Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы білім беру №39 орта мектебі «Биология сабақтарында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру»



бет1/2
Дата25.11.2019
өлшемі0,67 Mb.
#52435
  1   2
Байланысты:
obobschenie po biologii Kozhabaeva 39 shk 1423751300 102620

Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар

жалпы білім беру №39 орта мектебі



«Биология сабақтарында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру»

тақырыбы бойынша педагогикалық тәжірибені жалпылау

39 орта мектебінің



биология пән мұғалімі: Қожабаева Г.Б.
Павлодар қаласы 2013-2014 оқу жылы

Жұмыстың мақсаты: биология сабақтарында танымдық әрекеттің нәтижесін әдістер арқылы нақтылау.
Міндеттері:

1.Танымдық әрекеттердің белсендіру сипаттамаларын анықтау

2.танымдық әрекеттін үйымдастыру мәселелерін талдау және шешу жолдарын табу

3.Сыныптан тыс жұмыстардың және сабақтардағы оқушылардың танымдық әрекетінің нәтижелігін сипаттау



Көне Рим мақал- мәтелі айтпақшы:

"Біз мектеп үшін емес, өмір сүру үшін оқимыз ".

Көне Рим мектептердің қабырғасында

"Мектеп өмір сүруге үйретеді " деген сөздер ілулі тұрған.

Тәжірибеге келген жолдарым:

Көптеген оқушылар биология сабақтарын оқи бастағанда жеңіл сабақ деп ойлайды, әр сыныптан көше келгенде материалдар кеңейіп, мазмұны ерекшеленіп, кейбір тақырыптар қиындық туғызады. Оқушылар жалығып, пәнге деген қызуғышылықтары төмендеп, тіпті биология сабақтары ұнамай кетеді. Сабақта оқушылар енжарлы әрекет көрсетеді. Ата-аналар жиналыстарда «менің балам барлық пәннен үлгереді, осы биология сабағы ғана ұнамайды, қиын пән , не істейміз?»- деп айтып жатады.

Менің ойымша мұғалім қандай технологияны қолданса да, әр сабағында танымдық әрекетті дамыту сұрақтарды пайдаланады және оқушы танымдық белсенділікті көрсетпесе, оқуға деген мотивациялық көзқарасы аз байқалады.
Тәжірибенің өзектілігі және жаңалығы

Заманауи кезеңнің мектептегі білім беру процесінде оқушылардың танымдық белсенділік әрекеттерін дамыту- ең өзекті мәселе болып саналады. Оқытудың тиімділігі оқушылардың белсенділік деңгейіне байланысты. Қазіргі заманауи талаптарға сай және тиімді дидактикалық құралдарды ойлап табу үшін мұғалім үнемі іздесте болады. Осы жұмыстың өзектілігі танымдық процестің негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру болады.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық қабілетін дамыту басты мақсат болып отыр. Оқушылардың белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу-әр мектептің міндеті.

Оқушылардың танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет.

“Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық”деп бекер айтылмаған. Соңғы кезде теледидардан беріліп жүрген “Не, қашан, қайда?”, “Брейн-ринг”,

“ХХІ ғасыр көшбасшысы”, “Интелектуалдық казино”, “Жұлдызды сағат”, т.б. бағдарламаларды әр пән бойынша қолдану әдістемелері баспасөз бетінен орын алып отыр. Осы озық тәжірбелерді әр мұғалім қолдана білсе, оқушыларды өз пәніне деген қызығуын тудырады және танымдық қабілеттерін дамытады.

Танымдық қабілет -әркімге тән. Танымдық әрекеттің дамуы барлық оқушыларда бірдей болмайды, бұл оқушылардың психологиясына, тұлғалық қасиетіне, қызығушылығына байланысты, әр мұғалім оқушыны өз пәніне тартып өз шеберлігі арқылы осы қасиетті дамытуға көп жұмыс істейді. Тек оны дамыта білу - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымда алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді.

Қазіргі заманда биологияны оқыту үшін мектептің мақсаты әлеуметтік тапсырысқа сай болу керек: оқушыларды терең және берік біліммен қамту, ғылыми көзқарастарын және өз ойын іске асыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. Мектеп алдына қойылатын мақсаттары бойынша оқу-тәрбие үрдісінің негізгі ұйымдастыру формасы – сабақ.

Сондықтан оған көптеген талаптар қойылады. Сабақтың қойылған мақсаттарына қарай мұғалім оқу материалын сапалы әрі саналы игеруге жол ашады. Биологияны оқыту үрдісінде ең маңыздысы оқушылардың репродуктивті мен қатар шығармашылық танымдық әрекетін қамту қажет. Сабақтың ұтымдылығы мұғалімнің әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануына байланысты. Әр бір технология өзіндік әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді, әдіс тәсілдер мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп, қолданылады. Оқушылардың танымдық әрекеті сабақтың типіне байланысты. Сабақта оқыту үрдісті ұйымдастырудың тиімділігінің бірі -оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдысы жатады. Өйткені, оқулық дегеніміз білім кілті. Оқулықпен жұмыс істеп үйренген оқушы әрі қарай өз білімін жетілдіріп, үйде, сабақта, өздігінен жұмыс істей алады. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру уақытты үнемдеуге ықпал етеді. Оқулықпен жұмыс істеуді оқушы жүйелі түрде сабақта қолданып, ішіндегі ақпаратымен танысып, негізгі түсініктерді бөліп алып, мәтінді оқып, жоспар бойынша мазмұнын айтып бере алады. Оқулықтағы суреттермен, кестелермен жұмыс істейді, биологиялық терминологияны меңгереді.

Танымдық іс әрекеттің нәтижесі оқушылардың мотивациясына байланысты. Мотивацияның екі түрі болады: ішкі және сыртқы. Сыртқы мотивацияны тудыру үшін мұғалім оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады. Ішкі мотивацияны тудыру қиындық туғызады. Қазіргі кезде оқушылардың танымдық белсенділік деңгейлері төмендеп барады, оқушылардың сабақта жұмыс істегілері және оқығылары келмейді.

Мұғалімнің ең бірінші мақсаты оқыту материалды дұрыс іріктеп беру, әр түрлі формаларды ойлап табу және оқушыны көмек көрсетіп, оқуға итермелеу.

Оқушының ойлау қабілетін дамытуға оқыту үрдістің көптеген мүмкіндіктері бар. Оқушыны оқыту және тәрбиелеу үшін мұғалім баланы өзіне бейімдеп және оның оқуға деген құштарлығын ояту керек.

Оқу үрдісімен шұғылданған бала өз нәтижесін көргісі келеді. Сондықтан оқу үрдісінің ең бірінші және негізгі формасы бұл сабақ.

Қазіргі сабақ қандай болу керек?



Осы сұраққа жауап беру үшін әр түрлі жағдайларды қарастырайық.
ЗАМАНАУИ САБАҚ – ОЛ ҚАНДАЙ?

1 тапсырма

Сабақ мінездемелерінің тізімін таңдаңыз!

  1. Мұғалім – сабақта білімнің тасымалдаушысы

  2. оқушы барынша еңбек етеді

  3. Мұғалім сабақта сұрайды, әсер етеді, анықтайды

  4. Мұғалім қызметі – үрдісті оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастыру

  5. Сыныпта тыныштық болуы керек – қатаң тәртіп болуы керек

  6. Мұғалім мен оқушы - әріптестер

  7. Мұғалімнің қызметі – білім беру

  8. Мұғалім психопедагогиканың жетістіктеріне ие

  9. Жақсы мұғалім бәрін үйретуі мүмкін

  10. Сабақ болды – оқушы өзінің қасиеттері шегінде барынша белсенді әрекет етті және өзі үшін пайдалы да маңызды бірдеңе алды.

1 тапсырмадағы мәліметтерді «сызба-балықпен» салыстыра отырып, Сіз биология бойынша Заманауи сабақты жүзеге асыруға дайындығыңызды анықтауыңызға болады



Танымдық әрекетерді белсендіру әдістері мен қағидалары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет