Жай сөйлем түрлері және оны зерттеушілер



Дата16.05.2023
өлшемі429,58 Kb.
#176891
түріҚұрамы
Байланысты:
Жай сөйлем түрлері
Диплом, ПЕДАГОГИКА ТОЛЫҚ БАЗА, әлпештеу жыры бә

Жай сөйлем түрлері және оны зерттеушілер 

Орындаған:Қуанышқызы Жаннұр

Жай сөйлем

  • Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем түрін айтамыз. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады.

Жай сөйлем және оның түрлері:

Жай сөйлем құрылыс жағынан аса күрделі болмағанымен,көлемі,құрылымы әр кез біркелкі бола бермейді.

  • Сөйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді: 1) жақты және жақсыз сөйлем; 2) жалаң және жайылма сөйлем; 3) толымды және толымсыз сөйлем; 4) атаулы сөйлем.

Жай сөйлем түрлері
Толымды,толымсыз сөйлемдер
Атаулы сөйлем
Жақсы,жақсыз сөйлемдер
Жалаң,жайылма сөйлемдер
Жақты сөйлемнің негізгі белгілері: 1) баяндауыштары бастауышпен жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы, Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады. Қайсардың шешесі Бәден апай – шалқып сөйлейтін адам.
Бастауыш қатыспайтын, сөйлемге баяндауыш негіз болатын сөйлем жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы, Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді.
Бастауыштың қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жақты және жақсыз болып бөлінеді.

2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді.

  • 2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді.
  • Мысалы, Бір кезде қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылды. Былтыр жазда демалыс алып, ауылға бардым. Бірінші сөйлемде бастауыш ашық айтылмағанмен, баяндуышына қарап ол, ал екінші сөйлемде мен деген жіктеу есімдігі екенін тауып алуға болады. Сонымен, жақты сөйлемнің құрамында бастауыш болады.

Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:

  • 1) -қы, -ғы, кі, -гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалады. Мысалы, Баланың білген үстіне біле түскісі келді.
  • 2) барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, тура, кел көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы, Бұл жұмысты оған тапсыруға болады. Бізге шындықты айтуға тура келді.
  • 3) есімше, көсемше тұлғалы етістікке керек, жөн, мүмкін, қажет деген бейтарап сөздердің тіркесуі арқылы және бол етістігі көмекші болу арқылы жасалады. Мысалы, Әр жұмысты өз уақытында бітірген жөн. Тапсырмаға тиянақты дайындалу керек. Болған жайды жасырмай айтып беруі мүмкін.
  • 4) -ып, -іп, -п көсемше тұлғалы етістікке бол көмекші етістігінің тіркесуінен жасалады. Мысалы, Оның мінезін түсініп болмайды.
  • 5) баяндауыштың құрамында тұрақты тіркес – идиома – болады. Мысалы, Жарасбайдың өзін оққа байлап отырғанына көзі жетті.

Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жалаң және жайылма болып бөлінеді.

Тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем жалаң және жайылма болып бөлінеді.

  • Тұрлаусыз мүше қатыспайтын, тек тұрлаулы мүшеден – бастауыш пен баяндауыштан – ғана құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.
  • Мысалы, Есіл тасып жатырЖағасы – бал-құрақАты жүйрік екен.

  • Тұрлаулы мүшемен бірге тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем жайылма сөйлем деп аталады.
  • Мысалы, Жақпар тастың арасында сарымсақ өседі. Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.


Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем толымды және толымсыз болып бөлінеді.
Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады.
Мысалы, Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. 
Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:
– Атыңды сатамысың?
– Сатамын.
Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнына қойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.

Атаулы сөйлем

  • Бастауыш пен баяндауыштан құралмай, заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын білдіретін сөзден, сөз тіркесінен жасалған сөйлем атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы, Қоңыр күз. Жол лайсаң. 16 желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет