Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Негізгі түйінді идея



Дата11.11.2022
өлшемі19,58 Kb.
#157801
Байланысты:
10 grade, дәптер сабаққа ену-1, 11 кл, Бейнелеу өнері 1-4,5,6,9 сынып

Сынып




Күні:




Тақырыбы:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Негізгі түйінді идея

Көрсету,түсінік беру, ойындар, әңгіме,мақал-мәтелдер сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б.

Оқу мақсаты:

1.Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру .Әртүрлі ағымдарға ермей, түрлі сектлардан абай болуға баулу.
2.Оларды бір-бірімен достық қатынаста болып,үлкенді сыйлауға,ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кішілерге қамқор болуға үйрету.Олардың бір-бірімен шынайы да қайырымды,иманды болуға баулу.
3.Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, балалардың сөздік қорын байыту.Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.

Табыс криитерилері

Барлық оқушылар
Жақсы қасиеттерді біледі

Көпшілік оқушылар
Жақсылық жасауды біледі

Жекелеген оқушылар
Жақсылық жасауға ұмтылады

Тапсырма

Уақыт

Мұғалім не істейді?

Оқушылар не істейді?

Ресурстар

Сабақты бастау

3 мин

I.Ұйымдастыру
Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » тақырыбында өрбімек. Балалар әркімнің өзінің бойында жақсы қасиеттер бар. Соны атымыздың басты әрпімен байланыстырып айтайық. 

Оқушылар тыңдайды

Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер

Кіріспе

5 мин







Суреттер







Менің көзқарасым (сұрақ-жауап)
Сұрақтар:
• Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
• Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
• Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
• Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?
Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз? 

/Мазмұнды суреттерді пайдалана отырып,балалардың әңгімелерін,берген жауаптарын толықтыру/. 


Енді балалар Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдайық. 
Ғылым таппай мақтанба Орын таппай баптанба 
Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге 
Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол 
Адам болам десеңіз Тілеуің өмірің алдында 
Оған қайғы жесеңіз Өсек өтірік мақтаншақ 
Еріншек бекер мал шашпақ Бес дұшпанды білсеңіз 
Талап еңбек терең ой Қанағат рақым ойлап қой 
Бес асыл іс көнсеңіз 
Слайдтан көрсету: 5 жақсы қасиет- талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. 5 жаман қасиет -Өсек өтірік мақтаншақ,еріншек ,мал шашпақ 

Мақал –мәтелдер айт. Жақсылық пен жамандық туралы.Оқушылар өздері айтып шығады.

Ал,балалар,мен сендерге Л.Толстойдың «Екі дос»деген әңгімесін айтып берейін. 

Орман ішінде екі дос келе жатқанда олардың қарсы алдынан аю шығады.Сонда біреуі жолдасын тастап қашып ағашқа өрмелеп шығып,тығылып қалады.Ал екіншісі жолда қалады.Ол не істерін білмей,жерге жата қалады. Жатқан адамды аю иіскелеп,өлі екен деп кетіп қалады. Аю кете салысымен,досы ағаштан түсіп жолдасына келіп: 

-Аю құлағыңа на деп сыбырлады?-деп сұрайды. 
-«Қауіп-қатер төнгенде,қиналған уақытта досын тастап кеткен адам жақсы адам емес,ондай адаммен дос болма» -дейді. 

Әңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап аламын. 


1.Екі достың алдынан не шыға келді? 
2.Досы неге қаша жөнелді? 
3.Бұл досты қандай дос деп ойлайсыңдар? 
-«Нағыз дос» деп қандай адамды айтуға болады? 

Достықты тек жақсы сөздері ғана емес,жақсы істері арқылы тануға болады.Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі.Бір-біріңе адал,сенімді болсаңдар достықтарың тұрақты болады


Сиқырлы сөздер: Мұғалім: Балалар кез-келген жағдайда адам бойына ашу шақырмай сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер болады екен. Олардың қандай сөздер екенін бірлесіп іздейік

1) Апаң сенің базардан. 


Алма сатып әкелді
Ең үлкенін жақсысын 
Саған таңдап әперді
Не деп барып жеу керек 

Рахмет апа деу керек



Әжең сенің түскі асқа 
Қант, кәмпит салды мол 
Жұрттан бұрын ыдысқа 
Өз бетіңмен салдың қол 
Рұқсат па деу керек еді







Қорытынды




Не үйрендік? Не білдік? (ой түю)

«Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ.
Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.
Сонымен біздер жақсыдан үйрен,жаманнан жирен атты тақырыпты қарастырдық.
Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.
Жақынды,досты аяла,
қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
жақсылық жерде қалмайды.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» — дегендей сіздер әрқайсысың мектеп мақтанышы болыңыздар
Егер бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңізден шықса,үш рет қол соғамыз








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет