Ішкі аурулар пропедевтикасы туралы түсінік



Дата07.02.2022
өлшемі14,24 Kb.
#92631
Байланысты:
Ішкі аурулар
КТЖ 5 сынып

Ішкі аурулар пропедевтикасы туралы түсінік
Ішкі аурулар медицинасының жалпы медициналық білім берудегі маңызы.
Ішкі аурулар ілімінің қысқаша тарихи дамуы. Ежелгі Египет, Индия, Қытай, Ежелгі Греция медицинасы, Гиппократ мектебі – клиникалық медицинасының бастауы. Абу Али Ибн Син еңбектерінің Европа медицинасына әсері. Диагностикалық тексеру әдістері дамуында Ауэнбургтердің, Лаэннектің, Мудровтың, Захарьиннің, Остроумовтың еңбектері. Европа мен Ресейде XIX ғасырдағы медицина дамуы. Советтік медициналық мектеп. Терапиялық ауруларға медициналық көмек көрсету жүйесінің ерекшеліктері. Ауруларды ауруханаға жатқызу жолдары мен ретті. Аурухананың терапиялық бөлімінде жұмысты ұйымдастыру. Ішкі аурулар пропедевтикасының негізгі мақсаттары. Семиотика, диагноз, диагностика туралы түсінік. Дәрігерлік этика және медициналық деонтология. Ішкі аурулар клиникасындағы студент- медик.


Ішкі аурулар пропедевтикасының негізгі міндеттері.
Сұрап тексеру. Сұрап тексеру маңызы. Науқастарды зерттеу тәсілдері ретінде анамнезді жинаудағы Г.А Захарьиинің ролі. Ауру тарихы үлгісі. Ауру тарихының ғылыми- медициналық және құқықтық құжат ретінде. Сұрап тексеру үлгісі, паспорт мәліметі, аурудың даму тарихы, өмір тарихы. Аурудың шағымдары : негізгі және қосымша. Негізгі шағымды жете анықтау. Аурудың өмір тарихы, қысқаша өмірлік мәліметі, семьялық (жанұялық), жұмыс және тұрмыстық анамнез, зиянды әдеттер, науқастың тамақтануы, ауырған аурулардың түрлері, аллергиялық анамнезі. Тұқым қуалаушылық. Туберкулез және жұқпалы (венерические) аурулармен ауыратын науқастармен қатынаста болуын анықтау.
Жалпы қарап тексеру. Науқастың жалпы жағдайы. Сана-сезімі ( анық, ступор, сопор, кома, есі танудың түрлері ). Науқастың қалпы (еркін, қимылсыз, мәжбүр қалып ).
Науқасты сұрау.
Науқасты реттілігін, жүйілігін сақтай отырып жалпы қарауды өткізе білу. Науқастың санасы, күйін, ене құрылысын, жүрісін, күйлілігін, конституциясын анықтау. Бетінің өзгерісін, қабақтарының күйін, қарашық пішінін, көздің шарасын шығып тұруын, қабақтардың птозын және ісіктерін бағалай білу.
Дененің жеке бөлімдерін қарауды өткізу : ауыз қуысын (кілегейлі қабатының ,
тістерін, тілінің күйін), терісін ( серпімделігі, түсі, бөртпелер болуы, ылғалдығы ),
майлы-шел қабатын қарау. Терінің түсін, қаңқа – бұлшық ет аппаратын күйін, буындардың пішіні мен қызметін, веналардың варикозды кеңеюін, жалпақ табандылығын анықтау біліктілігін меңгеру.
I. Ауру - жарақат, жаралану, сырқат, шектен тыс күшті тітіркендіргіштер әсерінен болатын патофизиологиялық күйді білдіреді. Мұндай кезде әдетте «ауырады», «сырқырайды», «қақсайды», «ауырсынады» сияқты сөз тіркестері айтылады.
II. Ауру( Morbus - сырқат, ауру. Аурудың әртүрлі анықтамасы белгілі, соның бірі:
1. Ауру-сыртқы және ішкі себептердің әсерінен организмнің құрылысы мен функциясы бұзылғақ сонымен қатар оның бейімделу - өтем реактивтігі өзіндік сапада жұмылдырылған өмір, ауруға адамның ортаға толық не жартылай бейімделуі тежеліп, оның өмір әрекеті бостандығының шектелуі тән.


Диагноз
Диагноз, ауруды анықтау - тексерілетін адамның денсаулық жағдайын ауруын немесе өлімінің себептерін аурулардың атауларын, түрлері мен барысын, нұсқаларын медициналық терминдермен жазып көрсететін медициналық тұжырым.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет