Жалпы түсініктер
Байыту фабрикаларына түсетін кеннің ең ірі кесектерінің, диаметрі 1200мм-ге жетеді. Әдетте, егер күн жер бетінен, ашық карьерден алынса онда кесектігі 1200мм-ге жетсе, ал жер астынан/шахталардан/алынса 600-700мм-ден аспайды. Ұсату және ұнтақтау дегеніміз шртты ұғымдар, себебі олар бір негізді процестер. Егер кесектердің диаметрі 5мм-ге дейін қысқартылса процесс ұсату деп аталынады, ал одан ары ұсату әрекеті ұнтақтау деп аталынады. Бул процестер кенді байытуға дайындау үшін жүргізіледі. Кенді қай мөлшерге дейін ұсату не ұнтақтау қажеттілігі тұтас кен кесегіндегі бөліп алуға керекті бағалы минерал түйіршіктерінің диаметрлерімен анықталады. Байыту процестерінде бағалы минерал түйіршіктері тек бос түрде ғана болса бөлініп алынады. Соған байланысты ұсату және ұнтақтау процестерімен минералдар бір-бірінен неғұрлым толығырақ босатылса байыту кезінде соғұрлым бір-бірінен тиімді бөлінеді. Әдетте оларды бір-бірінен толық босату қиын.Белгілі мөлшерде олар қабысқан түрде қалады. Осындай екі не бірнеше минералдардан тұратын қабысты түйіршіктер қалдықта қалып қояды. Сонымен қатар ұсақтау және ұнтактау кезінде бағалы зат түйіршіктерінің белгілі мөлшері өте ұнтақталып кетеді. Бұл жай байыту процестерінің тиімділігін төмендетіп жібереді. Мысалы, түйіршік диаметрі 0,01 мм-ден азайса оларды байытудың қай әдісімен болма-сын бөліп алу қыйындайды, ал 0,005мм-ден азайса іс жүзінде бөлінілмей қалдықта қалады. Осы жайларға байланысты, кен байытуда ұсату және ұнтақтау процестерінің маңызы зор. Демек, ұсату не ұнтақтау дәрежесі жеткіліксіз болса, минералдар қабысты түрде қалады, ал ұнтақтау дәрежесі жоғары болса тым майдаланып кетеді. Әдетте тиімді ұнтақтау дәрежесі тек тәжірибе жүргізу арқылы ғана аныкталады. Ұсақтау және ұнтақтау процестерінде көп энергия шығындалады. Мысалы, кен байыту фабрикасында шығындалатын барлық энергияның 60-75 проценті ұсақтау және ұнтақтау процестеріне жұмсалады. Сондықтан бұл процесте “зат қажетсіз ұсатылмасын” деген принципті жүзеге асыру қажет. Ол үшін әдетте көмекші процестер - грохочение және классификациялау қолданылады.
Ұсату процестері
Кен кесегін ұсатуда шығындалатын энергия заттың құрамына кіретін бөлшөктердің өзара байланыс күшін бұзуға жұмсалады. Сонымен қатар, кесек мықтылығы кристал структурасының типімен қатар ақауы (дефект) болуына, сол сияқты микро-жарықшақтардың болуымен байланысты. Ұсатылу процесі алдымен осы микрожа-рықшақтардың әлсіз байланысты қабаттар бойымен жүреді. Соның ңәтижесінде кесек ұсақталған сайын заттың мықтылығы арта түседі. Ұсату процесінде сырт энергия, біріншіден, заттың кристалдық структурасын деформациялауға(біразы жылуға айнала-ды), екіншіден, жаңа сыртқы бет жасауға жұмсалады. Энергияның атқаратын жұмысы Ребиндер мен Жигачтың теңдеуімен сипатталады:
мұнда
А=Ад + Аб =К V + S
А - ұсату жұмысы;
Ад- Деформациялауға шығындалған жұмыс;
Аб- жаңа сырт бет жасауға шығындалған жұмыс;
V- деформацияланған көлем;
S- жаңа пайда болған бет ауданы;
К және - пропорционалдық коэффициенттер.
Егер кен кесектерінің диаметрі ұсату процесінде аз ғана кішірейтілсе жұмыстың негізі деформациялауға жұмсалады. Демек,
бет жасау жұмыс үлесі аз болады да, оны есептемеуге болады. Онда жоғарыда келтірілген теңдеу Кирпичев-Киктің ұсату заңымен
сипатталады:
А=K V
Ұсату процесінде шығындалатын энергия негізінен жаңа бет жасау жұмысына жұмсалады:
А= S /Риттингердің ұсату заңы/
Бонд гипотезасы бойынша толық ұсату жумысы кесектің көлемі және бет ауданы аралығының геометриялық ортасына сәйкес өзгереді.
Ұсату процесінде кен кесегінің бастапқы диаметрінің неше есе кішірейетінін көрсететін санды ұ с а т у д ә р е ж е с і деп атайды. Ол ұсату алдындағы ең ірі кен кесегінің не кесектердің орта диаметрін ұсатудан алынған кеннің ең ірі кесегінің не кесектерінің орта диаметріне бөлгендегі бөліндісіне тең.
яғни 1=
мұнда 1-ұсату дәрежесі
D және D ұсату алдындағы ең ірі кесектердің және кесектің орта диаметрі;
d және d – ұсатудан кейінгі өң ірі кесектің және кесектердің орта диаметрі;
Бастапқы кен кесегінің диаметрін (500-1200 мм) белгілі мөлшерге дейін (5-15 мм) ұсатуды бір аппаратта жүргізу өте қиын. Себебі, аппараттың өнімділігі өте төмен болар еді. Сондықтан іс жүзінде кен біртіндеп. яғни сатылай ұсатылады. Әдетте ұсату сатыларын шартты түрде і р і ұ с а т у , о р т а ш а ұ с а т у және ұ с а қ ұ с а т у деп бөлінеді.Кейбір қатты кен түрлерін ұсатқанда төрт сатылы ұсату жүргізіледі. Ұсатуға қолданылатын аппараттардың ұсату дәрежесі 3 тен 8-ге дейін өзгереді. Ірі ұсату сатысында кесек диаметрі 500-1200 мм-ден 150-350 мм-ге дейін,орташа ұсату сатысында 150-350 мм-ден 50-100 мм-ге дейн, ұсақ ұсату сатысында 50-100 мм-ден 10-20 мм-ге дейін кішірейеді.Сонда жалпы ұсату дәрежесі әр сатының ұсату дәрежесінің көбейтіндісіне тең:
1=1*1*1
ұсатуды неше сатымен жүргізу қажеттігі кен кесектерінің бастапқы диаметрімен және қандай диаметрге дейін кішірейтілуі керек екендігіне байланысты. Ұсату процесін жүргізгенде ,, зат қажетсіз ұсатылмасын " принципін іске асыру үшін ұсату процестерімен бірге көмекші процес - грохочение (елеу) қолданылады. Елеу көбінде ұсату алдында (алдан ала елеу), кейде ұсатудан кейін (бақылау елеуі) жүргізіледі. Алдын ала елеу процесінде кен ішіндегі сол сатыда ірілігі жағынан ұсатуды қажет етпейтін даяр болігі бөлінеді. ұсатуға тек елеуіштен өтпеген зат түседі де, ал өткен зат тура келесі сатыға жөнелтіледі. Ұсату кезінде кесектердің диаметрі белгілі бір мөлшерге дейін кішірейтілді дедік. Бірақ, әдетте, аппараттың ұсатылған кен өтетін жырығының диаметрі белгіленген мөлшерден үлкен кесектер өтіп кетеді. Олардың диаметрін белгіленген мөлшерге жеткізу үшін бақылау елеуі қолданылады. Елеуіштен өтпеген кен бөлігі ұсатқышқа қайта қайтарылып, ал өткен бөлігі келесі ұсату сатысына жөнелтіледі.
Алдын ала елеу әсіресе бастапқы затта ұсатуды сол сатыда қажет етпейтін зат мөлшері неғұрлым көп болса соғүрлым тиімді.Ал, оның мөлшері өте аз болса. онда алдын ала елеуді қолданбауға болады. Сол сияқты, егер байыту фабрикасының өнімділігі жоғары болып ірі ұсату сатысында жоғары өнімді конусты ұсатқыштар қолданылса алдын ала елеу процесінің тиімділігі өте төмен болады да, көпшілік жағдайда қолданылмайды. Бақылау елеуі тек ұсақ ұсату сатысында қолданылады, қосымша ұсатуды керек ететін затты бөліп алу үшін ақырғы ұсатқыштан шыкқан зат сол ұсатқыштың алдында жүргізілетін алдын ала елеу процесіне қайтарылады, Демек, алдын ала елеу және бақылау елеуі көбінде бір елеуіште жүргізіледі. яғни екі процесс бір жүргізіледі. Соңғы ұсатқыштан щыққан зат алдын ала елеу процесіне қайтарылса ұсату тұйық циклде жүргізіледі. Ірі және орташа ұсату тек ашық цикілде жүргізіледі. 5-суретте ұсату процестерінің әр түрлі схемалары келтірілген.
ұсату процесінде қолданылатын аппараттарда кен кесектері төрт түрлі әрекеттің -жаншу, жару, соғу және аса майдалау әсерлерімен ұсатылады. Олардың негізгілері - жаншу және соғу. Ұсату процестері негізінде құрғақ түрде жүргізіледі. Тек балшықты кендерді ұсатқанда заттың ұсатқыш арқылы жүрімділігін арттыру үшін қосымша су қолданылуы мүмкін. Не болмаса шаң басу үшін өте аз мөлшерде су бүркіледі.байыту фабрикаларында кен ұату үшін колданылатьн машиналарды ұ с а т қ ы ш т а р деп атайды.Көп тараған ұсатқдатар төрт типкв бөлінеді: жақты (щекалы). Конуоты, валкты және балғалы ұсатқышта р. ұсатқыштардың жүмысының тиімділігі ұсатылған кеннің әр тоннасына шығындалатын энергия (квт. сағат) мөлшерімен сипатталады.
. Соққыш әрекетті ұсатқыштар.
Соққыш әрекетті ұсатқыштарда кен кесектері жылдам айналып қозғалатын денелердің кинетикалық энергия күшімен ұсатылады. Олар негізінде жұмсақ, тез жарылатын көмір, известняк, асбест тағы сол сияқты қазындыларды орташа және ұсақ ұсату сатыларында қолданылады. Конструкциялық өзгешеліктеріне қарай олар б а л ғ а л ы , р о т о р л ы және б і л і к т і ( дезинтеграторлар ) ұсатқыштарға бөлінеді. Баоғалы және ротор ұсатқыштардың конструкциялық негізі бар. Балғалы ұсатқыштарда кен айналмалы роторға шарнирлі ( яғни қозғалмалы ) орнатылған балғалардың соғуымен ұсатылса, роторлы ұсатқыштарда кен роторға тұтастыра қозғалыссыз орнатылған денелердің соғуымен ұсатылады. Бі р р о т о р л ы б а л ғ а л ы ұсатқыштың схемалық көрінісі келтірілген.
Корпус ішіндегі валға ротор орнатылған. Роторға балғалар шарнирлі бекітілген. Яғни, әр қайсысы бекіту өсінде айнала қозғала алады. Ротор үлкен жылдамдықпен айналғанда ортадан серпінді күштің әсерімен балғалар радиус бағытына сәйкес орналасады. Кен кесектері балғалардың соғу әрекетінен ыршып қарсы бетте орналасқан плиталарға қатты соғылып жарыла ұсатылады.
Ұсатылған кен төмен құлап шеңбер жасай орналасқан колосникті торға түседі. Одан ұсақтығы жеткен кен өтіп кетеді де, ірілер тағыда балғалардың соққысына түседі. Ұсатқыштың ұсату дәрежесі тор құратын колосниктердің ара қашықтарын өзгерту арқылы реттеледі. Жалпы олардың ұсату дәрежесі 30-ға дейін жетеді. Ротор валда бір-біріне параллель орналасқан бірнеше дискалардан тұрады. Әр дискаға балға орнатылған. Әр балғаның салмағы 3,5 килограмнан 180 килограмға дейін өзгереді. Балғалы ұсатқыштар бір роторлы және екі роторлы түрде жасалады. Р о т о р л ы ұ с а т қ ы ш т а р д ы ң балғалылардан айырмашылығы сол- балға орнына роторға қозғалмайтын соққыштар орнатылғанда, соларға тиіп ыршыған кесектер плитаға ғана созылмай, одан біраз төменірек орнатылған колосникті роторға соғылып, ұсақтары одан өтіп шығады. Демек, колосникті тор ротордың астыңғы жағына емес оң жақ қабырға тұсына орналасқан. Роторлы ұсатқыштарда кен кесектерін соғу күші молырақ, себебі ортадан серпін күш энергиясына соққыш денелермен бірге бүтін ротордың массасы әсерін тигізіп күшейтеді. Б і л і к т і ұ с а т қ ы ш т а р екі цилиндрлі ротордан тұрады.
Әр ротор екі дөңгелек дисканы кере шеңбер жасай орналасқан біліктерден тұрады. Екі ротордың диаметрі әр түрлі: кіші диаметрлі ротор үлкен диаметрлі ротор ішіне орналасқан.
Екі ротор қарама-қарсы бағытта айналады. Роторлар жабық цилиндрлі корпус ішіне орналасқан. Кен ішкі ротордың ішіне түсіріледі де біліктердің соғуымен ұсатылады. Ұсатылған кен сыртқы ротор біліктері арасынан шығып төмен түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |