.
Өндірісті-келісімділік зерттеулері өндірісті келісім-шарт негізінде тапсырыс беруші мекеме қаржыландырылады.
Қаржыландырылмайтын зерттеулер келіссөз туралы келісім-шарт негізінде орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет