Сабақ: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмнің жазылу формалары Күні: 12. 10. 2016ж



Дата26.08.2017
өлшемі73,84 Kb.
#28873
түріСабақ

Қызылорда облысы, Арал қаласы №262 мектеп - гимназиясының

Информатика пәнінің мұғалімі

Аманжолова Гүлбақыт Аманжолқызы



Сабақ:

Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмнің жазылу формалары




Күні:12.10.2016ж

Оқытушының аты-жөні: Аманжолова Гүлбақыт

Сынып:6а

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

Оқушылар алгоритм және оның орындаушылары ұғымымен танысады. Алгоритмнің жазу пішімі мен блок-схемалар құрып үйренеді.

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Алгоритм және оның орындаушылары туралы біледі

.


Оқушылардың басым бөлігі:

Алгоритмнің жазу форма түрлерін ажыратады





Кейбір оқушылар:

Математикалық өрнектерді блок-сызба түрінде жазады..




Тілдік мақсат:

Оқушылар:

Алгоритмнің жазу пішімі мен блок-схемалар құрып үйренеді.




Негізгі сөздер мен тіркестер:алгоритм, графикалық алгоритм, блок-сызба, программалау тілі, басы, соңы


Сыныптағы диалог/жазылым үшін тілдік бірліктер

Әр түрлі адамның берілген тасырмаға жазған бұйрықтар саны әртүрлі болуы мүмкін бе?




Талдауға арналған тармақтар:

Неліктен графикалық әді сөздік алгоритмге қарағанда ыңғайлы?







Жазылым бойынша:

оқулықтан 3,4,5,6 тапсырмалар \56-57 бет\орындау




Алдыңғы білім:

Оқушылар қандайда бір іс-әрекетті орындау барысында мақсатқа немесе нітижеге жету үшін жоспар құру білу керек екенін біледі.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

3 мин

4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта жағымды азуал туғызу

Топқа суреттер арқылы 2 топқа бөлінеді

Геометриялық фигуралар арқылы бөлу
Үй жұмысын тексеру. «Келісемін, келіспеймін» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға бір-бір кестеден таратып береді де ойынның шартымен таныстыру. Кестедегі тұжырымға сенетін болса, яғни тұжырым дұрыс болса «+» таңбасын, тұжырым қате болса «-» таңбасын қоюды ескертемін. Әр ұяшыққа сәйкес сұрақтар оқылады. Жауаптарды түзетуге болмайтындығын, түзету жасалса қате болып саналатынын ескертіледі..




Тұжырымдама


«+» немесе

«-»

1

Есепшот алғашқы есептеу құрылғысы болып табылады

+

2

Дербес компьютер бірінші буынға жатады


-

3

ЭЕМ бес буыннан тұрады.

+

4

Калькулятор алғашқы есептеу құрылғысы

-

5

Қазіргі компьютерде электрондық лампалар қолданылады

-

6

Ада Лавлейс бірінші программалаушы

+

7

Алғашқы ЭЕМ 1946 жылы пайда болды.

+

Бағалау. «Бағдаршам» арқылы өз -өзін бағалау

Егер 6-7 дұрыс жауап болса 3 ұпай

Егер 4-5 дұрыс жауап болса 2 ұпай

Егер 2-3 дұрыс жауап болса 1 ұпай


Геометриялық фигуралар


слайд

Ортасы

3 мин
15 мин

12 мин.

Ой қозғау

Видео ролик көрсету

Оқушылардан бүгінгі сабақ не туралы екенін сұрау.

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз балалар «Алгоритм және оны орындаушылар. Алгоритмнің жазылу формалары.»
Жаңа сабақ Топтық жұмыс.. «Құрастыр одан кейін жауап бер» әдісі арқылы жүргізіледі.

1-топ Алгоритм және оны орындаушылар

2-топ Алгоритмнің жазылу жолдары: сөздік форма және блок-сызба

Бағалау. Сыныптасын критериалды бағалау

Критерийлер

«Өте жақсы» - берілген тапсырма толық орындалған, түсіндіре алды

«Жақсы» - жұмыс орындалған, толық түсіндіре алмады

«Қанағаттанарлық» - жұмыс толық орындалмаған


Практикалық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар орындау

1 топ.


1 тапсырма.

Блок -сызба дегеніміз не?

2 тапсырма

«Суды қайнату» алгоритмін сөздік формада сипаттаңыз.

3 тапсырма

y=2x+c өрнегін блок-сызба түрінде сипаттаңыз

Жеке бағалау парағы

Төмендегі кестедегі жұмыс түрлерін орындасыңыз 1 ұпайдан енгізіңіз




Критерий

Дескриптор

ұпай

Деңгейлік тапсырма

1

блок -сызбаға анықтама береді




2

Сөздік формада алгоритмді жазады




3

Блок-сызба алгоритмін құрады




Барлығы:



Жұмыс түрлері түгел орындалса – 3 ұпай

Жұмыс түрлері 2-уі орындалса – 2 ұпай

Жұмыс түрлері 1-уі орындалса – 1 ұпай


3 тапсырма: Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырма орындау

2-топ

І тапсырма.

Алгоритм дегеніміз не?



ІІ тапсырма

«Сабаққа дайындалу» алгоритмін сөздік формада сипаттаңыз

 ІІІ тапсырма.

Z=a+6b өрнегін блок-сызба түрінде сипаттаңыз




Критерий

Дескриптор

Ұпай

Деңгейлік тапсырма

1

Алгоритмге анықтама береді

1

2

Сөздік формада алгоритмді жазады

1

3

Блок-сызба алгоритмін құрады

1

Барлығы:







6 сынып оқулығы

Қосымша материалдар.

Жұмыс дәптері



Соңы

2 мин
2 мин
2 мин
1 мин

Сабақты бекіту.

Тест . «Kahoot» программасы арқылы тест алу.


Сабақты қорытындылау
5-6 ұпай – Жасыл түс

4-3 ұпай – Сары түс

1-2 ұпай – Қызыл түс
Кері байланыс.

« Екі жақты түсіндірмелі күнделік»



Үйге тапсырма: Алгоритм және оның атқарушылар, алгоритмнің жазу пішімдерін оқу.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет