Төлен Әбдіковтың өмірбаяны «Сандар сөйлейді» әдісі арқылы
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
Ұйымдастыру.
1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Психологиялық ахуал. Шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарын ұстап, сәтті күн, жайсаң қабақ, өтсін сәтті ашық сабақ деп тілектерін білдіреді.
1 минут
3 минут
Жеке жұмыс
5 минут
2. Топқа бөлу. Ханталапай ойыны арқылы түрлі-түсті асықтарды алып, 3 топқа бөлінеді.
Жасыл асықтар- Отбасы тобы
Сары асықтар- Сағыныш тобы
Қызыл асықтар- Отан тобы
Топтарға бағалау кестесі таратылады. Топбасшысы бағалайды.
3.Алдыңғы білім. «Сандар сөйлейді» әдісі арқылы Төлен Әбдіковтың өмірбаянын еске түсіреді .
1942ж. 1965ж.
1977ж. 1977-79ж.ж
1985ж. 1987ж. 2002ж. 1.1942ж. 4қыркүйегінде Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.
2.1965ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
3.1977ж. Грек аңыздары «Эллада ерлерін» қазақ тіліне аударған. Жазушының жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
4.1977-79ж.ж. Қазақфильм киностудиясында бас редактор қызметін атқарған.
5.1985ж. «Өліара» романы жарық көрген.
6.1987ж. «Ақшоқыда қыс қатты» романы жарияланды.
7.2002ж. «Парасат майданы» романының авторы — Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының, Фрац Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың иегері.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жауапты қызмет атқарады.
Қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).
3.Жаңа сабақ.
1-тапсырма. Сурет арқылы тақырыпты ашу.
1.Берілген суретте не көрсетілген?
2.Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
3.Сабаққа қандай мақсат қоюға болады?
4.Қонақтардың қандай түрлерін білесіңдер?
Оқушылар қонақ түрлерін баяндап береді.
Арнайы қонақ: Ол - әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-көлем, құда-құдағи, сыйлы, құрметті кісілер.
Құдайы қонақ: Бұлар – шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп сапарында көлігі болдырып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған тосын, бөгде қонақ.
Қыдырма қонақ:Үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, ерігіп желіккен, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш «кіріп-шық» кезбе қонақтарды осылай атайды.
Қылқыма қонақ:Ол – ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, құлқынын тойдыру үшін қолына тигенін, аузына түскенін қылқытып жалмай беретін ашқарақ, ар мен ұятты белге буған тойымсыз, елеусіз қонақ.
Құтты қонақ: Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», - деген нақыл бар. Бұл мейман – келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болатын қонақ.
Ерулікті қонақ: Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақты осылай атайды.
Отан тобы- Сапабектің туған жерге деген патриоттық сезімі.
Дескриптор:
1.Ата-ананың сағынышын түсіндіреді. 1балл
2.Қонақтар туралы мәліметті айтады. 1балл
3.Сапабектің патриоттық сезімін жеткізе алады. 1балл
Сергіту сәті. Доп лақтыру арқылы комплимент айту. Әдемісің, жұмбақсың, ботамсың, досымсың, адалсың, т.б.
3-тапсырма. Жұппен «Екі жақты күнделік» стратегиясы арқылы кестені толтырып көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
3.Топтық отырып, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру арқылы сабақты талдайды, дәлелдейді.
1.АКТ арқылы информатикамен байланыс.
2.Қоңырау кезінде Мультимедия кабинетіне сабақ өткізуге кіретін кезде Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелерімен таныстырамын.
3.Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік, ата-ананың қадірін білу.
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары
тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер
енгіздім жəне неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
Келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Сабақ / оқу мақсаттары шынайы. Өйткені оқу мақсаттарын бағдарламадан алынса, сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жазылады.
Оқушылар Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашып, қазіргі өмірмен байланыстырады.
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болады, өйткені ол оқушылардың қажеттілігіне сай жүргізіледі.
Мен берілген уақыт ішінде үлгеремін деп ойлаймын, өйткені әр тапсырмаға уақыт жоспарланған.
Мәңгілік ел бағдарламасы негізінде мен өз жоспарыма құндылықтарды жазамын.
Бағалау үшін әр тапсырма сайын дескрипторлар құрамын.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:Оқушылар дебат арқылы талқылап, дәлелдеп сабақ мақсатын аша алады.
2:Бағалау дескрипторлардың негізінде нақтылы жүргізіледі.
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:Мақсатқа жету үшін белсенді оқу әдістерін дұрыс қолдану.