Жаңғыру және урбанизация



Дата08.02.2022
өлшемі20,31 Kb.
#98916
Байланысты:
Жаңғыру және урбанизация
stud.kz-6227, документ 6, бух есеп срс

  1. Жаңғыру және урбанизация

  2. 📌Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.

  3. "Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")

  4. Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б. жатады.

  5. Жаңғыру, даму режимі. Бұл режимде қоғамның саяси жүйесі үздіксіз кемелденіп отырады, онда жаңғыру тенденциясы басым болады. Ол жеткілікті түрде белсенді жаңғыруларды қабылдайды, уақыттың саяси талаптарына сай жаңаруға талпынады. Саяси практиканың қызмет етуінің бұл режимі компоненттері саяси белсенділікті, саяси қатынастар субъектілерінің белсенділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоғамдық өмірдің барлық негізгі тенденцияларының жүзеге асу мүмкіндігі занды тұрғыда болатын жоғары дамыған демократиялық-саяси мәдениет жағдайында ғана мүмкін болады. Мемлекеттік билік құрушы құрылымдары қажетті әлеуметтік-саяси заңдық мүмкіндіктерге, аса жоғары заңдылыққа және саяси тұрақтылық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әсер ету құралдары мен әдістері арсеналына ие.

2. Жаһандық урбанизация. Ауылдық өмір


Қазіргі таңда ауылдық тұрғындардың шамадан тыс қалалық мекенге көшу себебі нарықтық қоғамның қақтығысына байланысты әртүрлі мәселелерге алып келіп отыр. Яғни бұл тұрғындардың әлеуметтік экономикалық жағдайының біршама салыстырмалы деңгейін көрсетеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050 Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты халқына жолдауында Қазақстан халқының урбанизация деңгейін жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55%-нан 70%-дай деңгейге дейін өсетінің көрсетті. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстыратын болады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады. Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс – деп насихаттаған болатын [1]. Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамының мәдени, саяси және әлеуметтік құрылымы нарықтық түрлену жағдайына байланысты үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер қоғамның барлық саларын қамти отырып, біздің алдымызға көптеген шешуін талап ететін мәселелерді әкелді. Олардың бірі ретінде XXI ғасырдың ерекшеліктерінің бірі ретінде урбанизацияны айтуға болады. Урбанизация үрдісі қандай халықтың болмасын басынан ерте ме, кеш пе өтетін құбылыс. Урбанизация – адамзатты таратып орналасудағы қалалардың рөлі мен ара салмағына байланысты қалалық өмір салтын орнату сипатындағы тарихи процесс болып табылады. Бұл әлеуметтік стратификациялық қоғамда жаңа түрлену, экономикалық таптардың деңгейі анықталуда. Бұл өз кезегінде, Қазақстандағы бірден бір маңызды әлеуметтік теңсіздік параметр ретінде байқала бастады. 2014 жылғы 1 шілдесінде еліміздегі халық саны 17 264,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 9 508,4 мың немесе 55,1%, ауылдықтар – 7 756,2 мың немесе 44,9% адамды құрап отыр [2]. Осыған орай урбанизация процесі кезінде ауылға немесе қалаға алып келер оң және теріс жақтарын қарастырған жөн. Оң қөзқарас ретінде урбанизация үрдісі экономика дамуына үлесін қосады. Егер ауылдан адамдар келсе қала тұрғындарының саны артады. Ал тұрғындар санының артуы елге түсер қаражаттың өсуіне алып келеді. Ауылдан келген адамдар қаланың көркейуіне үлес қосар болса, онда тек экономика емес қаланың техналогиялық, мәдени және саяси әл- ауқатыда өсіп өркендейді. Мысал ретінде америкалық ғалым Адам Аланның айтуы бойынша ауылда тұратын тұрғындардың тез үйреніп алу қабілеті қалалық тұрғындарға қарағанда 3 есе жоғары кетеді. 2004 жылы жүргізілген қала мен ауыл адамдарынан тест алу барысында ауыл тұрғындарының 42,5% қабілетті болып шыққан ал қала тұрғындары 39% құраған [3]. Демек ауылдық адамдар жақсы дамыған, ол айтпасада белгілі ауылдық жерлерде таза ауа, егін шаруашылығы, керемет табиғат, ауылдың экологиясы қаланың экологиясына қарағанда бірнеше есе таза. Бұл көзқарсымды қорытып кетер болсам әрине білімді адамдар қазіргі таңда өте қажет, Әрине егер қала дамитын болса, онда біз ауылдық жерлердіде дамыта аламыз. Теріс көзқарас ретінде урбанизация үрдісінің адам өміріне алып келер кері әсерлерінде айта кеткен жөн. Яғни урбанизация экологияға зиян алып келеді. Урбанизация процесі кең ауқым алған жерлердің экологиялық жүйесі әлсірейді. Қала адамдарының саны артса адам әрекетінен шығатын антропогенді факторларда жылдам өседі. Демек экология ластанса адам денсаулығына алып келер әртүрлі зияны болады. Сонымен қатар жастар субмәдениетінің және қалалық ортаның әсері ауылдық жерде шектеулі болғандықтан ауыл жатары арасында жаға ұрпақтан жаттану, аполистік, агрессивтілік секілді процестердің дамуына кедергі келтіреді. Урбанизация үрдісі негізінен жастар категориясына әсері басқа топтарға қарағанда айтарлықтай, бұл ең алдымен модернизациялық дамуға орай олардың үлкен қалаларға жеке мақсаттарға байланысты (оқу, жұмыс т.б ) қоныс аударумен тығыз байланысты. Елдегі тұрғындар нарықтық қозқалыстарға бейімделе алмауына байланысты және жұмысқа деген бәсекелестік секілді әр түрлі мәселелер орын алып отыр. Бұл мәселелерге сонымен қатар «монетизация» түріндегі әлеуметтік қызметтер; жұмыссыздық және қайыршылық деңгейдің өсуі; өмір сүру жағдайы және халықтық бөлінуі, әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымының нашарлауы, ауылдық тұрғындар қалада жұмыс іздеу тапсырысының өсуі және басқада нарықтық қоғамда жарамсыз әрекеттер қосылды [4]. Сонымен қатар мемлекеттік қаржыдан және қолдаудан айрылған аграрлық сектордың қызметі және инвестиция едәуір төмен болды. Бұл факторлардың барлығы жұмыссыздық деңгейiнің орын алуына және ауылдық тұрғындардың тұрмыс сапасының нашарлауына алып келді. Қалалар көпшілігінде алуан этносты болып келсе, ауылда бір этносты басым болып келеді. Егер, ауылды жерде дәстүрлі ұлттық мәдениеттің белгілері басым болса, ал қалада сан алуан этностардың түрлі мәдениетінің нышандарын кездестіруге болады. Қалада жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер, театр, филармония, көрмелер және сол сияқты сан қилы мәдениетті құру және тарату құралдарының бай қоймасы шоғырланған болса, ал ауылды жерде бұл мүмкіншіліктер шектеулі. Қай заманда, қай қоғамда да тарихи дауылдардың, төңкерістер мен сілкіністердің ауыртпалығын ауыл тартты. Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздың – өзекті мәселелерінің бірі ауыл мен қала мәселесі. Осы ауыл мен қалаға қатысты негізгі мәселе қоғамымыздағы урбанизация процесі [5]. Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстан қоғамының дамуында урбанизация құбылысына үлкен мән беру керек. Урбандалудың қазіргі әсерінен елімізде үлкен – үлкен қалалық агломерация пайда бола бастады, ал кейбір ауылдар халықтан босап қалды. Бұл мәселеге мемлекетте араласып, реттеу тетіктерін іске қосқаны жөн болар еді. Қазақстан жері кең байтақ, ал онымен салыстыра қарағанда халқының саны аз. Мұның өзі халықтың қайта қоныстану үлгілерін жоспарлауды қажет етеді. Ауыл мен қаланың өзара байланысын жан-жақты зерттеу орынды. Әсіресе стихиялы түрде жүріп жатқан осы процесске мәдени-әлеуметтік, әлеуметтік-философиялық тұрғыдан талдау жасау алда тұрған маңызды шаралардың бірі.Қазақ қанша қалалық мәдениетті бойына сіңіргенімен оны өзінің менталитетіне сәйкестендіріп қабылдауы қажет. Ал дәстүрлі мәдениет ошағы – ауыл.
3. Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро және макро-факторлар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет