ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: әдебиеттік оқу
|
Мектеп: «№16 ЖОББМ» КММ
|
Күні: 14.04.2017
|
Мұғалімнің аты-жөні: Балғабаева Ә.З
|
Сынып: 3«В»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Тақырыбы:
|
«Көлде» Ғабит Мүсірепов
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
Ақын туралы түсінік алады. Ғ.Мүсіреповтың өмірбаянымен танысады, көл туралы толық мәлімет алады. Мәтіннің идеялық мазмұнын ашады.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
Автор жайлы слайдтан көру арқылы танысады.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі: Өз ойларын еркін жеткізе алады. Мәтінді түсініп оқи алады.
|
|
Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолдана біледі.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды, сөйлеу тілдері дамиды.
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: табиғат, көл, жер, үйректер.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: оқылым, айтылым, жазылым.
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Суретте нелер бейнеленген?
|
Оқыған мәтін мен осы суреттің арасында қандай байланыс бар?
|
|
Алдыңғы тақырып
|
Арыстан мен қозы мазмұндама.
|
Жоспар
|
Жоспарланған
Уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық дайындық
Оқушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әр оқушы өз есімінің бірінші әріпі бойынша мінезінің бір қасиетін айтып, келесі оқушы бірінші оқушының атын, қасиетін, қайталай отырып, өзінің есімімен қасиетін қоса айтады. Мысалы: Әдемі – әдепті, Шынар – шыдамды.
|
шаттық шеңбері
|
Сергіту сәті
|
Бейнероликтегі би қимылдарын жасайды
|
музыка
|
Ортасы
|
Автор туралы мәлімет:
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында дүниеге келген. Оқулықпен жұмыс.
Жұмбақ
Ауыл сырты сайда,
Жатыр үлкен айна.
(Көл)
Жер бетіндегі суға толы ойыстарды көл дейміз.
Көлдер көлемі жағынан әртүрлі болады. Көлдер тұщы және ащы болады.
Көл туралы қызықты мәліметтер. «Сен білесің бе?»
Әлемдегі ең терең көл – Байкал (1620 м)
Әлемдегі ең үлкен көл – Каспий (390 мың км²)
АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл – Бонневилл
Әлемдегі ең ұзын тұщы көл – Танганьика (1470 м);
Оқулықпен жұмыс.
(мәтінмен жұмыс)
Іштей оқу, дауыстап оқу. Мәтін бойынша әңгімелеу.
Суретпен жұмыс.
1. Суретте нелер бейнеленген?
2. Оқыған мәтін мен осы суреттің арасында қандай байланыс бар? Аққуудар, қаздар, қамыстар, үйректер, жапырақтар жайқалған бар. Аралар үлбіреген гүлдерге қонып, бал жинап жүр. Көлде көп. Шағала, тұңық су, түс кезі.
Дәптермен жұмыс (сөздік).
Доңыз- мұнда: арам ниетті, қаскүнем.
Шығармашылық тапсырма: Керісінше оқу, жазу
Ңідзіб лөк
Лыуа еднітеш лөк раб. Адзаж ралалаб ңыно ріб нанысағаж ішніке анысағаж пізүж ідетө. Едзүк лөк ыус иус ыдйатсаб. Ықсық адзяа лөк зұм пылоб ыдатақ.
|
Ғабит Мүсіреповтың суреті
жұмбақ шешу
оқулық
сурет
дәптер
|
Соңы
|
Қорытынды. Көл сөзіне бес жол өлең жазу
Не? Көл
Қандай? Таза, үлкен
Не істейді? Толқиды, тұнады, жарқырайды
Табиғаттың әсем бөлігі
Синоним «Су»
Үйге тапсырма: Келесі оқуға арналған тапсырмалар. Мәтінді түсініп оқып, сурет бойынша берілген сөздермен әңгіме құрау. Мақал- мәтел жаттау.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау –
|
Бағалау -
|
Пəнаралық байланыс-бейнелеу.
|
Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз ?
Рефлексия
Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?
|
Әдебиеттік оқу сабағында Ғабит Мүсіреповтың «Көлде» мәтінімен таныстық.
Сабақтың негізі мақсаты: Ақын туралы түсінік беру. Ғ.Мүсіреповтың өмірбаянымен танысу, көл туралы толық мәлімет жинау. Мәтіннің идеялық мазмұнын ашу.
Сабақ психологиялық дайындықтан басталды.
Оқушыларға жалпы жазушы туралы мәлімет беру және де тапсырмалар орындау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылды. Жалпы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тиімділігі өте зор:
еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл-ойын дамытады:
шығармашылық белсендігін арттырады;
ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
тіл байлығын жетілдіреді;
жан-жақты ізденушілігін арттырады.
Жалпы тақырып бойынша қызықты мәліметтер беріліп, сол туралы қызықты видеолар көрсетілді. Нәтижесінде оқушылар біраз мағлұматтар жинады. Оқушылар айтылғаннан гөрі, көргенге көп еліктегіш болып келеді. Берілген мағлұматтарды есте сақтайды.
Таңдаған әдіс-тәсілдерім сәтті өтті деп айта алмаймын. Себебі кейбір оқушылар қамтылмай қалды және де зейіндері мүлдем басқада болып отырды. Белсенділік көрсетпеді. Сол себепті оқушылардың зейіндерін аударту және белсенділіктерін арттыру үшін басқа да әдістерді қолдануым керектігін түсіндім.
Сабақ соңында «Екі арал» рефлексиясын жасады. Рефлексияның мақсаты оқушылармен кері байланыс орнату. Сабақ туралы өз пікірлерімен бөлісу.
« Қуаныш аралы» сабақ жақсы өтсе, сабақты толығымен түсініп, сабақтан керемет әсер алса стикерлерін « Қуаныш аралына» іледі.
«Зерігу аралы» сабақ мүлдем ұнамаса, сабақтан зеріксе «Зерігу аралы» стикерлерін іледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |