ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ
Алгебра пәнінен 9 сыныпқа арналған жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Тараз-2020
ББК 22.14
УДК 512(07)
А 39
Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу - әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңес отырысының шешімімен ұсынылған (хаттама № 2"14"наурыз 2019 жыл)
Пікір жазғандар:
А. А. Ниетбаев - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Физика және математика оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, математика ғылымдарының кандидаты.
Редакция алқасы:
Ш.А.Усерова - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу - әдістемелік кабинетінің басшысы,төрайым; Б.Х.Тажибаев - облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің басшысының орынбасары, төрайымның орынбасары;
Ш.М. Жамалбекова - облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, редактор; А.Е.Нуралиева - Тараз қаласы №5 Жамбыл атындағы мектеп- гимназиясының математика пәні мұғалімі, Тараз педагогикалық шеберлік орталығының штаттан тыс тренері, сарапшы; Г.Қ.Телеуова - Облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің математика, физика пәндерінің әдіскері, хатшы.
Құрастырғандар:
Г.Д.Султашева ,Г.Қ. Телеуова
«АЛГЕБРА ПӘНІНЕН 9 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ» 9- сынып, алгебра пәнінен, Тараз, 2020ж – 53бет.
Жинақ жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектептердің өңірлік үйлестірушілеріне арналған.
ББК 22.14
УДК 512(07)
А 39
© Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
КІРІСПЕ
Әдістемелік құрал «Орта білім берудің (бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», «Оқу бағдарламасына», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа»
,«Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағына», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға негізделіп дайындалған».
«Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы әдістемелік құралым 9- сынып білім алушыларына «Алгебра»пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау,ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.»Әдістемелік құрал 9-сынып «Алгебра»пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік құралда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналаған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.Дескрипторлары мен ұпай сандары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: |