Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11 сыныптары үшін «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы



бет1/4
Дата12.01.2023
өлшемі0,49 Mb.
#165394
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Оқу-бағдарламасы-10-11класс-химия
ТЖБ 11 сынып ЖМБ 1 токсан Биология

Қ азақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы « » ___________
№ ____ бұйрығына 11-қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 203-қосымша 
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11 - сыныптары үшін «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

1.Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


2.«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - оқушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, оқушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.
3.Негізгі міндеттері:

  1. заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);

  2. зияткерлік және экспериментальдық біліктер мен дағдылар түрінде іс- әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру тәжірибелерін қалыптастыру;

  3. жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс‑ әрекеттер негізінде іс-әрекеттердің жаңа әдісін қалыптастыру;

  4. қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, «Химия» пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзіреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым- қатынасын көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы қарым‑қатынас тәжірибесін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет