- Сан сүйегі мен үлкен жілік сүйектің буынішілік сынықтары
Тізе буынының гемартрозы
Тізе буынының гемартрозы.
Гемартроз –буын қуысына қан жиналу. Себептері буынның кез келген компонентінің зақымдануы(буынішілік сыну, мениск жарылуы, кресттәрізді байлам үзілуі). Тізе буынындағы аз мөлшердегі болсын қан синовиальды қабықтың тітркенуін шақырып, төмпек түзуі мүмкін(выпот)-жарақаттық синовит. Синовиальды капсуладағы сұйықтықтың жиналуы қатты ауырсынуға, синовиальды қабықтың гипертрофиясы мен фиброзды жаңа туындауға әкеледі.
Диагностикасы
Диагностикасы
Тізе буынындағы сұйықтық болуын анықтау:
* Буын формасының өзгеруі (контурларының жазылуы, мөлшерінің ұлғаюы, жоғары завороттың ісінуі),
* Қозғалыстың шектелуі (бүккіш контрактура),
* Тізеүстінің «баллотирлену» симптомы — науқас арқасымен аяғын созып жатады жоғары заворотты бір қолының алақанымен қысып тұрады, ал екінші қолдың саусақтарымен тізеүстін алдыңғы артқы бағытта тартады, бетінде орналасқан сұйықтық тізеүстін тереңге сырғытады.
* Тізе буынының пункциясы (емдік және диагностикалық мақсатта) Манипуляцияны жергілікті жансыздандырумен жүргізеді.
Иненің кіру нүктесі- тізеүстінің сыртқы шетнің жоғарғы полюсі.
Пунктатта қан болса (гемартроз), синовиальды сұйықтық болса (синовит), ірің болса (артрит). Пунктатта қан және синовиальды сұйықтық болса, жарақаттың болу ұзақтығы тәуліктен аспаған деп саналады. Егер пунктатта май тамшылары болса онда буынішілік сынық деп болжауға болады. Жедел жарақаттар кезінде жансыздандыру мақсатында процедура аяғында буын қуысына 10,0 мл 2 % новокаин ерітіндісін енгіземіз.