Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің типтері



Дата03.10.2023
өлшемі1,7 Mb.
#183589
Байланысты:
Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің типтері

Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің типтері

Қабылдаушы: Атыраубаева Роза

Орындаушы: Бекенова Шарапат

ЖоСПАР:

  • Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің типтері.
  • Жүйке процестерінің қасиеті бойынша ЖДЖЖ-нің типтерін анықтау

Жоғарғы жүйке жүйесі

Жоғарғы жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғарғы жүйке әрекеті адам организмнің сыртқы ортамен қарым-қатыныасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күйі, ұйқы, түс көру, гипноз т.с.с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.

И.П. Павлов

Иван Петрович Павлов (14 (26) қыркүйек 1849, Рязань — 27 ақпан 1936, Ленинград) — орыс ғалым, бірінші орыс Нобель сыйлығының лауреаты, физиолог, жоғары жүйке қызметін және жүйке тізбектерін қалыптастыру ғылымын жасаушы; Ресейдің ең ірі физиологиялық мектебінің негізін қалаушы; «ас қорыту физиологиясы бойынша жұмысы үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1904 жылғы лауреаты . Рефлекстер бүкіл жиынтығын: шартты және шартсыз деп екі топқа бөлді.

Рефлекс


ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы.
Шартты
Шартсыз
Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән өздерінің шартсыз рефлекстері болады.
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжіриесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әр түрлі шартты рефлекстері болады.

жоғары жүйке әрекетінің топтары ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі және алмасуы.

И.П. Павлов

қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиеті:

Қозу мен тежелудің КҮШІ деп ми қыртысындағы олардың өту дережесін айтады. Негізінен алғанда, ол ми қыртысындағы нерв клеткаларының қызмет қабілеті.Кейбір адамдардың миындағы нейрондарының жұмыс қабілеті жоғыры болыл, кейбіреулерде төмен және нашар болады. Соған байланысты қозу мен тежелудін күшін И.П. Павлов күшті және әлсіз деп екіге бөлген.


Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы ТЕҢДІГІ деп олардың бір-біріне қатынасы мен даму дәрежесін айтады.Кей адамда олар бірдей дамыған, ал енді біреулерде неқозуы, не тежелуі басымырақ болады. Сондықтан қозу мен тежелудің тендігін ТЕҢ және ТЕҢ ЕМЕС деп екігебөлген. Егер қозуы басым болса - қозғыш, тежелубасымырақ болса - тежелгіш болу мүмкін.
Қозу мен тежелудің АЛМАСУЫ деп олардың бір-біріне ауысу жылдамдығын, яғни қозудың тежелуге және,керісінше, тежелудің қозуға ауысу жылдамдығын айтады.Олардың алмасуы ж ы л дам (ширак) немесе баяу(и не ртті) болуы мұмкін.

Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда жоғары жүйке әрекетінің 4 түрлі топтарын атаған:


Күшті ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.
Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.
2
3
4
И. П. Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекетінін жануардағы топтары дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сұйықтардың өзара қатынасына байланысты адамның мінез темпераментін 4 топка бөлген.Олар холерик (грек. холе - сары ет), сангвиник (сангвине -кан), флегматик (флегма - кілегей шырын) және меланхолик (мелайне холе - кара от). Күшті, ұстамсыз топ Гиппократтың холерик темпераментіне, күшті тең жылдам— сангвиник, күшті тең баяу - флегматик, әлсіз тежелгіш топ - меланхолик темпераментіне сәйкес.
Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. Әсіресе, өсіп дами келе, баланың жасы ұлайған сайын ержеткенде аралас топтар көбірек орын алады.

Назарларыңызға рақмет !



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет