Жас жеткіншектерге ұрпақтан ұрпаққа жеткен халық дәстүрлерін дәріптеп, қазақ би –өнерінің шеберлігін,денсаулыққа пайдасын білуге дағдыландыру



Дата27.12.2016
өлшемі17,56 Kb.
#5696

Мақсаты:

  • Мақсаты:
  • Мақсаты: Жас жеткіншектерге ұрпақтан ұрпаққа жеткен халық дәстүрлерін дәріптеп , қазақ би –өнерінің шеберлігін ,денсаулыққа пайдасын білуге дағдыландыру .

Міндеті:

  • Міндеті:
  • Қара жорға – қазақтың халық биі Қазақтың салт – дәстүрлері, қара жорғаның шығу тарихын айта келе әр қазақ баласының өз өнерін дамытуға қадам жасау.

Міндеті:

  • Міндеті:
  • Қара жорға – қазақтың халық биі Қазақтың салт – дәстүрлері, қара жорғаның шығу тарихын айта келе әр қазақ баласының өз өнерін дамытуға қадам жасау.
  • Би – адамзат мәдениетіндегі әрі қарапайым, әрі сырлы құбылыс
  • Оның тамыры терең, мазмұны тұңғиық. Мамандардың айтуынша би екінің бірінде аттың жүрісі, жүн сабау, киіз басу дегендей еңбек қимылдарын білдіретін жай қимыл емес. Оған әр халықтың наным-сенімі, арман-тілегі, эстетикасы, мінез-құлқы, болмыс-бітімі, жан сезімі сияқтылар сіңірілген. Әрқандай ұлттың биінің, біріншіден, өзіндік бөтен бөгенайы бар. Екіншіден, оның тым арыдан қалыптасып жалғасып келе жатқан жүлгесі және дерегі бар. Қазіргі кезде адамзат ән әуенінің де, күйінің де, биінің де алуан түрі бар
  • Ғалымдардың әр тұрғыдан зерттей келе Қаратау петроглифтеріндегі би кескіндерінің арғы заманғы сақтар, иүзлер, үйсіндер, ғұндарға тән екендігін тұжырымдаған, қандай би екендігін, қазіргі қай ұлттың биімен жалғасаынығын зерттелген.
  • Қара жорға биінің қалыптасуы туралы әр түрлі деректер бар
  • Ал бұл билерге қазақтың көзімен қарағанда, олардың қазіргі қазақтың «қара жорға» биінің арғы төркіні екендігі көрген жерден тануға болады(сурет-4, сурет-5, сурет-6, сурет-7, сурет-8).
  • Ондағы суреттердегі бидің Тарым айналасындағы ұйғырлардың да, Қиыр Шығыстағы корейлердің де, орта жазықтағы байырғы қытайлардың да билеріне ұқсамайтындығы бірден аңғарылады. Аяқ-қол, дене қимылдарының барлығы түгелдей «қаражорға» биімен бірдей. Ұйғыр биінің ең типті жағы аяқтың өкшесі немесе басымен жүреді, қол қимылы да «қаражорғадан» бөлек.
  • Ал, Қаратау петроглифтері тағы бір жағынан «қаражорғаның» қазақ биі екендігін растайды. Жоғарыда айтылғандай, бұл петроглифтер жанго заманынан хан династиясы дәуіріне (б.з.б. 475 ж. – б.з. 220 ж.) дейінгі туындылар. Бұл кезде бұл өңірде қоныс тепкен этностар ілгерінді-кейінді сақтар, иүзлер, үйсіндер, ғұндар болған. Бұл төртеуі де қазақтың этникалық тегіне жатқызылып келе жатқан ең басты этностар. Одан қалса, бұлардың ішіндегі сақтар, иүзлер, үйсіндердің билері бейнеленген. Бұлардың барлығы «қаражорға» биінің қазақ биі екендігін растай түседі
  • «Қара жорға» биі аңыз әңгімеде
  • Өнер зерттеушілері бүгінде ұлттық мақтанышымызға айналып отырған «Қара жорға» («Буын биі») биінің тарихы XII ғасырдан әріден келетінін айтады. Негізінде «Қара жорға» күйдің аты еді. Бұл туралы ел ішінде аңыз-әңгіме бар.
  • …Ерте заманда өмір сүрген бір байдың тайпалған қара жорғасы болыпты. Әлгі жорға бәйгеден бәйге, жүлдеден жүлде қоймайды екен. Бір күні байдың қызы ұзатылып, әкесінен қалың малының өтеуіне қара жорғаны сұрайды. Бай жалғызының бетін қайтара алмай, тілегін орындайды. Қызын ұзатар алдында: «Жат жұртқа әкетіп барасың ғой, бір көріп қалайын. Қара жорғаны бір тайпалтып – жорғалатшы», деп өтініш жасайды. Қыз қара жорғаны ноқталы ұзын арқанмен қоя береді. Жануар үйреншікті жорғасына сала жөнелгенде, ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып атпен бірге жорғалап бара жатқандай болады. Әдемі көрініске куәгер болған бір күйші «Қара жорға» атты күй шығарыпты », -дейді аңыз әңгімеде.
  • Би ырғағының адам денсаулығына пайдасы.
  • Би кезінде қолдың шынтақ буынын бүге ұстау, тізе буынын, аяқты бүгу арқылы қозғалысқа келтіру жұмыс істеу қабілетін арттырып, бұлшық еттерді қатайтады. Иық буынын алға-артқа еңкейтіп, шалқайту арқылы теңіз толқыны тәрізді қимыл жасау омыртқа жотасының буындарына оң әсерін тигізеді. Би кезінде жоғары-төмен, алға-артқа қозғалу жауырын қақпақтарының жұмысын реттейді. Әдетте буындардың сырқырауы буын қозғалысының аздығынан болады. Буын арасындағы сұйықтың сарысуға айналуынан сақтайды. Тұздың жиналуына жол бермей, бұлшық еттерді қатайтады. Омыртқа буындарының ауыруынан сақтап, жүрек соғысын реттейді, қан айналымының жақсаруына да пайдасы зор.
  • Қара жорға биінің әлемдік деңгейге көтеріліуі
  • «Қара жорға» биін бір мезгілде 13288 адам билеуінің нәтижесінде Гиннестер кітабы-на жазылып отыр. Сөйтіп, ұлттың жүрегіне жақын, ойнақы, табиғатпен етене әсем әуен өзінің өміршеңдігін көрсетті. Әр халықтың мәдениет бәсекелестігі белең алған қазіргі кезеңнің өзінде 1,5 миллиардтан астам халқы бар Қытайдың өзін таңдай қақтырып, ұлттық би деңгейіне көтерілді. Биді билеген адамның бүкіл сүйегі қимылдайтынын, денені шынықтыруда таптырмайтын тәсіл екендігін    түсінген олардың биге деген қызығушылығы арта түсуде. Қазір Алтай мен Шыңжан мектептерінде сабақ басталмас бұрын оқушылар «Қара жорға» биін билейді.
  • Ертеректе халық күйі «Кеңестің» әуенімен «Киіз басу» биін ырғала билеу үйреншікті жайт болатын. Мектеп оқушыларының мың бұралып «Қамажайды» билеуі міндетті секілді көрінетін. «Әнші балапан» өрендерінің көпшілігі үндіше киініп, үнді биін билейді. Негізінде қазақ биінің әрбір қимылында тұтас ұлттық бейне қалыптастырудың нәзік жолы жатыр. Үнді биінің ең кемі 72 қимылын меңгерген биші өзінің сол халықтың ұлттық дәстүрін бойына сіңіргенін байқамай да қалады екен. Грузин халқының «Лезгинка» биінде санаулы ғана қимылдар екі-үш рет қайталанады. «Қара жорға» буын биінде адам өз икеміне қарай барлық буындарды қозғау арқылы әр түрлі қимылдарды көрсете алады. Адам денесінде сүйектердің қозғалысын бір-бірімен байланыстыратын 230 буын бар. Би билегенде осы буындардың барлығы бірдей қозғалысқа түседі. Буын биінің қозғалыстарында арнайы ат жоқ. Адам өз икеміне қарай барлық буындарын қатты бүгу арқылы түрлі қимыл жасауы қажет. Ең бастысы, белгілі бір ырғақты қайталамайды, қолымен ауаға ою-өрнек салғандай билейді. Бишілер арнайы орын талғамайды, үлкен-кіші, кәрі-жас араласа билейді, қимылдар кез келген жерде орындала береді
  • «Қара жорға» биінің басқа билерден айырмашылығы.
  • Қазақтың «Қара жорғадай» дәстүрлі биі бар екенін, оны билеп қадір-қасиетін сезінбеген жастардың қазақи қалпынан бір сүйем болса да алшақтай түсетінін ұмытпайық. Қазақ жастары мен жас жеткіншектер «Қара жорғаны» билесе, тек қуана құптайық. Сол арқылы біз қазақтың өзге халыққа өнеге боларлықтай биі жоқ деген пікірге тосқауыл қоямыз. Біз өзіміздің жан сарайын ашатын, жабырқаған көңіліңді басатын, күйді күмбірлетіп, әсем әнді әуелеткен, мың бұрала билей алатын өнерлі халықтың ұрпағы екенімізді алдағы уақытта әлем халықтары алдында дәлелдей түсуіміз керек.
  • Қазақты әлемге танытатын ең басты нәрсе ұлттық құндылықтарымыз.
  • Қазақ биінің қаражорғасы Арыстан қажы Шәдетұлы Азаттықта қонақта. Алматы, қыркүйек, 2009 жыл.
  • – Қазақстанда «Қара жорға» қаншалықты деңгейде танымал? – 1995 жылы Қазақстанға қоныс аудардым. Республикалық деңгейде сахнаға 1999 жылы алып шықтым. Алғаш сахнаға билеп шыққанымда, ақпарат құралдарында «бұл қазақ биі емес, моңғолдыкі» деген пікірлер де де айтылды. Моңғол да бізбен бірге көшіп-қонып жүрген халық қой. Оларда да бар. Бірақ, біздікіне мүлдем ұқсамайды. Бұл жалпыхалықтық биге айналуы керек. Ежелгі, қазақ биі ғой. Тек шекаралар белгіленіп, қазақтардың арасы бөлініп қалғаннан кейін, басқа шетелдің қазағының еншісінде қалып кетті.
  • Бұл биді отандастарымыз әр той мен салтанатта билеп жүр.
  • Ал 2009 жылы Қытайдағы қандастарымыз "Қара жорға" биін Гиннестің рекордтар кітабына енгізгені туралы көптеген басылымдар жазған.
  • Осыдан соң "Қара жорғаның" танымалдығы тіпті арта түскен еді.
  • Осы би жастардың патриоттық сезімін саяси насихаттан жақсы оятатыны анық.
  •  "Қара жорға" тәуелсіз Қазақстан мәдениетінде қайтадан жаңғырған және халықтың көкейінен шыққан би болып қалыптасып келеді, деп жазады кейбір басылымдар.
  • Кейбір мамандар "Қара жорғаны" – жай қара жорға емес, қазақтың және ұлт тарихының бейнесі деп тануда.
  • Бүгінгі күнде Қазақстанда "Қара жорғаны" білмейтін адам жоқ сияқты. 
  • Қазақтың «Қара жорғадай» дәстүрлі биі бар екенін, оны билеп қадір-қасиетін сезінбеген жастардың қазақи қалпынан бір сүйем болса да алшақтай түсетінін ұмытпайық. Қазақ жастары мен жас жеткіншектер «Қара жорғаны» билесе, тек қуана құптайық. Сол арқылы біз қазақтың өзге халыққа өнеге боларлықтай биі жоқ деген пікірге тосқауыл қоямыз. Біз өзіміздің жан сарайын ашатын, жабырқаған көңіліңді басатын, күйді күмбірлетіп, әсем әнді әуелеткен, мың бұрала билей алатын өнерлі халықтың ұрпағы екенімізді алдағы уақытта әлем халықтары алдында дәлелдей түсуіміз керек.
  • Қазақты әлемге танытатын ең басты нәрсе ұлттық құндылықтарымыз.
  • Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет