Среда4до1;23. 03. 20Психология Сурдопсихология деген не? Сурдопсихология



Дата07.04.2020
өлшемі14,29 Kb.
#61858
Байланысты:
Среда4до1;25.03.20Психология.Жауап Құлдырова Айбике1]
Документ (1)
Среда4до1;23.03.20Психология

1.Сурдопсихология деген не?

 Сурдопсихология – есту қабілетінің кемшілігі бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттейді, оларды компенсациялау мҥмкіндіктері мен жолдарын қарастырады, есту қабілеті бҧзылған ересек адамдар мен балаларға, педагогикалық ықпал жасаудың тиімді жолдары мен әдістерін, психологиялық жағынан негіздеумен, интеграциялы оқыту мен саңырау адамдарды қоғамға енгізудіңпсихологиялық мәселелерін зерттеумен айналысады. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны ерекше. Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру процесі болып табылады. 

2.Сурдопсихологияның қалыптасуының кезеңдеріне үлес қосқан ғалымдар?

Есту қабілеті бұзылған балалардың мінез-құлық ерекшеліктері мен психологиясы алғаш рет ХІХ ғасырдың орта шенінде зерттеле бастады.20 жылдары Л.С.Выготскийдің басшылығымен арнайы психологиялық мәселелер жүйелі түрде қарастырылды.Сурдопсихология саласындағы зерттеулер И.М.Соловьевтың жетекшілігімен жүзеге асырылды.Сурдопсихлогияның қалыптасуының кезеңдерінде А.П.Гозова, Г.Л.Выгодская, Н.Г.Морозова, М.М.Нудельман, В.Г.Петрова, Т.В.Розановна, Л.И.Тигранова және т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты.

3. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру керек?

Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру керек:

-Күн тәртібін орындау.

-Жекелеген қатынас

-Әр түрлі үйірмелерге қатысуы.

-Жүйелі қадағалау.

4. Есту қабілеті зақымданған балаға мұғалімнің сабақта қандай стилінің тәрбиелік маңызы зор?



Eсту қабілеті зақымданған балаға мұғалімнің сабақта қалыптасқан қарым-қатынас стилінің тәрбиелік маңызы зор. Мұғалім мен оқушының сабақ үстіндегі қарым-қатынасын, олар балалар арасында үстем болатындай етіп ең жоғарғы адамгершілік қарым-қатынастар түрінде құрудың маңызы өте зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет