Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады



бет1/2
Дата04.02.2022
өлшемі25,37 Kb.
#130651
  1   2
Байланысты:
Ерик1


Тақырыбы: Ерік.
1. Ерік – адамның өз мінез – құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Ерік - адамның қарқынды іс - әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамның мінез – құлқы мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуының маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінің көрінісі оның саналы түрдегі іс - әрекетінен байқалады.
2.Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады.
Адам өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы – тілек немесе ниет деп атайды. Тілек – келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі.
Адамның алдындағы мақсаты айқындалғаннан кейін, әрекеттің орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Мысалы, “Қазір қалай істеу керек?”, “Қандай жолдармен жолап шығаруға болады?” деген сұрақтар қояды. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, айналасында тұрған қиыншылықтардың сыр – сипатын, оны жеңудің жолдарын белгілейді. Мысалы, сурет салу дейік. Алдымен бұған қандай бояулар жарайтындығын, қандай құрал – сайман керектігін, жұмыстың көлемін т.б. топшылап алады. Ол – адамның белгілі білімін, өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын қажет етеді.
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылы қалауына көшеді. Қалау – мақсаттың айқындылығы, оған жеткізетін тиісті жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен, тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік – жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені, бұлар лезде бір – біріне үйлесе алмай, қайшы келіп отырады. Мысалы, орта мектепті бітірген оқушы банкир болғысы келсе, екіншіден әлем спортының чемпионы болғысы келеді. Бұл арада осы екі мамандықтың біреуін қалау қажет. Осы екі мамандықтың қайсысын қаларын білмей, әуре – сарсаңға түседі. Міне, осындай жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психологияда мотивтер күресі деп атайды.
Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу – бәрі жиналып еріктік қимылдың “даярлық кезеңі” деп аталады.
Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі – қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. өзінің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады.
3. Адамның ерік – жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс - әрекетінің нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше салалары бар:
1) еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін - өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық).
2) адамгершілікке сиымды ерік қимылының сапаларына (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық) бөлінеді.
а) Тоқтамға келгіштік дегеніміз – адамның небір қиын – қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып – аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Басқалардың ақыл – кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай алушылық – тоқтамға келген адамға тән қасиет.
ә) Табандылық: Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді мақсат етеді. Ол қажымай талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды жеңіп отырады. Мұндай адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде одан сайын нығая түседі. Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды жүзеге асырып отырады:
1)Баланың жас кезінен қолына алған ісін ылғи аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;
2)Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуіне үйретіледі. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса тіптен жақсы;
3)Баланы ұжымдағы ортақ мүдде үшін күресе білуге баулу, көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау – табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.
Сонымен, табандылық кісі талғамайды, кім болса да, тек еңбекті сүйе білген осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамның бойына даритын қасиет.
б)Ұстамдылық немесе өзін - өзі билеу дегеніміз – адамның өзін -өзі ұстай білуі. Яғни адамның оқыс қимыл – қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп – пісуден бойын тежей алу қабілеті. Мысалы, балалардың мінез – құлқын, олардың оқу материалын түсінбеуі мұғалімді жиі ренжітеді, әрі болып отырған жағдай талап ететіндей әрекет жасау үшін үлкен ұстамдылық қажет. Өзін - өзі билеу мұғалімге шамданудан бой тартуға, қысылуды, абыржуды басуға, жасқаншақтауды,тұйықтық және ұжымдық пен жұмыс істегенде кейбір адамда туатын психикалық күйін жеңуге көмектеседі.
в)Тәртіптілік дегеніміз – адамның өз қимыл – қозғалысын, ой мен тілегін әр уақытта ұжымдық арқылы бағындыра алу қабілеті. Адам неғұрлым өз қылығының қоғамдық мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін жақсы түсінеді. Мысалы, оқушыларды сабақта оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету.
г) Ерлік дегеніміз – алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Мысалы, ерлік істеген сәтте адам тіпті өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді. Ерлік көбіне қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның өз халқына, Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.
4. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі – инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады.
? – Инстинкт дегеніміз не, кім айтады?

  • Инстинкт – инстинктус деген латын сөзі, қазақша санасыз ұмтылу деген мағына береді.

Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі –мұндағы материалдық процесстер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндіреді. Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизмін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстерің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтататын қабілеттерді игеретіндігін дәлелдейді.
? – Ассоциация деген не?

  • Ассоциация – ассоциатио деген латын сөзі, қазақшасы байланыс деген мағынаны білдіреді. Бұл ес процесінің негізі болып табылатын байланыс.

Ал Павлов ерікті әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп атайды.
Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт әрекеттің саналы сипатын теріске шығарып, адам әрекетін механикалық тұрғыдан шешті.сөйтіп оны жануарлар өмірімен салыстырды. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірибесі саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп саналды. Механистік психология еріктің материалдық дүниемен байланысын да жоққа шығарды. Ерік табиғатын, ерікті әрекеттің себебін теріс түсіндірді. Олар ерікте өзін - өзі билейтін бостандығы бар, ерікті әрекеттің бостандығының себебі “ерік бостандығы”, сана адамға не тілесе, соны береді деп бұрмалады. Бұл теорияның еріктің ғылыми негізі бола алмайтындығы – оның шындыққа сай келмейтіндігінен.
Материалистік ілім тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы - себепті байланыстылыққа, детерменизм принципіне бағынатын бостандық.
? – Детерменизм деген не?

  • Детерменизм – латынның детерминаре деген сөзі, қазақша белгілеу, анықтау деген мағына береді.

Қиыншылықтарды жеңіп шығу да – ерік бостандығының бір көрінісі.
5. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген (Г.Л.Тульчинский). мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына “даналық мұраты” қолданған. Адамның қылық - әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауына, әрқандай әрекет логикалық қорытындылардан туындайды. Ал өзінің “Никомахов этикасы” еңбегінде: “дәмдінің бәрін жеу керек” және “бұл алма дәмді” деген пікірлер салады. “Бұл алманы жеу керек”деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді”- деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес. Ш.Н.Чхарташвили мақсат пен сапалы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір “ерік”терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис – жын – шайтан қуу үрдісінен аңдауға болады.
Ерік түсінігінің жаңа “Қайта тіркелу” заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті тіпті қателер жіберуге де бейімделгендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасынан бөлінумен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе – ерік бостандығы.
Ерік бостандығының бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе “тіршілік философиясы” пайда болды. Экзистенциализм (М.Хайдегтер, К.Ясперс, Ж.И.Сартр, А.Камью т.б. ) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды.
И.П.Павлов ерікті – адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшілдік “еркіндік инстинкті” деп қарастырады. “Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп – қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды И.П.Павлов, - жануар алдымен шыққан елеусіз – ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді.” Ал адам үшін мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіліктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны да болмауы мүмкін. Бұл тұрғыдан еркіндік инстинкті болған ерік, Г.Л.Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіліктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады.
З.Фрейд пен Э.Фроммның психоналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде “ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат” деген түсінік ғылымға енді. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ “либидо” (махаббат) – жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы.мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни “либидоның” “мәдениеттестірілген” алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екенін түсіндіріп бақты.
К.Лоренц ерік энергиясы адамның әу бастан жыртқыш болуынан дегенді алға тартты. Егер осы жыртқыштық қасиет қоғам рұқсат еткен белсенділіктер түрінде жүзеге асып тұрмаса, ол әлеуметтік қатерге айналып, ырыққа келмейтін қарақшылық әрекеттермен ұштасуы мүмкін. А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, Э.Фромм ерік көріністерін әлеуметтік жағдайлармен байланыстыраыд. К.Г.Юнг үшін - бұл - әр мәдени қауымда ежелден қалыптасқан әмбебап қылық және ойлау түрлері, А.Адлер әкімшілік пен әлеуметтік билікке талпыныс, ал К.Хорни мен Э.Фромм ерікті мәдени ортада өз мүмкіндіктерін іске асыра білудің шарты деп біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет