Қысқаша түйіндеме



бет1/5
Дата28.05.2017
өлшемі1,77 Mb.
#17064
  1   2   3   4   5






Қысқаша түйіндеме


  • БХЖС-2011 сәйкес Қазақстанда типті жастағы халықты (18-22 жас) үшіншілік біліммен (ТжКБ орта буынының мамандары, бакалавриат, магистратура, докторантура) жалпы қамту соңғы 5 жылда 53,1% 48,4% дейін төмендеді1. Бұл көрсеткіштің төмендеуі ақылы бөлім контингентінің (2011 жылғы 498 440-тан 2015 жылғы 337 092 білім алушыға дейін, яғни 33%-ға) айтарлықтай азаюына байланысты.




  • ЮНЕСКО деректері бойынша шетелдік ЖОО-да білім алған қазақстандық азаматтардың саны 2009 жылғы 36 мыңнан 2013 жылғы
    49 мыңға дейін өсті (ҚХР ЖОО-дағы қазақстандықтарды есепке алмағанда. Мемлекеттер, ЮНЕСКО Қытай бойынша шетелдік студенттер туралы деректерді ұсынбады). Бұл деректер Қазақстанның төлемге қабілетті азаматтардың неғұрлым көбі жылдан жылға шетелдік білім беруді таңдайтынын дәлелдейді. Ресейлік ЖОО 213 мың шетелдік студенттердің 49 252 (23%-ы) Қазақстанның азаматтары болды. Ресейде шетелдік студенттердің саны бойынша Қазақстанның азаматтары 1-орынды алады2.




  • Әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті алты мемлекетінде үшіншілік біліммен жалпы қамту орта есеппен 72,2% (Швейцария - 55,6%,
    Сингапур-82,7%, АҚШ-94,3%, Германия-61,7%, Нидерланды - 77,3%, Жапония - 61,5%) құрады. Өз кезегінде үшіншілік біліммен қамтудың жоғарғы көрсеткіштері ЖБИ-де көшбасшы позицияның кепілі болмады. Грецияда бұл көрсеткіш 116,6% (ЖБИ-де 81-орын), Аргентинада 80,3% (106), Украинада 79% (79), Ресейде 76,1% (45) құрады3.





  • Қазақстандық ЖОО-ның әлемдік академиялық рейтингтердегі белсенділік артты. QS World University Rankings-2011 рейтингісіне
    2 қазақстандық ЖОО кірсе, 2015 жылы олардың саны 9 болды.




  • 2015 жылы Thomson Reuters компаниясының Essential Science Indicators ақпараттық ресурсының деректері бойынша қазақстандық ғалымдардың соңғы онжылдықтағы 14 жариялымы әлемнің ең жоғары дәйексөз келтірілген мақалалардың 1% жатады.




  • Қазақстан ЖОО аккредитациядан өту рәсіміне жылдан жылға белсенділік артуда. 2015 жылы ұлттық институционалдық аккредитациядан 72 ЖОО өтті, бұл 2014 жылмен салыстырғанда
    6-ға артық. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуелсіз аккредитиция рәсімінен өткен ЖОО-лар мемлекеттік аттестациядан өтуден босатылады
    («Білім туралы» ҚР Заңының 59-бабы)4.




  • 2015 жылы Назарбаев Университетінің 380 бакалаврының алғашқы түлектері шықты. Түлектердің 2/3 бөлігі оқуды жетекші халықаралық университеттерінде жалғастырды.



  • 2015 жылы ИИДМБ-2 жобалары үшін 1 900 магистрды даярлау басталды. Оқыту еліміздің 11 университетінің базасында экономиканың

6 маңызды саласы (металлургия, химия, мұнайхимия, машина жасау, материалдар құрылысы, тамақ өнеркәсібі) бойынша жүргізіледі.


  • «Серпін - 2050» «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасының ЖОО саны 7-ден 19 дейін, ал мамандық саны 19-61 дейін көбейді. Гранттардың саны 5 000 орын болды.




  • Сандық көрсеткіш - түлектердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі Қазақстанда ЖОО ұсынатын қызметтер сапасы критерийлерінің бірі болып табылады. The Global Employability University Ranking, QS Graduate Employability Rankings жұмысқа орналасқандардың тек санын ғана емес (салмақтық коэффициенті - 10%), сонымен қатар ЖОО-ның жұмыс берушілер алдындағы беделін, бизнеспен ынтымақтастығын, студенттер мен өндірістің бірлескен жобаларын, университеттің базасында жұмыс берушілер кеңселерінің өкілдіктерін де ескереді (салмақтық коэффициенті - 15-тен 30%-ға дейін).




  • Еліміздің ЖОО-да шетелдік студенттер үлесінің өсу үрдісіне қарамастан (2014ж. - студенттердің 1,9%, 2015ж. - 2,3%)5 бұл көрсеткіштің мәні әлемдік көрсеткіштерден әлі де төмен. Жоғары білім беру тартымдылығының ең жоғары көрсеткіштерін Австралия (18%), Ұлыбритания (17,5%), Швейцария (16,9%) және Австрия (15,5%) университеттері көрсетті. Шетелдік студенттердің анағұрлым көп санының абсолюттік мәні АҚШ-қа - 842 384, ҚХР-на - 712 157, Ұлыбританияға -
    428 724, Австралияға - 266 048, Францияға - 235 123, Ресейге - 213 342, Германияға - 210 542 тиесілі6.





  • «ЖОО және бизнестің ынтымақтастығы» сауалнамалық көрсеткіш бойынша Қазақстанның ЖБИ-да позициясы тұрақты төмен (2014ж. - 88-ші, 2015ж. - 88-орын)7. Бұл Қазақстанның ЖОО жүйесінің бұл бағытта үлкен резервтерінің барын дәлелдейді.

Кадрларды даярлау

2015 жылы университеттің алғашқы прототипі - Византия Империясындағы Пандидактерионның («Pandidakterion») негізі қалануына 1590 жыл толды8. Жоғары білімнің 1,5 мыңжылдықтан асқан тарихында


ол адам өркениеті дамуының негізі болды.

ХХI-ғасырда жоғарғы мектептің Академиялық білімнің қайнаркөздерінен инновациялар мен технологиялық үрдістің орталықтарына екпінді өзгеріп жатқанын байқаймыз.

2015 жылғы 11 маусымда жетекші халықаралық сарапшылардың бірі Джамиль Салми Назарбаев Университетінде өткен Жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық Форумында сөйлеген сөзінде әлемдік жоғарғы мектеп дамуының өте қызықты әрі күтпеген перспективаларын атады. Оның пікірі бойынша, «диплом қажеттілігі жоғалады. Студент кез-келген жерде, кез-келген уақытта білім ала алатын болады».

Вашингтон Университетінің профессоры Стэфэн Джоелдің пікірінше, 2030 жылға қарай жасанды интеллект оқытушыны алмастыра алады. Дәреже алу өз мәнінен айрылады. Оқыту сертификаттары, жұмыс орнында оқыту, қызығушылықтар бойынша клубтарға қатысудың мәні артады9.

Стэнфорд Университеті Білім берудің жоғарғы мектебінің деканы Дэн Шварц емтихандар оқу үлгерімін бағалаудың негізгі құралы болудан қалады деп санайды. Алған білімін тексерудің орнына студенттерге жаңа материал ұсынылады және олардың оны талдау мүмкіндігі бағаланады7.

2015 жылғы қазанда Сингапур Білім министрлігінің жауапты хатшысы Чан Лэй Фунг: «Жоғары білімнің болашағы» конференциясында «дәстүрлі ЖОО болашақта жойылады. Топтар мен факультеттер болмайды, студент өз курстарын және бағдарламаларын өзі таңдайды. Дараландырылған оқыту пайда болады. ЖОО осындай өзгерістерге дайын болуы керек. Өмір бойы оқу құбылысы жоғары білім берудің негізгі принципіне айналады», - деді10.

2015 жылы АҚШ талапкерлерінің 91%-ы ЖОО-ға әлеуметтік желілер арқылы түсті (2014 жылы - 59%-ы)11.

Бұл жаңа шарттарда сұрақтар туындайды. Қазақстандық ЖОО сол заманның осы жаһандық сын-қатерлеріне жауап беруге қаншалықты дайын? Қазақстанның бәсекеге ең қабілетті 30 елдің қатарына кіру міндетіне қол жеткізуге олар қандай үлес қоса алады?

Университеттердің әлемдік тарихымен салыстырғанда қазақстандық жоғары мектебінің тәжірибесі айтарлықтай қарапайым, оған небәрі
87 жыл. Оның өз артықшылықтары бар. Көпғасырлық негізінің болмауы біздің ЖОО әлемдік өзгерістерге икемді және алғыр етеді.

ҚР БДМБ жүзеге асырылған 5 жылда кәсіптік білім беру қолжетімділігінің жаңа механизмдері іске қосылды. Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі (МБЖЖ) - отбасыға баланың елімізде және шетелде білім алуына қаржы жинауға мүмкіндік беретін қаржылық құрал. МБЖЖ жобасын ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ серіктестік банктердің («Халық банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Fortebank» АҚ) қатысуымен жүзеге асырады. Жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалар, көпбалалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттің сыйақысы жоғарылатылған (7%). 2013 жылмен салыстырғанда МБЖЖ салымшыларының саны 20 есе артты (2013ж. - 720, 2015ж. - 14 135).



2014 жылы «Бөбек» Қорының Президенті Сара Алпысқызының бастамасымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 5 млрд. теңгеден астам соммаға жинақ депозиттері ашылды. Мұндай мүмкіндік 7 692 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаға берілді. 2015 жылы «Өзіңнен баста» республикалық науқаны тендессіз бастаманың жалғасы болды. Науқанды жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар (ҚР БҒМ, ҚР ИДМ, ҚР ӘМ, ҚР ҚМ, ҚР ДСӘД, Алматы және Павлодар облыстарының әділет департаменттері, Алматы қаласының 92 569 әскери бөлімі) жалғастырды12.

Халыққа 15%-дан басталатын жылдық мөлшерлемесімен (білім беруге арналған нарықтағы қарыздан 2-3%-ға төмен) 12 жылға дейінгі несиелеу мерзімімен білім беру несиесін алу мүмкіндігі беріледі. Жас маман несиені оқуды аяқтағаннан кейінгі 6 айдан соң және жұмысқа орналасқаннан кейін төлей бастайды. Кәсіптік білім беру әлеуметтік қолдау құралы ретінде шағын табысты жастар үшін қолжетімді.



2014 жылы мемлекеттің бастамасымен «Серпін - 2050» «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы іске қосылды, ол Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының жастарын оқытуға және еліміздің шығыс, солтүстік және батыс өңірлеріне жұмысқа орналастыруға бағытталды. Жоба қатысушыларына тегін жатақханада тұру, тамақтану және шәкіртақы беріледі.

2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жобаға қатысушы ЖОО саны 7-ден 19-ға дейін және мамандықтар тізбесі 19-дан 61-ге дейін өсті. Студенттердің контингенті 2015 жылы 5 000 адамды құрады (2.4.1 - сурет). Оқуға түскендердің жалпы санынан «Серпін» гранты иегерлерінің
ең жоғарғы көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелді (80%). Алғашқы түлектер 2018 жылы болады деп күтілуде.
2.4.1 - сурет. «Серпін-2050» жобасы, 2015 жыл


Дереккөз: ҚР БҒМ
Жоба жас мамандарды жұмысқа орналасуда қолдау көрсетуді қарайды. Дегенмен олардың өңірде тіркелу және одан кейінгі кәсіптік сүйемелдеу механизмдерін егжей-тегжейлі қарауы тиіс.

2015 жылы экономиканың өңірлік бағыттылығын, кәсіпорынның ресурстық және кадрлық қамтамасыз етілуін ескерумен ИИДМБ-2 үшін 11 базалық ЖОО анықталды. Техникалық мамандықтардың жоғары білікті кадрларын даярлау бейінді магистратурада жүргізіледі. 2015-2016 оқу жылының мемлекеттік тапсырысы 1 900 адамды, одан кейін 2016 жылы 2 800-ге дейін және 2017 жылы 3 500-дан кем болмайтын адам санын қамтыды
(2.4.2 - сурет).


2.4.2 - сурет. ИИДМБ-2 үшін 11 базалық ЖОО



Дереккөз: ҚР БҒМ

ИИДМБ-2 басымдылықтарын ескерумен (металлургия, химия, мұнайхимия, машина жасау, материалдар құрылысы, тамақ өнеркәсібі) және шетелдік серіктес ЖОО тартумен 24 жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Бағдарламалардың мазмұны Қазақстан өңірлерінің салалық мамандандыруын айқындайды (2.4.1 - кесте).
2.4.1 - кесте. ИИДМБ-2 бойынша кадрларды даярлау шеңберіндегі

жаңа білім беру бағдарламалары

ЖОО

Мамандықтар

Білім беру бағдарламалары

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

6М074600 Ғарыштық техника және технологиялар

Серіктік және ғарыштық-ракеталық техника және технологиялар

6М073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру

Құрылыс материалдарды, бұйымдарды, құрылымдарды және құрылысты өндірудің инновациялық технологиялары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

6М072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Өнеркәсіптік химия

(эксперимент түрінде)



6М070300 Ақпараттық жүйелер

Индустрияға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ

6М071200 Машина жасау

Машина жасаудың инновациялық технологиялары және құралдары

6М072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Мұнайхимия және мұнай өндеу

6М070200 Автоматтандыру және басқару

Өндірістік процесстерді автоматтандыру

ҚазҰАУ

6М080800

Топырақтану және агрохимия



Топырақ құнарлығын және өсімдіктердің қоректенуін басқару

6М073500

Азықтық қауіпсіздігі



Қолданбалы азықтық қауіпсіздігі

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ

6М070900 Металлургия

Түсті, асыл, сирек және шашрынды металлдарды алудың инновациялық технологиялары

6М071200

Машина жасау



Технологиялық машиналар және көліктер

ҚарМТУ


6М070900

Металлургия



Металлургиядағы нанотехнологиялар

6М070200

Автоматтандыру және басқару



Робот техникасы. Басқару жүйелері

С.Торайғыров атындағы ПМУ

6М072100

Органикалық заттардың химиялық технологиясы



Мұнай және газ өндірісі

6М070900

Металлургия



Матиериалдарды жүргізу металлургиялық инженерияның технологиялық инновациялары

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ

6М080200

Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу негізімен өндіру технологиясы

(пәнаралық)


Азық өнімдерінің жоғарғы технологиялық өндірісі және қауіпсіздігі

(эксперимент түрінде)



6М072400

Технологиялық машиналар және жабдықтар

(сала бойынша)

(пәнаралық)



Индустриалдық техниканы инновациялау және автоматтандыру

(эксперимент түрінде)



2.4.1 - кестенің жалғасы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

6М075300

Баяу балқитын бейметалл

және силикатты материалдардың химиялық технологиялары


Силикатты материалдарды өндіру

6М072800

Өңдеу өндірісінің технологиясы

(сала бойынша)


Азықтық инженерия және азықтық өнімдердің қауіпсіздігі

6М072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Поликомпонентті минералды тыңайтқыштар синтезі

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ

6М072700

Азық-түлік өнімдерінің технологиясы



Азық-түлік өнімдерін өндіру

6М072400

Технологиялық машиналар және жабдықтар



Ауылшаруашылық машиналарын және жабдықтарын өндіру және пайдалану

АМГИ

5В072100

Органикалық заттардың химиялық технологиясы



Мұнайхимиялық өнімдерді өндіру технологиясы

5В070800

Мұнай және газ ісі



Мұнай және газ кен орындарын теңізде және құрлықта игеру және пайдалану



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет