«Жалпы білім беретін №8 орта мектебі» КММ пән мұғалімдеріне арналған «Білім жазмұнын жаңартудың ерекшеліктері» семинары
2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?
2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді.Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді.
Мұғалім назар аударуы қажет мына бір сәтті атап өткен жөн.
Өйткені, кестеге сәйкес 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар,
2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8, 10-сыныптар, 2019-2020 оқу жылында 4, 9 және 11-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Демек, мұғалім балаларды осы жаңартылған білім мазмұына көшуге дайындау керек. Оның бір жолы – білім алушы қызметін жандандыру тәсілдерін пайдалану, оларға барынша дербестік беру.
Оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, әдістемелер, технологиялар
Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру үшін педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды. Бұл жағдайда мұғалім білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде болады.
Жаңа стандарттар құзыреттілік тәсіліне негізделген, соған сәйкес оқу бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген оқу материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасаймыз. Бұл білім алушының қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан ынтымақтастық оқытуға көшуді білдіреді.
Практик-мұғалімге көмек ретінде оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдеріне, әдістеріне, технологияларына қысқаша сипаттама ұсынылған.
1. Зерттеушілік тәсілі.
2. Құндылықтарға бағытталған тәсіл.
3. Тұлғаға бағдарланған тәсіл.
4. Іс-әрекеттік тәсіл.
5. Саралап оқыту тәсілі.
6. Құзыреттілік тәсілі.
7. Жүйелі-әрекеттік тәсілі.
8. Коммуникативтік тәсіл.
9. Интегративтік тәсіл.
10.Ойын арқылы оқыту.
11.Жобалау тәсілі.
12. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
13. Кейс-стади.
14. Дамыта оқыту.
15.Модульдік оқыту.
16. Проблемалық оқыту.
17.Дербес оқыту тәсілі.
18. Көркем-эстетикалық циклі пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыру барысында көркем-технологиялық тәсіл қолданылады.
Нақты тәсілмен ресімделген іс-әрекеттің нәтижесін, реттілігін, келісілген оқыту әдістерінің көркем-технологиялық тәсілін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |