Италия республикасының конститциясының ҚҰҚЫҒЫ



Дата05.10.2019
өлшемі29,02 Kb.
#49265
Байланысты:
рферат 2т

ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТЦИЯСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ.

Италия Конституциясының ерекшеліктерінің бірі - онда преамбуланың болмауы. Конституция кіріспе бөлімнен басталады, онда Италия Республикасының Конститциясының құрылысы туралы жалпы және негізгі ережелер мазмұндалады. Конституцияның 1- бабында Италия еңбекке негізделген демократиялық Республика деген анықтама бар. Аталған баптың 2-бөлігінде егемендік халыққа тиесілі, ол оны Конституцияда белгіленген нысандар мен шекте жүзеге асырады. Конституцияда ішкі және халықаралыққұқық арсындағы барлық қатынастар көрініс тапты. Конституцияның 10-бабының 1-бөлігінде Италия құқықтық тәртіпті жалпы таныған халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді деген ережеге ерекше көңіл бөлуді қажететеді. Аталғанмен 11-бап та байланысты. Оған сәйкес «Италия басқа халықтың бостандығына шеек қою мен халықаралық дауларды шешу тәсілі ретінде соғыстан бас тартады, басқа мемлекеттермен тең негіздерде ұлттар арасындағы тыныштық пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін тәртіпті сақтау мақсатында егемендікті шектеуге келіседі» - делінген. Осы нормаларелдіңЕуропаОдағынакіруүшінқұқықтықнегізболды.

Кіріспе бөлімнен кейін бірінші бөлім келеді, ол «Азаматтардың құқықтары мен міндеттері» деп аталған. Бұл бөлімде 54 бап бар екендігін айту керек. Бірақ осы бөлімді құрайтын төрт бөлімше тек азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне арналмаған, сонымен қатар онда азаматтық, этико-әлеуметтік, экономикалық, саяси қатынастар қарастырылған.

Екінші бөлім Республика құрылысын реттейді.Оның құрамына Парламент, Президент; Үкімет, Магистратура, облыстар, провин-циялар, коммуналар, конституциялық кепілдіктер бөлімшелері кіреді.Конституция жалпы 139 баптан тұрады.

Конституция өтпелі және қорытынды ережелермен аяқталады. Өздерінің сипаты бойынша кейбір ережелер акттың негізгі бөлімінде орналасуы тиіс. Мысалы, таратылған фашисттік партияны қандай да болсын нысанда қайта құруғатыйым салу туралы XII-бапнормасы. Италия Республикасының Конституциясын өзгерту тәсіліне байланысты қатаңдарына жатқызылады. 138-бапта айқындалған оны өзгерту процедурасы 2 кезеңнен тұрады.

Конституцияны, басқа конституциялық заңдарды қайтақарау туралы заңдар Парламенттің әр палатасында кем дегенде екі тыңдаудан кейін ғана қабылданады. Тыңдаул арарасындағы мерзім 3 айдан кем болмауы тиіс. Екінші сайлау кезінде ондай заңдар әр палатаның құрамының абсолютті көпшілік даусымен мақұлдану тиіс.

Қазіргі Италия Конституциясы 1948 жылы күшіне енді. Мемлекеттің басшысы - президент. Оны парламенттіңекі палатаның бірлескен мәжілісінде жасырын дауыс беру жолымен 7 жылға сайлайды. Президентке кең өкілдіктер берілген. Ол заңдарды жариялайды, заңдық күші бар декреттер шығарады, парламентті таратып жібере алады, үкімет төрағасын тағайындайды, қарулы күштердің қолбасшысы да, Жоғарғы қорғаныс Кеңесінің төрағасы да сол. Жоғары заңшығарушы органы да – парламент. Ол екі палатадан-депутаттар палатасы және республика сенатынан құралады. Екі палатаға да депутаттар жалпыға бірдей және төте сайлау жолымен сайланады. Ерекше еңбек сіңірген 5 адамды президент өмірлік сенаттыққа тағайындайды, республиканың бұрынғы президенттері де сенат құрамына өмірлік болып кіргізіледі. Екі палатаның да өкілдік мерзімі 5 жыл. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау құқығы беріледі. Атқарушы өкімет билігін үкімет - Мин. Кеңес жүргізеді. Үкімет парламент алдында жауапты. Сот жүйесі Жоғарғы кассациялық сот – жоғарғы инстанциялы сот, азаматтық істер, қылмыстық істер жөніндегі соттар және аппеляциялық соттардан құралады. Судьяларды тағайындау және ауыстыруды президент төрағалық ететін магистратураның жоғарғы Кеңесі жүргізеді.

ИТАЛИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ.

Италияның сот құрылымы оның Конституциясымен және 1941 жылғы «Сот құрылымы» туралы Заңмен реттеледі. Италияда конституциялық, жалпы және арнайы  юрисдикцияда-  жоғарғы соттар қызмет атқарады. Конституциялық юрисдикцияны Конституциялық сот (Cortecostituzionale) атқарады. Конституцияның 134137 баптарына сәйкес, мемлекеттің заңды күші бар актілерінің және заңдардың конституцияға сәйкестігі туралы шағымдары, облыстар арасында, мемлекет және облыстар арасындағы түрлі билік өкілдерінің құзыреті туралы дауларды, Республика Президентіне қарсы бағытталған айыптауларды қарастырады .

Конституциялық сот, республика президентімен, парламентпен тағайындалатын 15 соттан тұрады. Конституциялық соттың судьялары жалпы және әкімшілік соттардың магистраттары, университеттің ординарлық профессорлары және 20 жылдық еңбекө тілі бар қорғаушылар санатынан тағайындалады. Судьялар тоғыз жыл мерзімге тағайындалып, мерзім өткеннен кейін қайтадан тағайындала алады.

Соттардың жалпы юрисдикциясы: қылмыстық, азаматтық болып бөлінеді және олар, жария билік органдары мен жекес убъектілер арасындағы заңдылықты қамтамасыз етеді.

Жалпы юрисдикциядағы сот төрелігін, кәсіби соттар және құрметті судьялар жүргізеді. 1998 жылғадейін Италияның бірінші сатыдағы соттары ретінде кішігірім істермен айналысатын бір судьядан тұратын Претура (Pretura) және үш мүшеден құралған күрделі істерді қарастырумен айналысатын Трибунал (theTribunale) саналған. 1998 жылы Претура таратылып, оның функциялары  Трибуналға  берілген.1998 жылы азаматтық және қылмыстық істер бойынша бірінші сатыдағы соттар институты құрылған. Осы соттың судьялары емтихан тапсырмайды, кәсіби қызмет көрсеткенімен, Әділет министрліктеріне жұмысқа қабылданбайды және жалақы алмайды. Оларға тек қана, сот мәжілістеріне қатысқаны үшін төлем төленеді. Италияда бітімгершілік судьяларының институты 1991 жылы 21 қарашада № 374 заңменқұрылған.

Бірінші сатыдағы соттар  жүйесінің  негізгі буынын трибуналдар құрайды. Олардың құзыретіне – барлық азаматтық және қылмыстық даулар кіреді.

Италиядағы ювенальдық соттар (Tribunaleper i minorenni) – бұлазаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты сот функцияларын атқаратын арнайы институт. Олар аппелляциялық соттар негізінде құрылады. Апелляциялық соттар (Cortediappello) екінші сатыны құрайды. Олардың юрисдикциясына шетел соттары және арбитрлері шығарған шешімдерді атқару кіреді.

Италия судьяларын әділет министрлігінің ұсынысы мен Республика Президенті, заң саласында жоғары білім бар, сот магистратурасын бітірген тұлғалардың ішінен тағайындайды. Конкурсты қіріктеуден өткен үміткерлер тағылымдамадан өтуші қызметіне алынады. Италияда судьяларды іріктеуді жетілдіру мақсатында 1997 жылдан бастап бір қатар реформалар жүргізілген.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы, Италия Республикасының сот жүйесінің ерекшеліктерін қарастыра отыра, әкімшілік әділетті ұйымдастыру нысандары, соттан тыс ұйымдарды пайдалану, унитарлық белгісі және сот жүйесінің көптігі, жүйелердің деңгейінің алуандығы, жалпы юрисдикциядағы соттардың құрылымы арқылы ерекшеліктенетінін айқындадық. Сонымен қатар, аталмыш елдің сот жүйесіне тән: конституциялық және әкімшілік соттардың болуы, сот жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы органның болуы да тән.

Тұжырымдай келе, Италия Республикасының сот жүйесі – бұл жалпы юрисдикциядағы және мамандандырылған   соттардың   жиынтығы, олар мақсатты түрде сот  төрелігін  жүргізеді  және  іс жүргізу нысаны, басқа да негіздер бойынша ажыратылады, белгілі бір саты жүйесінде қызмет атқарады деп топшылаймыз. Ал судьяларды дайындау ісі, ғасырлар бойынша аса маңыз беріп келе жатқан күрделі сала екендігі көрінеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 


  1. Еуропалық Одақтың Конституциясы: Коллекция. / Редакцияланған L.A. Оқунова - М .: ИНФРА М - Норма Баспа тобы, 1997. - 804 б.

  2. Слеппер, Г. Ағылшын құқығы жүйесі / Г.Слаппер, Д.Келли. - 8 - Охон: Routledge Cavendish, 2006 - 738 б.

  3. Дэвид Р., Джеффри-Спинози К. Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйелері / Per. fr. В.А. Туманов. - м.ғ.д. қатынас, 1999. - 400 б.

  4. https://articlekz.com/kk/article/17282

  5. https://baribar.kz/student/3818/konstitutsiyalyq-quqyqtynh-institutta/

  6. https://rel.kz/italiyany-sayasi-zh-jesi-turaly-m-limet/





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет