Жас мамандардың және жаңадан келген мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау Мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі202,95 Kb.
#23844
Жас мамандардың және жаңадан келген мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау

Мақсаты: Кәсіби дайындығының деңгейін анықтау, әдістемелік көмек көрсету.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау .

Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекшелігі - оның сабақты түрлендіріп, оқушының жүрегіне жол таба білуі. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, оқу-әдістемелік шеберлігі болып табылады. Жалпы мектеп бойынша 2013-2014 оқу жылы бойынша екі жас маман қабылданды. Денешынықтыру пәні бойынша Насыр Ғ.Б, бастауыш сыныптағы ағылшын пәні мұғалімі Харшинбай М.Дене шынықтыру пәні мұғалімі Насыр Ғалым Богданұлы 2013-2014 оқу жылынан №9 орта мектебінде бастауыш сыныптарға дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.

Ғалым Богданұлы сабақ барысында оқушылармен тез тіл табыса алады. Әр баламен жеке-жеке жұмыс жасай алады ,жас маман ретінде әліде көптеген ізденістер керек.

Бір жыл ішінде Ғалым Богданұлы жас маман ретінде мектепшілік және қалалық спорттық шараларға толық қатысты. Жеткен жетістіктері де бар. Мектептен тыс өнер кештеріне қатысады. Мектеп оқушылармен қалалық КВН үйірмесін дайындап қаладан жүлделі орынға ие болды. Қалалық эстафетаға қалалық білім бөлімінің атынан қатысып 2-ші орынға ие болды. Насыр Ғалымнан жеке тұлға және мұғалім ретінде болашағынан үлкен үміт күтеміз. Творчестволық ізденістерді талап етеміз.Ұйымдастырушылық қабілеті жақсы және мұғалім ретінде оқушылардан талап етеді. Таяуда мектептегі дене шынықтыру, технология, музыка, сызу, бейнелеу өнері, пән бірлестігінің дөнгелек үстелі өтті 10.05.2014ж.



Тақырыбы:«Мен маман ретінде қалыптасуымда қандай проблемаларға кезіктім, не шештім?»

Дөңгелек үстелдің мақсаты жас маманның бір жылдағы істеген жұмыстарының нәтижесі мен кәсіби деңгейінің өсуі туралы еді. Бірлестік мүшелері толық қатысып Ғ. Насырдың есебін тыңдап жас маманға өздерінің тараптарынан ақыл кеңестерін қосып, яғни сабақ өткізу барысында жан- жақты іздену керектігі, басқада сабақтарға қатысып өзіне керегін үйренуін, оқушыларды тек жаңашылдықпен қызықтыра алатындығын сонымен қатар шығармашылығын дамытуын ұсынды.



Денешынықтыру пәні мұғалімі Насыр Ғалым Богданұлының есебі:

Мен дене шынықтыру мұғалімі Насыр Ғалым Богданұлы 2013-2014 оқу жылында №9 орта мектебінде дене шынықтыру пән мұғалімі болып жұмыс атқарамын. Осы жыл ішінде көптеген қиындықтар болды. Себебі: 1-2 сыныптарға сабақ бердім.

1 сынып оқушыларының арасында оң-сол қолдарын білмейтін балаларда болды, солармен әр қайсымен жұмыс жасадым. Кішкентай балалармен ойын түрлері көп болу керек. Тағы да қиындықтар туды, ол материалдық базаға байланысты болды; доп жетіспеді, көптеген материалдар болмады, бір жағынан бір спорт залға 2-3 сынып оқушылары келгенде сыймай қалған кездеріміз болды. ал өзіме келсем сабақ жоспарын өмірмен байланыстыра құрап түсіндіре білдім. Балаларға қатаң тәртіп қойдым. Білмеген, түсінбегендерімді әріптестерімнен сұрап көмек алдым. Көптеген жарыстарға қатыстым. Жеңіске жеткен кездеріміз болды. соңында барлық қиындықтардан шығу жолдарын іздедім және жол таба білдім деп өз есебін аяқтады.

Пікір: Қазіргі заман мұғалімі осы құзыреттілікті меңгере отырып тек

« кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыру керек.



Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, ақпаратты -коммуникативті, және рухани- адамгершілікті, жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет