Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің шетелдік тәжірибе негізінде сот оқуы бағдарламасы бойынша Ұсынымы қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңесі



Дата26.08.2017
өлшемі116,27 Kb.
#28573


Жоғарғы Сот жанындағы

Халықаралық кеңестің

2016 жылғы 22 қарашадағы

2 хаттамалық шешімімен



бекітілген

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңестің шетелдік тәжірибе негізінде сот оқуы бағдарламасы бойынша
ҰСЫНЫМЫ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңесі, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 18-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Халықаралық кеңесі туралы Ереженің 4-тармағына сәйкес,

Қазақстанның сот жүйесіндегі құқық үстемдігі принципін қамтамасыз етудегі ерекше рөлін атай отырып және оның сот қорғауына қолжетімділікті ұсынуына ерекше мән беруін көрсете отырып;

Қазақстанның құқықтық реформаларды өткізу, сот жүйесін, сот ісін жүргізуі мен сот оқуыін жаңғырту бойынша оң тәжірибелері мен жетістіктерін ескере отырып,

Халықаралық тәжірибе негізінде судьялардың кәсіби деңгейлерін дайындау, арттыру жүйелерін одан әрі жетілдіру қажеттілігіне назар аудара отырып мыналарды,

ұсынады:


  1. Болашақ судьяларды Сот төрелігі академиясында дайындауды

Судья лауазымына кандидатты дайындаудың неміс тәжірибесін есепке ала отырып, құқық әдістемесінің біркелкі және ерекше сот практикасын дамытуға баса мыналарға көңіл бөлу:

- құқық теориясының әдістемесіне сәйкес заңды қолдану және талқылау дағдылары мен біліктіліктерін игеру;

- фактілер мен заңды дәлелдерді айыра білу, қарама-қайшы келетін фактілермен жұмыс жасау;

- дәлелдемелерді және түсініктемелерді қабылдау, неге сенуге боларлық немесе сенуге болмайтыны сияқты куәгерлік айғақтардың нәтижелерін бағалау;

- күрделі істерді шешуді қалыптастыру және істі шешу кезінде уақыт тапшылығы режимінде жұмыс істеу;

- істі шешу кезінде заң мәтінімен жұмыс істеу, заңды дәлелдер ұсыну және уәжделген сот (және өзге де) шешімдерін ұсыну, сондай-ақ сот орындаушыларының атқаруына келтірілген дайын шешімдерді қалыптасыру;

- басқа сот шешімдерімен және сот практикаларымен істерді салыстыру;

- ішкі мемлекеттік құқықты басқа еуропалық елдердің құқықтарымен салыстыру, конституциялық және халықаралық құқықты қолдану ұсынылады.

Заңды және оның жүйесін білуге қатысты, Германияның құқықтық білім беру әдістерінің көбі дайын құқықтық білім беру идеясына негізделмейтін болды. Заңгер мамандықтары негізінен жекелеген пәндер бойынша «үлгі алудан оқуды» меңзейді, бірінші жүйені жалпы қабылдау және түсіну. Бірінші кезекте, оның мақсаты құқықтың, таныс емес салалар істерін шешу кезінде құқытың әдістемесін қолдануды үйренуі болып табылады.

Тағылымдамаларға (практикалық білім беруге) қатысты оның мерзімінің ұзақтығына, көп мөлшерде соңғы нәтижесіне бағдарлануды ұсынады. Нәтижеге бағдарлану тағылымдаманың құқықтық дағдыларды, нақты айтқанда белгілі уақыт ішінде құқықтық міндеттерді шешу бойынша жазбаша міндеттерді орындау бойынша практиканы дамытуға ықпал етуі тиіс екенін білдіреді. Осы мақсатта тағылымдама менторлардық басшылығымен өткізілуі керек және жұмыс топтары да қатар болуы тиіс.

Теориялық (академиялық) сабақтарды және практикалық тағылымдамаларды бөлуден бас тарту керек. Магистратураны оқытуды, егер олар бір-бірімен байланысты болмаса, екі кезеңге бөлудің аса ешбір мәні жоқ. Олар мерзім сайын теориялық сабақтарды қайталау, алынған білімдерін тестілеу және теориялық сабақтарды практикаға ауыстыру арқылы өзара байланысқан болуы тиіс.

Сонымен қатар, практикалық оқытуды көбейту қажеттілігі болғанымен, Қазақстан Республикасының Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі – мемлекеттік стандарт) нормаларында белгілі кедергілер бар.

Осыған байланысты «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына Жоғарғы Сотқа (Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті):

- мемлекеттік стандартты, үлгілік оқу жоспарларын, оқуға қабылдау қағидаларын дербес әзірлеуге және бекітуге:

- мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың жекелеген бөлімдерін және білім беру қызметтеріне қойылатын біліктілік талаптардың жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысуға мүмкіндіктер беретін өзгерістер енгізу қажет.

Магистратурада оқытуды бірінші сатыдағы соттардың мамандықтарына негізделе отырып, мамандандырылған (қылмыстық, азаматтық, ювеналдық, экономикалық, әкімшілік) бағдарламалар бойынша ұйымдастырған мақсатқа сай, мамандықтың сәйкестілігі диссертациялық зерттеулерді, практикалық базаның (қылмыстық, азаматтық істер бойынша және т.б.) тақырыптарын таңдау кезінде қамтамасыз етілуі керек.

Алдағы уақытта, соттарға түлектерді тағайындау кезінде олардың магистратурадағы мамандықтарын ескере отырып жүзеге асыру мақсата сай болады. Оқыту процесін осылайша ұйымдастыру кезіндегі ерекшеліктердің бірі мыналар:

- магистранттың мықты профильді дайындығы;

- неғұрлым дайындалған және құзырлы судьялар есебінен жалпы және мамандандырылған соттарда сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту болып табылады.

Одан басқа, біліктілікті атқару курстарына қатысушы судьялар мен магистранттарды бірге оқытуын өткізу мүмкіндігін қарау мақсатқа сай болады. Судья білім алып жатқан кезде – магистранттар да болашақ мамандығы бойынша білім мен дағдыны көбірек игереді.

Корея Республикасы Жоғарғы Сотының сот зерттеулері мен білім беру институты қызметінің тәжірибесі назарға алуға тұрарлық.

Заңгерлік консультация алуды қажет ететін адамдарға көмектесу үшін, тағылымдамашылар тегін қызмет көрсетуге, мысалы «Open Court» (Ашық сот) Интернет сайты ұсынған құқықтық кеңес берулерге қатысады. Тыңдаушылар қоғамдық жұмыстарда сағат өткізуге міндетті, олардың 12 сағаты жеке ерікті жұмыстардан және 70 сағаты заңды кеңес беру қызмет көрсетулерінен тұрады. Ерікті түрде жасалатын жұмыстар арқасында тыңдаушылар мүгедектерге және әр түрлі мекемелердегі басқа да ғаріп, оның ішінде санаторийлер мен балалар үйлеріндегі адамдарға жәрдем береді. Тыңдаушылар сондай-ақ, басқа құқықтық көмектерге рұқсат берілмеген мэрия, Жас адамдардың христиан ассоциациясы тәрізді орындарында, әртүрлі мемлекеттік емес ұйымдарда ерікті кеңес берулерді қамтамасыз етеді.

Магистранттардың практикалық дағдыларды игерулері Сот төрелігі академиясының жанында Құқықтық клиникасын ашуға себеп болуы мүмкін, оның мақсаты әлеуметтік аз қамтылған адамдарға құқықтық көмек көрсету болып табылады. Құқықтық клиникалардың қызметі әлемде кең таралған, олар әлеуметтік, әрі білім беру функцияларын атқара отырып, көптеген ЖОО-да қызмет етеді.

Қоғамның әлеуметтік аз қамтылған бөлігіне құқықтық көмек көрсетуге қатысу магистранттарға болашақ мамандығы судьяның практикалық аспектілерін игеруге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға да ықпалын тигізеді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мамандандырылған магистратураның түлектері судьяның лауазымының бос орнына конкурстық іріктеуін өткізу кезінде ерекше құқықтарға ие.

Алайда, заңнамада «мамандандырылған магистратура» ұғымының нақты анықтамасы жоқ.

Осыған байланысты, «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы заңына және Қазақстан Республикасының Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистартурасы мамандандырылған магистартура екені туралы ережені бекіте отырып, тиісті өзгертулер енгізу ұсынылады.


2. Қосымша кәсіби білім беруді қамтамасыз етуді

Қосымша білім беруді одан әрі дамыту өзара байланысқан мынадай шаралар кешенінің әзірлемелері мен шешімдерін талап етеді:

1) Заңнамалық қамтамасыз етуді

Құқықтарын ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің және судьялар мен сот қызметкерлерінің міндеттерін де, тиісті заңдарда осы міндеттерді іске асыруды ынталандыру және қолдау нысандарын қабылдай отырып, барлық жұмыс істеу кезеңдері ішінде тұрақты қосымша кәсіби білім алу міндеттерін заңнамалық бекіту қажет. Мысалы, қызметтік баспалдақ бойынша көтерілу, қосымша демалыстар беру, еңбекақыларына қосымша үстемеақы төлеу және тағы басқа материалдық және моральдық шаралар нысанында өтуі керек.

2) Ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді

Қарқынды дамып келе жатқан қазақстандық заңнамалары және сот практикасы елдегі болып жатқан өзгерістерге, Сот төрелігі академиясының қызметкерлерінен ғылыми-әдістемелік, кадрлық, ақпараттық және оның қызметіндегі өзге де қамтамасыз етулерге уақтылы және дұрыс ден қоюы тиіс.

Осы саладағы басымдық бағыттар:

- қазақстандық және шетелдік қолданыстағы заңнамаларының және сот практикасының ғылыми зерттеулерін кеңейту;

- заңнамалардың және сот практикасының дамуын ғылыми болжау;

- судьялар мен сот қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды ақпараттық қамтамасыз етуін дамыту;

- судьялар мен сот қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды уақтылы оқу-әдістемелік қамтамасыз етуін қалыптастыру;

-білім беру процесін басқарудың жаңа заманауи технологиясын әзірлеу;

- шетелдік тәжірибені зерделеу және пайдалану және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

- қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану,

- оқытудың белсенді әдістерін енгізу болып табылады.

Сот оқуыін одан әрі дамыту сондай-ақ, қашықтан оқыту жүйесінің (бұдан әрі – ҚОЖ) мүмкіндіктерін кеңейтуіне де байланысты.

Қашықтан оқыту технологиясы озық елдер оқтуларында кеңінен қолданылуда, мысалы АҚШ және Еуропада барлық оқу мекемелерінің 81% осындай оқыту жүйесін ұсынып отыр.

ТМД елдерінің жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту нысаны ұйымдастырылды.

2011 жылдан бастап Жоғарғы Сот қызметте жүрген судьялардың кәсіби деңгейлерін арттырудың облыстық және оларға теңестірілген соттарымен бейнеконфренцбайланысы арқылы қашықтан оқыту тәрізді нысанын іске асырған.

Сонымен бірге, қазіргі заманғы жағдайларда қашықтан оқытуды басқа да технологияларды пайдалана отырып одан әрі дамыту мүмкіндігі және қажеттілігі бар.

Атап айтқанда, оқытудың тиімді технологияларының бірі кейстерді пайдалана отырып, проблемалы-жағдаяттық оқыту болып табылады.

«Кейс-әдіс», «кейс-технология» термині ағылшын тілінен аударғанда «case» мынадай:

- нақты практикалық жағдаятты сипаттау, практикадан алынған нақты (шынайы) жағдаяттарды қарауға, яғни «case – study» жағдаяттық оқыту әдістемесін пайдалануға негізделген оқытудың белсенді әдісін болжайтын;

– білім алушыларға өздік жұмыстары үшін берілетін әртүрлі тасымалдағыштардағы арнайы әзірленген оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы (баспа, аудио-, бейне- және электрондық материалдар) ұғымын білдіреді.

Кейстердің ерекшеліктері теория мен практиканы барынша байланыстыру болып табылады, ол өте маңызды болып саналады. Кейс әдісі жағдайларды талдау, баламаларды бағалау, оңтайлы нұсқаларды таңдау және оны жүзеге асыруды жоспарлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

ҚОЖ жүйесін одан әрі дамытуды желілік технологиялар көмегімен жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Желілік технологияға ҚОЖ-дың әртүрлі технологиялары жатқызылуы мүмкін. Осы бағытта Жоғарғы Сот «Талдау» Форумы талдау ақпараттық сервисі негізінде жұмысты бастап кетті, оған Істер санаттарының бірыңғай классификаторы (бұдан әрі – ІСБК), сот практикасының қорытулары, сот актілерінің банкі, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары жатады.

«Талдау» форумының міндеттері сот актілерін жүйелеу және оларға мониторинг жүргізу; нақты іс санаттары бойынша сот практикасын талдау; сот істерін қараудың біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету, жоғары тұрған сатыларды қоса алғанда, тұрақты сот практикасын қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар, бағдарламаларды әзірлеу және біліктілікті арттыру курстарын өткізу кезінде Сот төрелігінің Академиясы ҚОЖ мүмкіндіктерін әлі же жеткіліксіз қолданып отырғанын атап өту керек.

Осыған байланысты, қашықтан оқыту жүйесін әзірлеу қажет екені көрініп отыр, ол біліктілікті арттыру курсын, оның ішінде сырттай білім беру нысанында неғұрлым жоғары деңгейде өтуге мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде білім алушылардың қандай санаттары іштей (мысалы, судья, сот төрағалары лауазымына алғаш тағайындалғандар және т.б.), ал басқалары қашықтан білім аулары тиіс екенін анықтау керек болуы мүмкін.

Жалпы алғанда, біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде:

- бағдарлама оқушыларын жоспарлау кезінде оқу курсының судья-студенттерін, әрі дәріскер-оқытушылардың мамандануларын ескеру;

- сабақ тақырыптары судьяларға істер санаттарын бірыңғай классификаторы бойынша сот практикасын қорыту кезінде анықталған қателер негізінде қолданыстағы заңнамаларды судьяларға түсіндіруге ықпал ету;

- Сот төрелігі академиясының жоспарларында іс бойынша нақты жағдаяттарды шеше отырып, тренингтер өткізуге көп сағат бөлуді көздеу; Академия базасында «үлгілік» және шынайы сот процестері, жетекші ғалымдардың, оқытушылардың және судьялардың түсініктемелері беріле отырып, рөлдік ойындар жазылған оқу-практикалық бейнефильмдерін құру ұсынылады;

Академияның білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында Жоғарғы Сот судьяларымен бірлесе отырып, ұсынымхаттар, құқықты қолдану қызметіндегі өзекті мәселелер бойынша оқу-құралдарын әзірлеу қажет. Оларды дайындау, басып шығару және тарату үшін Академия жанында баспахана құру мүмкіндігі қаралу керек, ол оқу процесін аз тиражды баспа өнімдерімен қамтамасыз етуіне, сондай-ақ әр судьяны қажетті әдебиетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кітаптар тираждарын басып шығара алуы тиіс.



3. Кадрлық қамтамасыз етуді

Академияда қосымша кәсіби білім алу жүйесі судьялар мен сот қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды, қайта даярлауды үздіксіз қамтамасыз етуге тартылған. Академия тыңдаушыларының ерекшелгі оның кадрлық қамтамасыз ету ерекшелігін де негіздейді.



Академияда оқыту үшін Жоғарғы Сот судьяларын ғана емес, сонымен қатар жергілікті соттардағы неғұрлым тәжірибелі, әрі оқу дәрежелері бар судьяларды, отставкадағы судьяларды, Соттар қызметін қатамасыз ету департаментінің қызметкерлерін және басқа білім беру және ғылыми мекемелерінің оқытушыларын тарту ұсынылады. Академияның өзінің профессорлық-оқытушылар құрамы әдетте, отставкадағы судьялардан, ең алдымен соттарда құқықты қолдану және құқықтық шығармашылық проблемаларды теориялық және практикалық зерделейтін оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер қатарынан құрылуы тиіс. Осындай оқытушы-практиктердің органикалық байланысы қорытындысында өзара кәсіби өсуге және тыңдаушылардың ғылыми және практикалық қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыруға ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет