Байланысты: 1-тапсырма Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы
Айнұр
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
СОӨЖ : Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы.
Адамның нақты іс-әрекеттеріне негізделе отырып психология мынадай салаларға бөлінеді.
1. Еңбек психологиясы. Бұл салада адамның еңбегі мен іс-әрекетінің психологиялық ерекшелігін зерттейді. Еңбек психологиясы өзіндік ерекшеліктерімен, сыр сипатына қарай бірнешще тармақтарға бөлінеді. Бұлардың әр қайсысы өз алдына инженерлік, авияциялық, космостық психология болып бөлінеді.
2. педагогикалық психология. Бұл салада адамды оқытумен тәрбиелеу мәселесі қарастырылады. Баланың ойлау процесін дамытумен оқу материалдарын тиянақты меңгеруін жүйелі бақарып баланың ақыл-ойын дағдыларын қалыптасу мәселллерііздестіріледі. Оқу тәрбие жұмысының жемісті болуына жол ашады. Педагогикалық психология оқыту және тәрбиелеу психологиясы деген тармақтардан тұрады. Оқыту психологиясы жалпы дидактиканың жеке пәндерді оқыту методикасының негізін басшылыққа алады. Тәрбие психологиясы жас ұрпаққа тәрбие беру негізін және ақыл ойы кем балаларды оқытып тәрбиелу мәселесімен шұғылданады. Тәрбие психологиясы тағы мұғалім псизологиясы деген тағы бір тармаққа бөлінеді. Педагогикалық психология оқытумен тәрбиелеу мәселесін қарастырады. Оқыту психологиясы баланың ойлау процесін дамыту мен оқу материалдарын тиянақты меңгеруін жүйелі түрде басқарып баланың ақыл-ойын джәне басқа дағдыларын қалыптастыру мәселесін іздестіреді. Оқу тәрбие жұмысының тиімді борлуына жол ашады. Оқыту психологися жалпы дидактиканың жеке пәндерді оқыту методикасының негізін басшылыққа алады.
3. Арнаулы психология мұның өзі патопсихология,- олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология, логопедия болып бөлінеді.
А) Патопсихология- адамның психикасының зақымдану салдарынан псиъхика әр түрлі күйзеліске ұшырайды. Соны бір жүйеге келтіріп оқытып тәрбиелеу мәселесімен шұғылданады.
Ә) олигофренопсихологиясы бала іштен туған кезде психикасының ауытқуына қарай өзгешеліктер болады. Осындай ауытқуларына қарай өзгешеліктеросындай ақыл ой тәрбиесімен шұғылданады.
Б) сурдопсихология есту мүшесі кеміс балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп оқыту тәрбиелу мәселесімен. Шұғылданады.
В) тифлопсихология- көзі нашар көретін, соқырлар, су қараңғылардың психологиясын зерттейді.
4. жас психологиясы. Бұл адамның бүкіл тіршілігінің психикасымен даралық, айырмашылығымен даму заңдылықтарын зерттейді. Жас психологиясының өзі мына салаларға бөлінеді. Абалалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, геранто қарттар психологиясы.
Осы психологиялардың ішінде жалпы психологияның алатын орны ерекше. Бұны сауда психологиясымен, медицина психологиясымен инженерлік психологиясымен қатар қойып саластыруға болмайды. Жалпы психология кейде эксперименталды психология деп те аталады. Жалпы психология психикалық құбылыстардың пайда болуы мен дамуын адамның дүние танымы мен практикалық іс-әреткін зертейді. Сол сияқты түсіну, қабылдау, ес, қиял, ойлау, мінез, қабілет, темпераментінің ерекшелітерін зерттейді. Және бұл барлық психологиялық салалармен бұтақтарының дамуының негзігі тірегі деп есептеледі. Сондай-ақ жалпы психология көптеген қоғамдық ғылымдармен саяси экономикамен, қоғамтану, тарих, өнер тану ғылымдарымен де байланысты Өйткені бұл ғылымдардың барлығына да адмның санасының қызмет психологияның айналысатын мәселелері зерттеледі. Сондай-ақ психология барлық жаратысылтану ғылымдары мен де байланысады. Психиканың материалдық негізі ми мен нерв жүйесінің негізін зерттейтін анатомия мен физиологиямен байланысады. Психологиямедицинамен, саяси эконимикамен де байланысады. Психологияның педагогика үшін де маңызы зор. Адамның жас мөлшеріне байланысты даму заңдалақтарын, жеке бас ерекшеліктерін білу, білім беру мен тәрбиелеудің әдістерін пайдалануға теориялық негіз болады.
Негізінде психологияның зерттейтін мәселелерін топтастырып біріктіріп мынадай 3 түрін көреміз.
психикалық процестер
психикалық қалып немесе жағдай
психикалық қасиеттер
психикалық процестерге түйсік, қабылдау жатады. Бұл процестер бойынша заттар мен құбылыстар сезім мүшесіне тікелей әсер етеді. Ал ес процесі арқылы тболмыстағы бейнелер адам санасында қайтадан жаңғырады. Қиял мен ойлау адам санасындағы тікелей танып білуге болмайтын заттар мен құбылыстарды мәнді және жанама түрде байланыстарады. Ал эмоциялық процестер арқылы адамда әртүрлі сезімдер пайда болып оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға қозғаушы себеп болады. Сонда біздің түйсігіміз ес, қабылдау, ойлау, сөйлеу психикалық процестер деп аталады. Ал психикалық жағдайға адамның сезім көріністері, көңіл-күйі, аффекттер, ашуланатын күйіп-пісуі жатады. Адамның еркі, сенімі, тартыншақтығы, ойлаудағы күмәндануы психикалық жағдайға жатады. Әр адамның өзіне тән жеке басның ерекшелігі психикалық қасиеті болады. Кейбір адам сурет салуға, техникаға, кітап оқуға ықыласы күшті болады. Екінші бір адамның әрекетінің басқа түріне қабілеті болады. Біреулер қызба, темпераментті болады. Ал екінші біреулер бір қалыпты,байсалды болады. Сонда ықылас, темперамент, мінез адамның психикалық қасиеттері деп есептеледі. Психикалық процесс, психикалық жағдай, психикалық қасиет бір-бірімен байланысты. Осы үшеуінің жиынтығы психика деген ұғымды беред
Психология өзге ғылым пәндері сияқты бірнеше пәндермен байланысты түрде дамиды. Сондай байланыстың бір түрі
1.анатомия мен физиология. Бұл пән жас дамуының физиология деп аталатын жас даму физиологиясы баланың ана құрсағынан өмірінің соңғы кезеңіне дейін жас даму ерекшеліктеріне сәйкес болып отыратын өзгерістерді, нерв жүйесінің даму ерекшеліктерін зерттейді. Баланың даму кезеңдеріне сәйкес оның бойында жаңаша психикалық сапалар пайда болып ондай сапалар баланың мінез-құлқын, дүние танымын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын күрделендіре түседі. Мұндай өзгерістер баланың 1 жасқа толған кезінде, 3 жасында, 7 жасында, 10-11 жасында және 13-14 жасқа толғанда айқын байқалады. Баланың бойында жаңа пайда болған психикалық сапалар оның мінез-құлқын, әр түрлі іс-әрекеттерін өзгертуге әсер етеіп, олардың елеулі өзгерістерге ұшырағанын көрсетеді. Мұндай өзгерістерді психологияда дағдарыс кезеңдері деп аталады. Мысалы, 3 жасар бала ересек адамдардың астқанын істемей қиқарлық көрсетеді. Ұнамсыз көріністері дағдарыс болып келеді. Дағдарыс – тоқырау немесе елеусіз өзгерістерге ұшырауы. Баланың бойында пайда болатын ондағы өзгерістердің, ақыл-есінің дамуының көрінісі. Егер ата-ана баланың дамуына көзқарасы дұрыс болмаса, оның келешегіне үлкен әсер етеді.
2.Педагогика – балалардың азаматтық қасиеттерін қалыптастыруда оқу тәрбие арқылы тәрбиелеу. Онымен тығыз байланысты бола тұра дидактикалық принциптеріне байланысты.
3.Жеке пәндерді оқыту методикасы. Тәрбиешеінің басты мақсаты белгілі бір жүйемен, әдіс-тәсілмен жүзеге асады. Француз психологы Жере Бруно, Жан пиаже өз еңбектерінде баланы еш тәрбиесіз және оқусыз өсіп жетіледі.
4.балалар психологиясы басқа азаматтық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Жалпы психологияның негізіг принциптерін негізге ала отырып басқа ғылымдармен байланысты. Балалар психологиясы жас даму психологиясының бір тармағы ретінде адамның тарихы даму процесін толық қамтитын және мінез-құлық ерекшеліктерін, заңдарын зерттейді.
Психология – табиғат, қоғамдық ғылым. Психологияның салалары бар ол адамдардың іс-әрекет түрлеріне байланысты. (педагогикалық, еңбек, медицина, әскери). Педагогикалық психология – жалпы тәрбие мен оқыту проблемаларын зерттей келе оқыту және тәрбие психологиясы болып бөлінеді. Психиканың дамуы (жас даму психологиясы анамальды (кеміс) психологиясы, салыстырмалы психология (зоопсихология, этология)
Жас даму психологиясы. «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы 0-7 жасқа дейін, жеткіншектер 7-11, балаң жас психологясы 11-18. жастар психологиясы 18-25, ересектер 30-75, одан кейін қарттар психологиясы