Құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар! «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер»



Дата10.10.2020
өлшемі19,45 Kb.
#64062

Құрметті қонақтар, ата-аналар, оқушылар!
«Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер» атты дөңгелек үстелімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп.

Кешкенің өмір босқа тек – демекші баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ұстаз, ата-ана жоқ шығар.

Әрине бала тәрбиелеу-зор елеулі, сонымен бірге қиын іс. Баланың адамшылығын қалыптастыру,оның ақалын молайту., оны белгілі адами сапаға, көркемдік талағампаздыққа және талапқа баулу- бұдан да қиынырақ іс.

Бала тәрбие алатын негізгі орындар:

Отбасы


Балабақша

Мектеп


Жас адамды саналы есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу-отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы.

Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана және отбасы.

Бүгінгі жасөспірімдердің қылмысқа бой ұрып жатқандығы жан қиналтады. Жастардың қатыгездікке, қылмысқа бойалдыруы заман проблемасына айналды. Сондықтан бүгінгі әңгіме жастар жөнінде болмақ.

Алғашқы сөз мектеп директоры Жорабекова Гулнар Молдақұлқызына беріледі.

Келесі сөз кезегі «Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні, міндеттері және мазмұны» атты баяндамасымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алиева Гульвира Кадырбекқызына беріледі.

Дөңгелек үстелімізді жүргізу үшін қатысушыларды 2 топқа бөліп алсақ және 2 топқа жетекшілер сайлап алайық.



  1. Топ ата-аналар 2. Оқушылар. Топтарға сәттілік тілейміз.

Ендігі кезекте бізге сарапшылар тобы қажет, ортамыздан сайлап алайық, яғни эксперт тобы.

Құқықбұзушылықтың 4 түрі бар:

  1. Қылмыс 2. Әкімшілік теріс қылық.

  1. Тәртіпсіздік 4. Азаматтық теріс қылық.

ІІ.жалпы сұрақ:

Дөңгелек үстеліміздің алғашқы бөлімі Ой қозғау: «Қылмыс дегеніміз не?»

1.Қылмыс деген не? Топтар сұраққа жауап беруі тиіс

2. Қылмыс неден шығады? деген сұрақтарға ассоциация жасау.

Пікіралысу



  1. Қатыгездік қайдан шығады?

  2. Балаларды қылмысқа итермелейтін не нәрсе?

Ортаға жұмбақ кейіпкерді шақырайық. Жұмбақ кейіпкер сөз өзіңізде.

1 кейіпкер:



«Біздің үй үнемі ұрыс-керістен арылмайды. Кейде жанжал аяқ астынан шығады. Шешем «Күні бойы үйде болмайсың. Тигізер қолғабысың шамалы» деп ұрсудан еш жалықпайды. Әке ішіп алғанда талай рет қол жұмсады. Шешем көбінесе екеумізді бөлек тамақтандырады. Мен ата-анаммен бірге тұрудан жүрегім айни бастады. Кейде бір қылмыс жасап түрмеге түскім келеді. Не істерімді білмей жүрмін?»

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Жұмбақ кейіпкеріміздің ішкі сырымен таныстыңыздар. Өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

2 кейіпкер:



«Мен жанұяда жалғыз бала болдым. Сондықтан әке-шешем айтқанымды жасап ерке өсірді. Әке –шешем менен ешнәрсені аямады. Барлық зат оңайлықпен келетін болған соң өмірге жеңіл қарадым. Барлық бұзықтықты жасадым. Ақыр соңы темір тордың арғы бетінен шықтым. Түрмеге қамалдым, шығарып алатын әкем жоқ. Осы жерде ғана мен өз өмірімді бүлдіргеніме өкіндім. Айтыңыздаршы, артқа қайтар жол бар ма?

Құрметті ата-аналар, оқушылар! Жұмбақ кейіпкеріміздің ішкі сырымен таныстыңыздар. Өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

3 кейіпкер:



Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтағанда төбем көкке бір-ақ елі жетпей қалушы еді. Оның алып келген 5-тік бағаларына ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім, өйткені ол менің жалғыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтардан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайтын болды. Неге керегін сұрасам, «мектепке мереке күніне немесе «туған күнге баруым керек сол үшін » дейді. Бір күні сынып жетекшісі үйге келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтары(темекі шегіп, сабақтан қашатындығы) туралы айтты. Бұл жайды әкесіне айттым. Әкесі өте қатал кісі. Баламды ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып ештеңе айтпайды. Мектепке барғысы келмейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?

Сұрақ:

  1. Сіз бұған кімді кінәлайсыз?

2. Балаңыздың достары қандай балалар?

Ата-аналар мен балалардың пікірлері тыңдалады.

Қорытынды: Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігер сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын-алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет