Жаратылыстану-математикалық пән апталығында. Н. Назарбаев: «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі білімде»



Дата31.12.2019
өлшемі252,46 Kb.
#54457
Жаратылыстану-математикалық пән апталығында .

Н.Назарбаев: «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі - білімде»



Тасөткел негізгі мектебінде 2017 жылдың  13 – 18 қараша аралығында  оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен танымдылық қабілеттерін арттыру мақсатында  жаратылыстану-математикалық пәндер ӘБ-нің  пән апталығы өткізілді.

Апталық барысында  5-9 сыныптар аралығында ашық сабақтар мен  сыныптан тыс іс-шаралар  ұйымдастырылып өткізілді.

6-сыныпта  математика пәнінен «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбы бойынша пән мұғалімі К.К. Жунусова, биология пәнінен 6 -сыныпта «Гүлшоғырлар және гүлшоғырлардың биологиялық маңызы» тақырыбы бойынша Ж.Т.Зейнуллина , физика пәнінен 9-сыныпта «Динамика негіздері» тақырыбы бойынша  пән мұғалімі С.К. Бектемисова, информатика пәнінен 6 -сыныпта «Алгоритм және оның орындаушылары» тақырыбы бойынша ашық сабақтар өткізілді. Сабақтарда топтық, жұптық жұмыс, АКТ технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, көшбасшылық және өзін-өзі бағалау технологиялары қолданылды. Сабақтарда оқушылар тақырып бойынша өз білімдерін көрсете білді

Апталық  барысында  ашық сабақтармен қатар сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. 5-9 сынып оқушылар арасында «Биатлон» спорт- сайысын Ф.Г. Башмаков өткізді. Сайыс өтте қызықты өтті, мектеп оқушылары өздерінің дене шынықтыру сабағындағы дайындықтарын жоғары дәрежеде көрсете білді.

Информатика пәнінен М.Е. Шайырманова « Білгірлер мен алғырлар» сайысын өткізді. Сайысқа 5-6 сынып оқушылары екі топқа бөлініп қатысты. Қорыта келгенде  «Алғырлар» тобы білімдерімен  алға шығып, жеңе білді.

8-9 сынып аралығында «Ғалымдар презентациясы »  атты интеллектуалдық сайысын физика пәні бойынша С.К. Бектемисова өткізді. Сайысқа Архимед, Ом,  Ньютон , Паскаль, Ампер,  Торричелли физиктер қатысты. Әр физик өз өмірбаянымен, тәжірибесімен көрермендерді таныстырып, әр түрлі тәжірибелік тапсырмаларды орындады.

6 -9 сыныптар аралығында биология,химия, география пәндеріне «Білімді мыңды жығар» сайысын Ж.Т.Зейнуллина ұйымдастырып өткізді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр сыныптың оқушылары аралас отырды. Оқушылар тәжірибе жасап, логикалық сұрақтарға жауап берді.

Сонынмен қатар, математика пәні мұғалімі К.К. Жунусова сабақтан тыс «Ассалаумағалейкум МАТНS» атты 7 -9 сынып оқушылар арасында шара өткізді. Оқушыларға логикалық сұрақтар, есептер, түрлі сауалдар қойылып топтардан жауаптар алынды.
Өткізілген әр сайыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға көзделді.

Әр өткізілген сайыс соңында нәтиже қорытындыланып отырды. Жеңімпаздар мақтау қағазы мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Математика-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің апталығы жылдағыдан өзгеше заманауи үлгіде ұйымдастырылды. 

ӘБ жетекшісі: С.К. Бектемисова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет