БҚО білім басқармасының
2013 жылғы «____»____________ №________ бұйрығына
1 қосымша
«Үздік информатика кабинеті-2013» облыстық
байқауын өткізу туралы ереже
Жалпы ережелер.
Осы Ереже «Үздік информатика кабинеті-2013» облыстық байқауының өткізілу міндеттері мен тәртібін анықтайды.
Байқауды облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырады.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Информатика пәні бойынша оқу-тәрбие үрдісінің дамуына информатика және есептеуіш техника кабинетінің рөлін көтеру;
Кабинеттің дидактикалық және әдістемелік нұсқаулықтармен, жаңа техникалық оқу құралдарымен жабдықталуына ықпал ету;
Пәннің материалдық базасын нығайту, кабинеттің жұмысын ұйымдастыру тәжірибесін тарату;
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын кабинет меңгерушілерін анықтау және қолдау көрсету.
Байқауға қатысушылар
Байқауға жалпы білім беретін мектептер, гимниазиялар, лицейлер және облыстық мектептердің информатика кабинетінің меңгерушілері қатыса алады.
Байқаудың өткізілу уақыты мен тәртібі
Байқау ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында 2 кезең бойынша өткізіледі.
І-ші кезең аудандық/қалалық ағымдағы жылдың 1 - 28 ақпаны аралығында өткізіледі. І кезеңде байқауға аудандық/қалалық мектептердің барлығы қатысуы қажет. І кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық/қалалық білім беру бөлімдері байқаудың екінші кезеңіне қатысу үшін сұраныс жіберулері қажет (әр ауданнан және облыстық мектептерден - 1, Орал қаласынан - 2 мектептің информатика кабинеттері).
ІІ кезең 5 - 28 наурыз аралығында өткізіледі. Бұл кезеңде байқауды ұйымдастыру комитеті байқаудың ІІ кезеңіне қатысуға сұраныс тапсырған мектептердегі информатика кабинеттеріне барып бағалайды.
Облыстық байқаудың финалы 2013 жылдың 28 наурызы күні сағат 10.00-де №216 кабинетте өтеді. Финалға ІІ кезеңге өткен мектептер қатысады.
Қазылар алқасы ұйымдастыру комитеті ұсынған материалдарды қарайды:
Мұғалімнің әдістемелік папкасын бағалайды;
Кабинеттің құжаттарын;
Кабинет жұмысымен таныстыру (презентация түрінде 7-10минут).
Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері 2013 жылдың 5-ші наурызға дейін облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының №109 кабинетіне сұраныс және мұғалімнің әдістемелік папкасын, кабинет құжаттарын тапсыруы қажет.
Информатика кабинетіне қойылатын талаптар.
Кабинетте білім беру қызметін ұйымдастыруды реттеп отыратын нормативті құжаттардың болуы.
Кабинетте мектептің білім беру бағдарламаларын орындау үшін қажетті оқу жабдығы, оқыту құралдарының оқу-әдістемелік кешені, телекоммуникация құралдарының жинақталуы.
Оқу-әдістемелік кешеннің және білім беру стандарты мен білім беру бағдарламадарының оқу құралдарына қойылатын талаптардың сәйкес болуы.
Мектептің білім беру бағдарламасына сәйкес оқулықпен қамтамасыз етілуі, дидактикалық материалдар, таратпа материалдар және электронды нұсқаулықтармен жабдықталуы.
Базалық және ілгері деңгейдегі білім беру стандартының талаптарын орындау үшін типтік тапсырмалар, тестілер, бақылау жұмыстары және т.с.с. қамтамасыз етілуі және болуы.
Базалық пәндер бойынша бағдарламалық қамсыздандырудың болуы және қолданылуы.
Оқу кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін (ТҚ туралы нұсқау беру журналын жүргізу туралы), өртқауіпсіздігі, санитарлы-гигиеналық талаптарын сақтау;
Информатика кабинетінде міндетті бағдарлама бойынша, факультатив сабақтары, қосымша білім беру, төмен үлгеретін оқушылармен, дарынды оқушылармен, консультациялар және т.с.с. сабақ кестесінің болуы.
Информатика кабинетінің құжаттары.
Кабинетте төмендегідей құжаттар болуы тиіс:
Информатика кабинетінің паспорты.
Кабинеттерде орнатылған құралдарға инвентарлық тізімдеме.
Оқу кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережесі және оқушыларға қауіпсіздік техникасы туралы нұсқау беру журналы.
Информатика кабинетін қолдану ережесі.
Техникалық қызмет көрсету, әрі жөндеу жұмыстарын тіркеу журналы.
Кабинеттің жұмыс кестесі.
Кабинеттің оқу-әдістемелік қамсыздандырылу жағдайы.
Информатика кабинетінің перспективалық жоспары.
Информатика кабинетінің оқу жылына жоспары.
Байқау қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
Байқау финалының қорытындыларын қазылар алқасы шығарады.
Облыстық байқаудың жеңімпаздары үшін 3 жүлделі орын белгіленеді:
I орын – біреу;
II орын – біреу;
III орын – біреу.
Сонымен бірге, қазылар алқасының шешімімен қосымша номинациялар тағайындалады.
Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Байқауды қаржыландыру
Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңін ұйымдастыру және оны қаржыландыру аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің есебінен жүргізіледі.
Облыстық финалды ұйымдастыру және өткізу бойынша шығындар бекітілген сметаға сәйкес облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының есебінен жүзеге асырылады.
Байқау финалына қатысушылардың іссапар шығындары іссапарға жолдаушы мекеменің есебінен төленеді.
e-mail: zkociso@mail.ru – ұйымдастыру комитеті
Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72 үй, 109 кабинет.
Байланыс телефоны: 26-04-64,
веб-сайт: www.ciso.kz, www.ashyk-sabak.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |