Қызылорда обылысы Арал ауданы Қызылжар елді мекені


Атмосфера, гидросфера, биосфера Жердің ............................... қабаты 2



бет3/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#34986
1   2   3
1. Атмосфера, гидросфера, биосфера Жердің ............................... қабаты

2. Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді ................................... деп атайды

3. Қарақия  ойысы ………………………………орналасқан.

4. Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері ............................................. деп атайды.

5. Екінші тау жасалу қысымына ұшыраған тау жыныстары алғашқы иілгіштіктерін жоғалтып ............................. таулар қалыптасады

6. Абсолют биіктігі 200-500 м-ден астам жазықтарды ............ деп атайды

7. Қазақстан аумағы ……………………… климаттық белдеуде орналасқан.

8. Қала халқының санының өсуін және қаланың өркендеуін ……………..... деп атайды

9. Желдің күшін анықтайтын аспап .............................................деп аталады

10. Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерін ................................................... деп атайды
Жауабы
1. Атмосфера, гидросфера, биосфера Жердің СЫРТҚЫ қабаты

2. Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді ТАУ ТОРАБЫ деп атайды.

3. Қарақия  ойысы Маңғыстау түбегінде орналасқан

4. Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері

ЖЕР СІЛКІНУ ОШАҒЫ деп аталады.

5. Екінші тау жасалу қысымына ұшыраған тау жыныстары алғашқы иілгіштіктерін жоғалтып ҚАТПАРЛЫ -ЖАҚПАРЛЫ таулар қалыптасады

6. Абсолют биіктігі 200-500 м-ден астам жазықтарды ҚЫРАТ деп атайды.

7. Қазақстан аумағы ҚОҢЫРЖАЙ климаттық белдеуде орналасқан?

8. Қала халқының санының өсуін және қаланың өркендеуін УРБАНДАЛУ деп атайды

9. Желдің күшін анықтайтын аспап АНЕМОМЕТР деп аталады.

10. Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерін

ТАУЛАР деп атайды.
«Сергіту сәті»
Ү. «Сен білесің бе?» Қара жәшік

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі , сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады ,әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады

Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай,
1 топқа:

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.


Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны-Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл

өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.



Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: Сарымсақ
2 топқа:

Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған.Ресейге бұл сусын тосыннан келген.1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап,өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді,патша оны ұнатады.Басында оны дәрі ретінде пайдаланады,ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.


Бірінші көмек: Отаны-Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқаҮндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.

Жауабы: Шай
3 топка

Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте

жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте"даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.
Бірінші көмек: Отаны-Жерорта теңізі жағалауы.

Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.

Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.

Жауап: Лавр жапырағы.
4 топқа

XVI ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді.Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды.
Бірінші көмек:Перуліктер оны папа деп атайды екен.Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды.

Екінші көмек:Ал француздар оны жер алмасы деп,итальяндықтар әуелі.Тартуфоль  деп атапты.

Үшінші көмек:Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады.Оның мұнда тарауында  І Петрдің еңбегі зор.

Жауап: Картоп
ҮІ . Полиглот (орысша,қазақша)

Air ,Sea ,Lake,Hill, Water, Soit,Mountain ,Earth,Weather ,Ocean,Rainbow , River

ҮІІ . «Бейне сұрақ»



1 Латын Америкасындағы бұл елдің атауы испан тілінен аударғанда «бай жағалау» дегенді білдіреді. Астанасы Сан-Хосе, елдегі  екінші ірі қала Лимон деп аталады. Бұл қай ел?

(Коста-Рика)
2 Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері кездесетін қорық

  (Наурызым)


3 Өзіне қажетті қоректің бәрін эвкалипт жапырақтарынан алады, еш уақытта  су ішпейді.Тым ұйқышыл, түнде тамақ жеу үшін оянады, баяу қозғалады,оны қалталы аю деп те атайды. 

(Коала)
4- Шығыс Қазақстандағы  мүйізінен (панты) бағалы дәрілік шикізат алынатын жануар

(Марал)
ҮІІІ. Тәжірбие жасау

  • І топқа Стакан,су,бояу және иіссу. Диффузия

  • ІІ топқа Шырағдан,сіріңке,а4 қағазы. Заттың өзгеруі

  • ІІІ топ А4 қағазы,түрлі түсті қаламдар. Спектрдің ақ түс беруі.

  • ІҮ топ Стакан су, а4 қағазы. Инерция әсері

ІХ. Үй тапсырмасы еркін тақырыпқа кластер жасау.
Кері байланыс.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет