Ислам дініндегі гендерлік теңдік мәселесі



Дата28.06.2022
өлшемі18,1 Kb.
#147145
Байланысты:
Ислам дініндегі гендерлік мәселелер



Ислам дініндегі гендерлік теңдік мәселесі
Аннотация
Мақалада қазіргі қоғамдық мәселердің бірі болып табылатын гендердік теңдік мәселесі жайында, әрі бұл терминнің қайдан пайда болып, қалай қалыптасқандығы туралы жазылған. Ислам дініндегі негіздері бойынша ер мен әйел теңдік мәселесі, әйелдің ислам дініндегі орны жайлы сөз қозғалады.
Кілт сөздер: Феминизм, гендер, ислам, әйел, теңдік.
Ислам дініндегі гендерлік мәселелерге тоқталмас бұрын «гендер» ұғымына тоқталып,оның ғылыми теорияда қалай көрініс тапқанын және әлеуметтік қоғамда қандай орынға ие болғанын анықтау қажет.
Гендер түсінігі қоғамдағы әйел мен ердің арасындағы олардың әр қайсысының әлеуметтік орнын анықтауға бағытталған ғылыми бағыт. Гендер өз бастауын феминизмнен алады. «Феминизм» сөзі (femіna - латынша әйел) Батыста, яғни Англия мен Америкада ХҮІІІ ғасырдың 80 жылдарында пайда болған әйелдердің теңсіздігіне жол бермеу, дәлірек айтканда, әйелдерге дауыс беру, білім алу, еркектермен бірге кәсіби қызметпен айналысуға мүмкіндік жасауды көздеген қозғалыс.Феминизм батыс елдеріндегі әйелдердің өз саяси құқығын қорғаудан басталып, “эмансипацияға” (биоәлеу­мет­тік теңдікке жету) одан әрі қарай гендерге ұласты. Қазір оның мағынасы кеңейе түсіп отыр. Оған әкелген жол “әйел” мен “ер” түсініктерінің әлеуметтік кеңістік­терінің кеңеюінен. Бүгінгі күні олардың ара қатынасының ерекше түрле­рінің пайда болуы және табиғи түрлерінен (гермофродиттер) ғана емес, транссек­суал­дардың қоғамдағы өз орнын анық­тауға жол ашу, құқықтарының қор­ғалуына күрес жүргізу. Гендерге осының барлығын енгізіп, кең ауқымды қарастыру мәселесі шет елдерден бастау алады. Феминистік әдебиеттерде гендер ұғымының бірнеше мағынасы бар. Олардың барлығының негізі жыныс (sex) пен гендер (gender) түсінігін ажыратудан басталады. Жыныс – бұл адамдардың анатомиялық-биологиялық ерекшеліктерін анықтайтын ұғым, яғни оның негізінде адамдарды еркек және әйел деп бөледі. Гендер – бұл өте күрделі әлеуметтік – мәдени құрылым, яғни қоғам қалыптастыратын еркектер мен әйелдер арасындағы ролдер, іс-әрекеттер, мінез-құлықтар, менталдық, сезімдік сипаттамалар.
Гендерлік теңдік – бұл әйелдер мен еркектер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарға қоғамның тең беретін бағасы.
Гендерлік әділеттілік – бұл әйелдер мен еркектерге деген бірдей көзқарас, яғни олардың бірдей позицияны ұстауға кедергі келтіретін тарихи және әлеуметтік себептерді жоюға бағытталған арнайы шараларды жүзеге асыру.
Гендер ұғымы әлі де зерттелініп, әртүрлі ғылым салаларына өз ықпалын тигізуде. Мәселен, социология, мәдениеттану, саясат, әлеуметтану,дінтану, психология, сияқты т.б ғылымдарда ғалымдар тарапынан сынға ұшырап, әрі қолдау тауып келеді. Енді тақырыбымызға оралып, Ислам дініндегі әйел заты мен ер кісінің тең бе?- деген сұраққа жауап іздейтін боламыз.
Ислам дінінде қандай Қасиетті кітап Құранда да, ислам дінін әкелген пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерінде де әйел мен еркектің тең екені айтылған. Алайда, теңдік пен бірдейліктің екі түрлі екендігін еске­ру қажет. Олар тең жаратылғанымен, әйел мен еркектің бірдей емес екендігі белгілі. Олардың арасында физиологиялық,
психологиялық айырмашылықтар бар. Әрі олардың өз табиғатына сай атқаратын функциялары бар.
Ислам діні келместен бұрын ежелгі араб елінде де қараңғылық (джахи­лиет) дәуірінде әйелге деген көзқарас барын­ша төмен еді. Әйелдің дүниеге келуі, өсіп бой жетілуі мен тәрбиеленуі, содан соң тұрмыс құруы барлығы қасірет болған-ды. Қыз баланың дүниеге келуі отбасы үшін намыс болды. Сондықтан кей жағдайларда өмірге келген қыз баланы тірідей көме салатын. Мұндай сұмдықты жойған ислам діні болатын. Ол кезде әйел зат­ша саудаланатын, қанша әйелмен үйленем десе де еркектерге шек қойылмайтын.Тіпті, көне грек және рим мәдениеттерінде әйелді адам деп те есептемелгені, әйел бір қолдан екінші бір қолға өтіп жүре беретін ортақ мүлікке жатқаны тура­лы айтылды. Ескі қытай мәдениетінде әйел заты адам саналмағандықтан, оған айдар тағып, ат та қойылмайтын болған. Міне, әйел баласының жағдайы осындай жан түршігерлік қорлыққа толы бір заматта ислам діні әйелдердің абзал жаратылыс екенін түсіндіріп, оған ерекше баға берді. Оны заттықтан адамдыққа, қорланудан ардақтау деңгейіне көтерді. Тіпті, «Жұмақ – аналардың табанының астында» деп сыры терең, сыны биік ұстанымға бас идірді. Құран әйелдің адами табиғатын барлық қырынан қысқа әрі нұсқа сипаттай отырып, оны мейлінше жоғары мәртебеге көтерді.
Жалпы, Құранда әйелдер және ерлер де­ген атаулар үнемі бірге айтылады, тең аталады, екеуінің де дереу тәубеге келіп, шын ниетімен сәжде жасағаны үшін кешірілгені айтылады. Бұған «Бақара» сүресінің 35-36 аяттары, «Ағраф» сүресінің 18-24 аяттары, «Таhа» сүресінің 116- 121 аяттары куә.Әрі ерлер мен әйелдердің де білім алуы парыз екендігі айтылған. Осылайша, әуел бастапқы күнәні Хауа ананың мойнынан алып осыған орай әйелге қарсы көзқарастарға тойтарыс беріледі. Әйелдің жоғары рухани қасиеттерімен адамзат тегіне жататыны айтылып, әйелді руханилығына күмән келтірген пікірлерге тосқауыл қойды.
Хазірет Мәриям ананың атымен аталатын да арнайы сүре бар. Сондықтан, ислам діні Хазірет Хауа-Ана ғана емес, Хазірет Мәриям ананы да шы­найы ұлықтайды. Анаға деген құрметтің ерекше үлгісін Хазірет Мұхаммед пайғамбардан (с.а.с.) көруге болады. «Жұмақ – аналардың аяғының астында» деген әз пайғамбарымыз аналарды ерекше құрметтеген. Сол арқылы әйелдің қоғамдағы алар орнын айқын көрсетіп берген. Хадисте «әйелдердің ең абзалы – көп бала тапқан ана» деп айтылады. Бірде Хазірет пайғамбарымыздан сахабалардың бірі: «Әуелі кімге құрмет көрсетейін?» деп үш рет сұрағанда, әз пайғамбар үшеуінде де «Анаға» деп, тек төртіншіде ғана «Әкеңе құрмет көрсет!» деген екен.
Жалпы қарастырырғанда,әрбір дін әйел затының отбасындағы, қоғамдағы орны мен құқықтарына қатысты өзіндік көзқарасын білдірген. Соның ішінде әйелдер қауымының құқықтарын ерекше жоғары деңгейге көтерген және оның отбасындағы міндеттерін белгілей отырып, қоғамдағы орнын айқындап берген ислам діні өзге діндерден оқ бойы озық тұрады. Ислам негіздері бойынша ерлер мен әйелдер Алла алдында тең, яғни пенде ретіндегі міндеттері бірдей деп қорытындыламақпын.
Нуркасымова Айгерім Сабырқызы
Шет тілдер және іскерлік карьера универсиетінің
4 курс студенті




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет