Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11 сыныптары үшін «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы


-тарау. «Химия» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/4
Дата12.01.2023
өлшемі0,49 Mb.
#165394
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Оқу-бағдарламасы-10-11класс-химия
ТЖБ 11 сынып ЖМБ 1 токсан Биология

2-тарау. «Химия» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


4.«Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 10-сыныпта – аптасына__ сағатты, оқу жылында __ сағатты;

  2. 11-сыныпта – аптасына__ сағатты, оқу жылында__ сағатты құрайды.

5.Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімді қамтиды:
1) Заттардың бөлшектері;
2) Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
3)Химиялық реакциялардың энергетикасы;
4)Химия және қоршаған орта;
5) Химия және өмір.
6. «Заттардың бөлшектері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Атомдар, иондар және молекулар;
2)Атом құрамы мен құрылысы;
3)Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы;
4) Химиялық байланыстардың түрлері.
7.«Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Периодтық заң мен периодтық жүйе;
2) Заттар массасының сақталу заңы;
3) Стандартты электрондық потенциалдардың қатары.
8.«Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар;
2) Химиялық реакцияның жылдамдығы;
3) Химиялық тепе-теңдік;
4)Қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер.
9.« Химия және қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Жер химиясы;
2) Көміртек және оның қосылыстары.
10.« Химия және өмір» бөлімі «Биохимия» бөлімшесінен тұрады.
11. Оқу пәнінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «Атом құрылысы Атом – күрделі бөлшек». Масс-спектрометр; радиоактивтілік; энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер; кванттық сандар және орбитальдар.
«Орташа салыстармалы атомдық массаны есептеу» тақырыбына есептер шығару.
№ 1 көрсетілім (анимация): «Масс‑спектрометрдің жұмыс істеу принципі».
2) «Стехиометрия». Химияның негізгі стехиометриялық заңдары; салыстырмалы атомдық және молекулалық масса; зат мөлшері; стехиометриялық заңдар; реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу».
3) «Химиялық байланыс». Ковалентті байланыс; ковалентті байланыс қасиеттері; гибридтену түрлері: sp, sp2, sp3; электртерістілік және байланыс полярлығы; иондық байланыс; валентті электрон жұбы бұлттарының тебісу теориясы; металдық байланыс; кристалдық торлар; молекулааралық күштер.
№ 1 зертханалық тәжірибе: «Ковалентті байланысты заттардың (N2, О2, алмаз) модельдерін құрастыру».
4) «Периодтылық». Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; период және топта қосылыстардың қышқылды – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; периодтар және топтарда қосылыстардың тотығу – тотықсыздану қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.
5) «Органикалық химияға кіріспе». Органикалық заттардың құрамы мен құрылысы; функционалдық топтар; гомологтық қатар; алифатты қосылыстардың IUPAC номенклатурасы; изомерия түрлері; алкандар; алкандардың жану өнімдері; алкандардың бос-радикалды орынбасу реакциясы механизмі; галогендеу; мұнай, құрамы, өңдеу әдістері және мұнай өнімдері.
№ 2 зертханалық тәжірибе: «Органикалық заттар молекулаларының модельдерін құрастыру».
«Жану өнімдері бойынша заттардың формулаларын анықтау» тақырыбына есептер шығару.
6) «Термодинамикаға кіріспе». Ішкі энергия және энтальпия; Гесс заңы және оның салдары; Гиббстің бос энергиясы; Энтропия.
№ 1 практикалық жұмыс: «Бейтараптану реакциясының жылу эффектісін анықтау».
«Гесс заңы және оның салдарын қолдану» тақырыбына есептер шығару.
7) «Кинетика». Химиялық реакция жылдамдығы; концентрацияның реакция жылдамдығына әсері; қысымның реакция жылдамдығына әсері; температураның реакция жылдамдығына әсері; «Вант -Гофф ережесі»; катализ;
«Әрекеттесуші массалар заңы» тақырыбына есептер шығару.
№ 2 практикалық жұмыс: «Химиялық реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсерін зерттеу».
№ 3 зертханалық тәжірибе: «Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу».
8) «Химиялық тепе-теңдік». Химиялық тепе-теңдік; химиялық тепе- теңдікке әсер ететін факторлар; Ле-Шателье-Браун принципі; тепе – теңдік константасы; өнеркәсіптік процестердегі химиялық тепе-теңдік.
№ 4 зертханалық тәжірибе: «Әр түрлі факторларлардың динамикалық тепе – теңдік күйіне әсерін зерделеу».
«Тепе –теңдік константасын мен тепе-теңдік күйдегі концентрацияларды табу» тақырыбына есептер шығару.
9) «Алкендер». Алкендердің құрамы, құрылымы және реакцияға түсу қабілеті; стереоизомерия (цис-транс немесе E-Z); алкендердің қосылу реакциялары; полимеризация.
№ 5 зертханалық тәжірибе: «Байланыстың қанықпағандығына сапалық реакция».
10) «Тотығу – тотықсыздану реакциялары». Тотығу – тотықсыздану үдерістері; электрохимиялық потенциалдар қатары; гальваникалық элементтер; электролиз.
№ 3 практикалық жұмыс: «Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын құрастыру».
11) «Спирттер». Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиетттері;
этил спиртін өнеркәсіптік өндіру.
№ 6 зертханалық тәжірибе: «Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар».
№2 көрсетілім: «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу».
12) «Галогеналкандар». Галогеналкандарды алу; галогеналкандардың нуклеофильді орынбасу реакциялары; галогеналкандардың элиминирлеу реакциялары.
13) «Аналитикалық әдістер». Заманауи зерттеулердегі аналитикалық әдістер; хроматография; масс-спектрометрия.
№ 7 зертханалық тәжірибе: «Қағаз хроматографиясы».
14) «17 ‑топ элементтері». Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары; галогендердің тотығу – тотықсыздану қасиетттері; сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау; галогендер және олардың қосылыстарының қолданылуы.
№ 8 зертханалық тәжірибе: «Галогендер қасиеттерін зерттеу және сулы ерітіндідегі галогенид иондарын анықтау».
15) «2 (ІІ) - топ элементтері». 2 (ІІ) - топ элементтерінің физикалық қасиеттері; 2 (ІІ) -топ элементтерінің химиялық қасиетттері; табиғи карбонаттар.
№ 9 зертханалық тәжірибе: «2 (ІІ) - топ элементтері және оның қосылыстары қасиеттерін зерделеу».
№4 практикалық жұмыс: «Эксперименттік есептер шығару».
12. Оқу пәнінің 11 сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) «14-топ элементтері». 14 (ІV) топ элементтері қасиеттерінің өзгеруі; 14 (ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері;
14 (ІV) -топ элементтері оксидтерінің қасиеттері; жай заттардың табиғатта таралу түрлері және алыну әдістері.
№ 1 зертханалық тәжірибе: «Қорғасын, қалайы және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері».
2) «Азот және күкірт». Азот молекуласы құрылысының ерекшеліктері мен қасиеттері; аммиак және аммоний тұздары; аммиакты өнеркәсіпте алу;
азотты тыңайтқыштардың өнеркәсіптік алынуы; азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері; күкірттісутек және сульфидтер; күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсері және қолданылуы; күкірт қышқылын алудың жанасу әдісі.
№ 2 зертханалық тәжірибе: «Аммоний ионына сапалық реакция».
№ 1 көрсетілім: «Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері».
3) «Қышқыл және негіз ерітінділері». Қышқыл‑негіздік теория; судың иондық көбейтіндісі; сутектік көрсеткіш; қышқыл және негіздер күші; диссоциациялану дәрежесі; буферлі ерітінділер; қышқылды-негіздік титрлеу.
№ 1 практикалық жұмыс: «Күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу».
4) «Циклді қосылыстардың номенклатурасы және изомериясы». Ароматты және гетероциклді қосылыстар үшін IUPAC номенклатурасы; Ассимметриялық көміртегі атомы; кеңістіктік изомерлер.
5) «Карбонилді қосылыстар». Карбонильді қосылыстардың құрылысы және номенклатурасы; альдегидтер және кетондардың алынуы; альдегидтер және кетондардың тотығу, нуклеофильді орынбасу реакциялары; карбон қышқылдарының қасиеттері; этерификация реакциясы; күрделі эфирлер және сабын.
№ 3 зертханалық тәжірибе: «Сірке қышқылының қасиеттерін тану».
№ 4 зертханалық тәжірибе: «Күрделі эфирлердің алынуы және қасиеттері».
6) «Ауыспалы металдар». Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы;
кешенді қосылыстар; ауыспалы металдардың биологиялық ролі.
№ 5 зертханалық тәжірибе: «Ауыспалы металдардың кешенді иондарының қасиеттері»
7) «Ароматты қосылыстар қатары». Бензол молекуласының құрылысы;
бензол және оның гомологтарын алу; бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері.
№ 6 зертханалық тәжірибе: «Бензол молекуласының моделін құрастыру».
8) «Аминдер және аминқышқылдары». Аминдердің жіктелуі және номенклатурасы; аминдердің физикалық, химиялық қасиеттері және алынуы; аминқышқылдарының құрамы, құрылысы, биологиялық ролі; аминқышқылдардың физикалық және химиялық қасиеттері; пептидтік байланыс; нәруыздардың түзілуі.
№ 7 зертханалық тәжірибе: «Аммиак және аминдер молекуласының модельдерін құрастыру»
№ 8 зертханалық тәжірибе: «Аминқышқылы молекуласының модельдерін құрастыру және ассиметриялы көміртек атомын анықтау»
№ 9 зертханалық тәжірибе: «Аминқышқылдар қасиеттері»
9) «Синтетикалық полимерлер». Жоғары молекулалы қосылыстар; полимерлену реакциясы; поликонденсация реакциялары; полиамидтер мен полиэфирлер; пластиктердің қолданылуы және қоршаған ортаға әсері.
№ 10 зертханалық тәжірибе: «Полимерлену реакциясы» .
№ 2 практикалық жұмыс: «Пластмассаларды және талшықтарды тану».
10) «Жаңа заттарды және материалдарды өндіру». Жаңа материалдарды әзірлеу және құру; физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар; дәрілік препараттарды синтездеу және өндіру; нанотехнология; нанокөміртекті бөлшектердің құрылымы; жаңа полимерлерді алу; жаңа материалдардың практикалық мәні.
11) «Металдар өндірісі». Металдар және құймаларды алу ; Электролизді өнеркәсіпте қолдану; химиялық өндірістің ғылыми принциптері; металл өндірісі кезіндегі қоршаған ортаны қорғау проблемалары.
№ 11 зертханалық тәжірибе: «Металл бұйымдарды гальваникалық қаптау».
12) «Тірі ағза химиясы». Көмірсулардың жіктелуі және құрылысы; көмірсулардың құрылысы, қасиеттері және қолданылуы; нәруыздар; нәруыз молекулаларының құрылымы; полипептидтер құрылымын анықтау; ферменттер ролі және қолданылуы; ДНҚ құрылымы; ATФ және энергия; биологиялық маңызды металдар; қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы; ауыр металдардың нәруыздарға әсері.
№ 13 зертханалық тәжірибе «ДНҚ моделін жасау» ATФ және энергия Биологиялық маңызды металдар Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы Ауыр металдардың нәруыздарға әсері
№ 12 зертханалық тәжірибе «Альдегидоспирт ретінде глюкозаның химиялық қасиеттері. Крахмалға сапалық реакция»
№ 3 практикалық жұмыс «Денатурация және ақуыздардың түсті реакциялары».
13) «Органикалық синтез». Органикалық қосылыстардағы негізгі функционалдық топтар; органикалық заттардың генетикалық байланысы.
№ 4 практикалық жұмыс «Экспериментальды есептер шығару»
14) «Жасыл химияның 12 принципі». Атмосфера, гидросфера, литосфераның ластануы; Жердің озон қабатының бұзылуы; Ғаламдық жылыну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет