Ж. Жабаев позиясының өзіндік ерекшеліктерін талдап жаз



Дата18.05.2022
өлшемі13,65 Kb.
#143719
Байланысты:
№15 гуманит
қазақ тілі 10, 5 ксп 2четв, Жолда жүру ережесі, Атом 11-апта

№15 гуманит
Ж.Жабаев позиясының өзіндік ерекшеліктерін талдап жаз
(Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл)

Екі ғасырдың куәсі болған Жамбыл шығармалары қазақ позиясында ғана емес, әлемдік поэзияда да өзіндік орны бар. Өзі куә болған тарихи оқиғалар мен халқының басынан өткен мұң-мұқтажын жырға қосқан. Суырыпсалмалығымен қатар, жазба әдебиетінде де ерекше орын алады.


Жамбыл поэзиясының ерекшелігі шынайылығы мен тіл өткірлігі, екпінді ырғаққа құрылғандығында деп ойлаймын. Жамбыл өлеңдерінің тақырыптары да әралуан. Сондықтан да қазақ поэзиясының дамуына өз үлесін қосқан ақынның біір деп бағалаймыз.
Жамбыл, ең алдыменен, тарихи тақырыптарға поэмалар жазған. Оның қаламынан туған «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандары халқымыздың өткен тарихынан сыр шертеді. Ақынның шеберлігі ауыз әдебиетінің үлгісін жазба әдебиетіне айналдыруында деп білемін. Ел есінде сақталған аңыздар мен тарихи аңыздарды жыр еткен. Бұл поэмаларында халық қамқоры болған батырлардың қаһармандық бейнесін ерлік істерімен сабақтастыра суреттейді. Дастандарында ел билеген бай-сұлтандарды емес, қара халықтың қамын жеген Сұраншы, Саурық, Сыпатай секілді батырларды дәріптейді. Жамбыл поэзиясына тән ерекшелік – дәріптеу. Осылайша ақын олардың ерлігін болашаққа аманаттайды.
Сонымен қатар Жамбыл поэзиясының тағы бір өзегі ел басынан өткен тарихи кезеңдерге қалам тарту деп ойлаймын. Қазақ даласынан қара жұмысқа әскер алу кезінде «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» деген өлеңдерін жазады. Ақын: «Көген көзді қосақтап, Қалай қиып береміз?!» деп, патша бұйрығына қарсы өз өлеңдерімен үн қатады. Ақынның осы өлеңдері эмоцияға толы, ішкі сезім күйі, алаңдаған көңілі анық байқалады.Осыдан-ақ ақынның елге жанашырлық бейнесін анық көреміз. Тағы да ақын өлеңдерінен сергелдеңге түскен халықтың абыржыған күйін де аңғарамыз. Ақын өлеңдерін оқи отырып, сол кезгі тарихтың ақтаңдақ беттері көз алдымызға елестейді. Ақын қаламының құдіреті осында шығар?..
Жамбылдың поэзиясының алтын қорының бір бөлігі – Ұлы Отан соғысына арналған жырлары. Тоқсаннан асқан қарт ақын ел басына күн туған заманда өзінің жалынды жарларымен майдан жауынгерлеріне рух береді. Әсіресе, аңызға айналған «Ленинградтық өренім» шығармасы соғыс тақырыбына арналған өлеңдерінің негізгі өзегі болады. Бұл өлеңі жау қоршауындағы Ленинград халқына дем береді. Өлеңнің ерекшелігі өршілдік рухпен жазылып, жауынгерлер мен қоршаудағы халыққа жігер беріп, үміт пен сенім ұялатуында деп түсінемін. Ақын майданға кеткен жалғыз ұлы Алғадайға да арнап қалам тартқан. Ұлының қайғысы қарт ақынды тұралатып тастайды. Десе де, Жамбыл жеңіс дәмін татады. Міне, екі ғасырдың куәсі болған жыр алыбы Жамбыл артына осындай мол мұра қалдырды.
Қорыта келе ойымды армян ақыны А. Геворктың: «Сенің жырың – миллионның өз жыры, Сенің тілің – миллионның өз тілі» деген сөзімен түйіндеймін. Жамбылдың жырлары, поэзиясы мәңгілік, өміршең болып қала беремек.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет