Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ұлттық салт дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту



Дата02.02.2023
өлшемі18,53 Kb.
#167167
Байланысты:
Тәрбие сғатты
Презентация Microsoft Office PowerPoint, Жұмбақтар сандығы .2 сынып. 3-4сабақ.

Өнеге сағаты: «Менің әкем – ғажап жан»
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым қатынасты нығайту. Ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту.
Көрнекіліктер:
1. Әке - асқар тау.
2. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
3. Жақсы әкенің даналығы - балаға мың жылдық азық.
4. Әке - шаңырақтың негізгі тірегі.
5. Жаманнан жақсы туады, жақсыдан жаман туады - адам айтса нанғысыз.
6. Әке - балаға сыншы.
Өнеге сағат барысы:
(«Әке туралы монолог» видео ролик көрсетіледі.)
1 - жүргізуші. Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.
Қабыл алғын бала – жүрек тілегін...
«Әке - бәйтерек, бала жапырақ» деп қазағымыз айтқандай бүгінгі мектебімізде өткелі отырған «Әкешім - бәйтерегім» атты бастауыш сынып оқушыларының өнеге сағатына қош келдіңіздер!
Ән: «Әкешім - бәйтерегім» орындалады.

1 - оқушы:

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналған
Бүгінгі той, қуаныш пен мерекең.
2 - оқушы:
Есімде бейнесі әкемнің
Күлімдеп қарайтын
Мен саған талпынсам
Құшағын жая сап, көтеріп алатын.
3 - оқушы: Асқар тау әкешім бар сүйенішім,
Ізгілік, адалдықты сүйеді шын.
Қабақ шытса балалық қылығыма,
Ешқашан болмақ емес ренішім.
1 - Жүргізуші: Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген
2-Жүргізуші: «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - сіз менің сүйікті әкешім. Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз. Мен сізден көп тәрбие алдым. Сіздің бақытты аман - сау болуыңызды тілеймін.
Әкелерге сұрақтар қою
1. Балаңыздың туған күні, айы, жылы
2. Балаңыздың сізді қатты қуантқаны, әлде ренжіткені есіңізде ме?
3. Балаңыздың ізгі қасиеттері
4. Балаңыздың жаман қасиеттері
5. Балаңыздың пікірімен санасасыз ба?
6. Балаңыздың үйдегі тұрақты міндеттері не?
Ән:

Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.


Музыка ойналып тұрады.
Көрініс: 1 - жүргізуші: Әке - асқар тау ( әке бастап шығады, балаларға тау суреттері тағылады.)
1 - жүргізуші: Ана - қайнар бұлақ ( ана бастап шығады, балаларға бұлақ суреттері тағылады.)
1 - жүргізуші: Бала жағасындағы құрақ. ( Ең ұзын бала бастап шығады, қалғандары құрақ суретін тағып шығады.)
Жүргізуші: Ойлайды әрқашан да бала қамын,
Көремін аялаған алақанын.
Әкемнен алған асыл қасиетті,
Елімнің керегіне жаратамын.
Ән:

Мақал - мәтелдер
Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Әке балаға қарыз,


Бала далаға қарыз.

Әке балаға сыншы.

Әкеден — ақыл, анадан — мейір.

Әкеден безген ұл болмас,


Анадан безген қыз болмас.

Әке жүрегі таудан үлкен,


Ана жүрегі теңізден терең.

Әкелі бала жаужүрек,


Әкесіз бала сұм жүрек (Бұқар жырау).

Әкелі жетім анық жетім,


Шешелі жетім жарым жетім.

Әкем аты шапқан сайын өрлейді.

"Әкем бар" деп мақтанба топқа түсері жоқ болса.
"Балам бар" деп мақтанба жаман туған боқ болса.
"Ағайыным бар" деп мақтанба дос - дұшпаның келгенде қарасуы жоқ болса (Төле би).

Әкем маған ат берді, "далақта да шап" деді.


Әкемнің өлерін білсем өнерін сатпас па едім.
Әкемнің шоты аса - аса тиеді.
Әкенің жақындығы жездедей - ақ.
Әкең бермегенді базар береді.

Әкең жақсы кісі еді жел жағыңа пана еді.


Анаң жақсы кісі еді жетімдерге ана еді.

Әкең мұрап болғанша отырған жерің ой болсын.


Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтпексің?
Әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін.

Әке сөзі — оқ,


Шеше сөзі — боқ.
Әкесі бардың арысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.

Әкесіз жетім гүл жетім,


Шешесіз жетім тұл жетім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет