Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай ахун ауылы №111 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Тұңғышбаева Назгүл Орынбекқызы Қазақ тілі 5-сынып
Антоним сөздер туралы мәлімет беру, білім деңгейін көтеру, тереңдету. Тақырыпты басшылыққа ала отырып, жаңа сабақты меңгерту.
Сөйлемдегі қолданысын, ойлау, іздену, табу, қиялдау, елестету, ой қорыту дағдыларын шыңдау және бір - біріне қарама қарсы мәнде айтылған сөздердің айырмашылығын анықтау.
83-жаттығу.
Көп нүктенің орнына бір-бірімен синоним болатын сөздерді қойып жазу.
Оқушылар жаттығуды орындап келеді
Үй тапсырмасын бекіту
Жеке жұмыс
Мұғалім оқушыларға «Ақылды доп» әдісі арқылы сұрақтар қояды.
Оқушылар жеке жұмыс жасайды
Жаңа сабаққа даярлық
Жеке жұмыс
Суреттер көрсету арқылы жаңа сабаққа қадам басу.Оқушылардан суреттен не байқағанын сұрау. Интерактивті тақтадан мағыналары қарама қарысы суреттерді салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.Ерекшеліктерін білу.
Қадыр Мырза Әлінің «Қырсық» өлеңімен ашу
Сен оған:- Аласа — десең,
Ол саған:- биік,- дейді.
Сен оған:- Кіші ғой!- десең,
Ол саған:- Үлкен!- дейді…
Өлеңде қандай сөздер кездеседі?
—Антоним дегеніміз не?
Мысал келтір.
Оқушылар ойланып жауап береді.Сабақтың тақырыбын анықтайды. Ереже шығарады.
Жаңа сабақ
Топтық жұмыс
Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер.
Антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды болымсыздық мағына бірдей емес.Оларды былайша салыстырып көруімізге болады.
Антонимдер: жақсы-жаман
Болымды-болымсыздық мағынасы: жақсы-жақсы емес.
Қандай пәндерде антонимдер кездеседі? Мысалы:
Математика сабағында: Қосу – алу
Көбейту – бөлу
Үлкен – кіші
Жаратылыстану сабағында: Өлі және тірі табиғат
Әдебиет сабағында: Мақал – мәтелдерде:
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Жұмбақтарда: Асты тас, үсті тас,
Ортасында піскен ас (таба нан) т.б
Оқушылар өздері жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Тағыда басқа мысалдар келтіреді.
Антоним мен болымды-болымсыздық мағынаны салыстырып айтып отырады.